Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең бірінші бақытым – тілім менің

17 наурыз 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған іс – шара
Ең бірінші бақытым – тілім менің
(Танымдық сағат)

Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Бүгінгі «Ең бірінші бақытым – тілім менің» тақырыбында өткізілетін танымдық сағатымызға қош келдіңіздер!
Танымдық сағатымыздың мақсаты: Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Ана тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Ел – жұртымыздың, туған жеріміздің ерекшелігін, қасиетін ана тіліміз арқылы қабылдап, соған деген махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен. Олай болса, сендердің осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін!
Кезекті оқушыларға берейін:
Ән «Анамның тілі – аяулы үні». Сөзі Шона Смаханұлынікі, әні Әмірбек Тінәлиевтікі.
Орындайтын -----------------------------------------
Рахмет!
Жүргізуші:
Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатына жетті. Тарих пен тіл тамырлас. Ана тіліміз бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Бүгінгі танымдық сағатымыздың бірінші бөлімі «Ардақтап ата тарихын, ана тілін» деп аталады.
(оқушылар тілдің тарихы жөнінде айтады).
Тақтадан тіл туралы суреттер көрсетіледі.
Жүргізуші: Рахмет, балалар!

Жүргізуші:
Ана тіліне, қазақтың ел болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан хан, билердің есімі тарихтан белгілі. Ақ пен қараның, шындық пен жалғанның, достық пен қастықтың ара – жігін ұстаған зерделі ақыл иелері, асыл сөздің шебері: Бұқар жырау, Аяз би, Жиренше шешендеріміз, Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміз «Тура биде тума жоқ» деп әділдігін айтқан, туған тілге деген тілектері бір емес пе еді?! Осы даналық сөздер, аңыз - әңгімелер, мақал – мәтелдер, ұрпақтан – ұрпаққа жетті. Бүгінгі жас ұрпақ, сендердің міндеттерің осы қасиетті сөздердің мән – мағынасын ұғыну, түсіну.

Олай болса, келесі ІІ бөлімімізде «Бабалардан қалған асыл сөз» деп аталады.
Бұл бөлімімізде оқушылар тіл туралы мақал – мәтелдер айтады.
Мақал – мәтел
Өнер алды – қызыл тіл
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады
Ең ащы да, тәтті де – тіл
Тіл қаруы – сөз.
Жеті жұрттың тілін біл
Келесі мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жағалай – жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіл)

Онан әрі қарай тіл туралы өлеңдердің авторын табу.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін. (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте! (Қадыр Мырзаәлиев)

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін. (Әбділда Тәжібаев)

Рахмет, балалар! (мақал айтып, өлеңнің авторын тапқан оқушыларға ынталандыру сыйлығымен ручка, дәптер беріледі).

Жүргізуші: Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де осы тіліміз. Ана тіліміздің ой тереңдігін, құдіреттілігін, оның қазына екенін дәлелдейтін көріністерді тамашалайық.

ІІІ бөліміміз «Тіл – қымбат қазына» деп аталады.
Көрініс: «Төле бидің жұмбағы»
Сахнаға үш би шығады. (тақта арқылы билердің суреті көрсетіледі).
8 – сынып оқушылары: Қуанышбек, Мақсат, Нұрсұлтан.
Төле би (Қуанышбек): Уа, халқым, сөз қадірін білетін, сөз таныған жастарға 10 түрлі жұмбағым бар.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Басықара аулы, № 182 мектеп кітапханашысы
Қоңырбаева Закира Абенқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 917
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш бақытым
Үш бақытым
Оқушыларға өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ана тілімізді құрметтеу керек екендігін түсіндіру. Баланың сөз байлығын дамыта отырып, тіліміздің сөз мағыналарының түрлілігіне көңіл аударту.
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім атты жас ақындар байқауы
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім атты жас ақындар байқауы
Ана тілім, дана тілім - Тәңірім Сақтай білген сан ғасырлар жарығын Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген.
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Білімді бала қыр асар, Құтты болсын, тілашар!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Өнер алды – қызыл тіл
Өнер алды – қызыл тіл
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Сара Қадимқызы
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×