Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын сақа

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Алтын сақа
Мақсаты: Әңгіме мазмұнын көркем тілмен әңгімелей білуге, мазмұнын есте сақтауға, оқыған материалдарын ойға жинақтауға үйрету;
Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту, көркем сөйлеуге тәрбиелеу;
Өз елінің, туған жерінің табиғатын құрметтеуге, қадірлеуге, қорғауға тәрбиелеу;
Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер, асықтар, конверттер.

Ойынның мазмұны:
І Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың мақсаты мен оның шартымен таныстыру.
1. «Табалдырық» 1 - бөлім
2. « Әудемжер» 2 - бөлім
3. « Қозыкөш» 3 - бөлім
4. «Беласар» 4 - бөлім 2 ойыншымен жұмыс
5. « Жолайрық» озып шыққан оқушымен жұмыс

Ойынның барысы:
Бүгінгі біздің ойынымыздың әдеби олимпиада түрінде болмақ, ол «Алтын сақа» деп аталады. «Алтын сақа» ойыны 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде сұрақтар беріледі. Ендеше, ойыншыларды ортаға шақырайық. Сендерге алдын ала оқуға, мазмұнын жан жақты меңгертуге, тіпті мүмкіндік болса жатқа білуге Ақсілеу Сейдімбектің « Бетпақдала» аңызы беріледі. Әр кезеңде сұрақтар беріледі. Осы сұрақтарға көркем тілмен барынша толық жауап беру керек. Табалдырықта 4 күйме бар, әр күймеге әр түсті. Әр сұрақтарға бір асықтан беріледі. Асықтар ұпайлардың ролін атқарады. Кім бірінші жетонды көтереді, сол бірінші жауап береді.

І «Табалдырық»
Бірінші сұрақ: Бұл өңірдің құнарлығын қалай сипаттайды?
(Құнарлығы сондай, түн ортасы ауа құнарлығын шымға тіреп, қалғып кеткен жылқышы, таң атқанда қолындағы құрықтың бүр жара бастағанын көрген екен дейді)

Екінші сұрақ: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де, қырғауыл жүні ұзын екен дейтін заманда қандай ел болыпты?
(Жері шүйгін, оты, суы мол, ғажайып бір өңірде төрт түлік малын мыңғыртқан төрт құбылысы сай бір ел болыпты)

Үшінші сұрақ: Сол елді басқарған хан күннің бір күнінде қандай мінез шығарыпты?
(Үстінен құс ұшып өтсе де, желідегі құлын кісінесе де, ауыл үстінен құйын ұйтқып өтсе де, төңірегіндегілердің апшысын қуырып, ашу шақырып, жайсыз мінез көрсетеді екен.)

Төртінші сұрақ: Өзенге салқындамақ боп шыққан хан ордасына келіп, халыққа не деп жар салыпты?
(Жер бетінде бір түп жусан қалмасын! Кімде кімнің өрісі мен қонысынан бір тал жусан көрсем, менен жақсылық күтпесін!)

ІІ « Әудемжер»
Бірінші сұрақ: Тұлпары өлген хан халқына не деп жар салады?
( Ел жұрт барлық тірлікті қойып, құрт - құмырсқа, бүйе, шаян, өрмекші, қара құрт, жылан, кесірткені құртуға кіріссін)
Екінші сұрақ: Байтақ даланың тірі жәндігі қырылған соң қандай оқиға болды?
(Көп кешікпей - ақ сол жәндіктерді қорек ететін құстарда қырыла бастайды. Күнімен шырылдап ұшқанда оймақтай бөтегесін толтырар тірі жәндік таппай, алдымен даланың бозторғай, қарлығаш, бұлбұл, көкек, кептер, тарғақ сияқты ұсақ құстарда қырыла бастайды. Осыдан соң көп кешікпей сол ұсақ құстарды қорек ететін тұйғын, сұңқар, жапалақ, қаршыға, жағалтай, лашын құстар қырылады. )

Үшінші сұрақ: Ел жұрт құрт - құмырсқа, бүйе, шаян қыруға кіріссін деген жарлығын халық қалай орындайды?
(Амалы қалмаған ел өлкенің гүл құрағына, беткейдің бозына, төскейдің орман тоғайына өрт қойып, туған жерді оттың құшағына береді. Төрт түлік малымен дүр дүниесіне дейін отпен аластайды. Жер бетінде жыбыр етер тірі жан қалмайды.)

Төртінші сұрақ: Ханның қиянат тірлігін жөн көрмеген ақылгөй қарт ордаға арнайы келіп не деп басу айтады?
(Ашу дұшпан, ақыл дос, сабаңа түсіп сабыр сақтасаң еді. «Битке өкпелеп, тоныңды отқа жағуға бола ма, табаныңа кірген шөгірді кек тұтып, ойланбай әрекетке кіріссең сол шүгір ертең-ақ маңдайыңа тікен болып қадалады. Боз жусан даладағы тіршіліктің тірегі. Күннің ыстығын қайырып, жердің дымқылын сақтап тұрған осынау киелі өсімдік. Малыңа азық болып, басыңа береке дарытушы да осы жусан. Сарай ашар хош иісі мен жанға шипа шырыны құрт - құмырсқа, кене мен бүйенің қаптап кетуінен сақтайды. Тіл алсаң райыңнан қайт та жеріңнің берекесін, еліңнің ертеңін ойла)

ІІІ «Қозы көш»
Бірінші сұрақ: Жер бетінде бір тал жусан қалмаған кезде қандай оқиға болды?
(Байтақ дала дуылдаған құрт - құмырсқаға, бүйе шаянға, қара құрт пен өрмекшіге толып кетеді. Отар, отар қойларды кене буып, оттан қалады. Келе - келе түйені шаян шағып, өрісе қалады. Бүйе мен қара құрттан қорғанған ел бой жазып, ақ төсекте жата алмайды.)

Екініші сұрақ: «Жұт жеті ағайынды» дегендей дала төсінде нелер өріп жүретін болды?
(Ел тегін тышқанға қарық болған даланың қасқыр мен қарсағы жонданып, ұя толтыра күшіктеп, аз уақытында дала төсінде бөрілер қайтадан өріп жүретін болады.)

Үшінші сұрақ: Алғашқыда құстардың қырылғанына мән бермей жүргенде тағы қандай оқиға болды?
(Енді жер астын сағалап, баяғы қалың өрттен аман қалған тышқан мен жыланның алуан түрі қаптайды. Көкте қыран құстар қырылған соң әсіресе саршұнақ, түйе құлақ, ала қоржын, атжалман сияқты тышқандар құжынап кетеді. Байтақ даланың үстіне шығып, шұрқ - шұрқ інге айналады.)

IV«Беласар»
Бұл кезеңде екі ойыншы ғана қалады.

Бірінші сұрақ: Қандай оқиғадан кейін ел беті басы ауған жағына дүркірей жөнеледі?
(Жер тырмалап еккен азын аулақ егісі тышқандардың ұртында кетеді. Сөйтіп бір кездегі гүлге оранған шүйгін дала быт-шыт болып жарылып, табаны тартылып, індет жайлап, қалың ел беті ауған жаққа дүркірей көшеді. )

Екінші сұрақ: Ақылгөй қарттың ақылына хан құлақ асты ма?
(Ақылгөй қарттың алысты ойлаған жанашыр сөзін кінәмшіл хан тыңдамайды. Әлгі айтқан сөздің бәрін кек тұтады.)

V «Жолайрық»
Бұл кезеңде бір оқушы қалады. Ол жеңімпаз болып табылады. Соңғы қалған оқушы аңыздың соңғы азат жолын аяқтап айтып беру керек.
Сонымен сондай бақытты ел неге айналды?
(Жері тозып, елі босқан хан жұртта қалған жетім күшіктей ұлып, осы далада азып - тозып өліпті дейді. Содан бері ел жұрт бұл даланы «Бетпақдала» деп атап кеткен.)
Марапаттау.
Осымен ойынның жеңімпазы мен қатысқан оқушылар марапатталады.
6 390
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын сақа
Алтын сақа
Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту және естерінде сақтау. Халық ауыз әдебиетін қайталап, еске түсіру. Ертегіні оқыта отырып мазмұнын мәнін түсіне білуге уйрету, балалардың ақыл - ойын, сөз байлығын жетілдіру.
«Алтын сақа» ертегісі
«Алтын сақа» ертегісі
Сабақтың мақсаты. 1. Білімділік. Оқушылардың ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. 2. Дамытушылық. Ертегіні оқыта отырып мазмұнын, мәнін түсіне білуге үйрету, сөз байлығын жетілдіру.
Алтын сақа («Алпамыс батыр» жыры бойынша ойын сабақ)
Алтын сақа («Алпамыс батыр» жыры бойынша ойын сабақ)
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
"Алтын сақа" әдеби ойыны
"Алтын сақа" әдеби ойыны
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мырзағалиева Гүлдана Жақсылыққызы
Алтын сақа
Алтын сақа
Оқушыларды ауыз әдебиетін оқуға ынталандыру, білім деңгейін арттыру.Ертегі желісіне сүйене отырып Кендебай бейнесін ашу. Ой –өрісін кеңейту, сөйлеу тілін байыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аударту. Өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу.
«Алтын сақа» ұлттық ойыны
«Алтын сақа» ұлттық ойыны
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Коспанова Света Айткуловна «Ақпарат және информатика» тақырыбы бойынша қайталау. 8 - сынып. Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» ұлттық ойыны Сабақтың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×