Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түлігім байлығым

18 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: Төрт түлігім – байлығым.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға төрт түлік малдың пайдасы, адам өмірінде маңызы, олардан алынатын өнімдер жөнінде бекіту.
Тәрбие сағатының тәрбиелік мәні: Олардың қазақ ұлттық салт дәстүрін сақтауға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын молайту тілін ширату шығармашылық ойлау белсенділігін дамыту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Төрт түлік мал бейнеленген суреттер, слайд, сүт тағамдары, ет тағамдары, көрме құралдары, жабдықтар.
Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе бөлім
Тіршілікке нәр берген,
Өміріне сән берген.
Түйе, сиыр, жылқы, қой,
Қасиетті төрт түлік
Қастерлеп оны қазағым,
«Мал жаның аман болсын!» деп,
Айтқан сөзі ат мініп.

Атамыз қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Мінсе - көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп - қонға халқымыздың тұрмыс тіршілігін де осы төрт түлікпен байланысты. Біраз күн бір – бірін көрмей жүріп, кездесе қалса екі кісінің амандық сұрасқанда «Мал – жан аман ба?» деуі халқымыздың малды аса қадірлеуінен болса керек. Мал бағу, оны күтіп, өсіру жөніндегі өмір тәжірбесінің негізінде халқымыз мал терісінен, жүнінен, қылы мен тұяғынан, тіпті сүйегі мен мүйізінен де бұйымдар, киімдер және жиһазы бұйымдарын (туырлық, үзік, түндік, сырмақ, кілем, текемет, алаша т. б) жасады.

Бұлар кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жетті. Солардың бірі – киіз үй.
«Мал - баққанға бітеді» дейді халқымыз. Ата кәсібі – балаға мұра. Олай болса, дастарханда ақ мол болу үшін малды күту, бағу - біздің міндетіміз. Кең даланы малға толтырған біз боламыз.
Ендеше балалар, ата - аналар бүгінгі біздің өткізгелі отырған «Төрт түлігім – байлығым» атты тәрбие сағатымызды тіршілігіміздің бастауы әрбір шаңырақтың берекесі болып саналатын төрт түлігімізге арналады.
Төрт түлік туралы не білеміз?
Пайдасы
Өнімі, бұйымы, қасиеті
Слайд арқылы қорытындылау.

Тақпақтар:
Ақарыс:
Түйе байлық, салтанат - түйе атасы – ойсылқара
Жылқы - сәндік, мақтан – жылқы атасы – Қамбар ата
Сиыр – қанағат, ақтық сиыр атасы - Зеңгі баба
Қой – қазына, мырзалық қой атасы – Шопан ата.
Ешкі - жеңілдік, жоқтың күні ешкі атасы - Сексек ата.

Ұлан: Қой
Қорасында маңыраған,
Қозысымен жамыраған.
Қозысынан айырылса,
Қоймай ұзақ аңыраған.
Аппақ қою сүті бар,
Ақ шағала құрты бар,
Ақтылы ұой жануар.

Данабек: Торы құлын
Жағы қалақтай,
Мойны садақтай.
Төбелі жұлдыздай,
Жалы жібектей.
Саны білектей
Көзі моншақтай,
Өзі жұп – жұмыр,
Құйрығы шашақтай,
Ерні жып – жымыр.
Даусы шіп – шіңгір,
Басы құп – құлдыр.
Жұтынып тұрушы еді,
Бұлтиып тұрушы еді.
Далаға шығып ап,
Құйрығын тігіп ап,
Асырды салар еді,
Айнала шабар еді.

Әли: Сиыр
Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірген.
Керілген желін, сала емшек,
Сауғанда жаның сүйінген.
Ірімшік пен құрт, майы,
Жегенде тілді үйірген

Жансая:
Түйені сордан,
Жылқыны желден,
Сиырды судан,
Ешкіні тастан,
Қойды бейіштен жаратыпты
Сосын жесін, мінсін деп
Билігін адамзатқа қаратыпты.

Хор: Ортеке
Айнұр:
Балалар төрт түлік қалай дыбыстайды білеміз бе?
(Лақ, қозы, бота, бұзау, құлын)
Мөңіресе – бұзау
Маңыраса - қозы, лақ,
Боздаса - бота,
Кісінесе - құлын екен деп ұқ, ұлым.

Аамат:
Ауһоу - ауһой десе, тана келеді,
Бір топ бұзауды ертіп келеді.

Гүлжанат:
Пүшет - пүшет десе, қозы келеді,
Енесін тастап өзі келеді.

Даулет:
Шөре - шөре десе, лақ келеді,
Маңыраған бойы «жылап» келеді.

Аралбай:
Көс - көс десе, бота келеді,
Енесі байғұс соңынан қоса желеді.

Әли:
Жылқыны күзейді,
Жал - құйрығын түзейді.

Әсет:
Қойды қырқады,
Айырып жүнінен жұрқаны.

Жанна:
Ешкіні тарайды,
Түбіті керекке жарайды.

Рамазан:
Түйенің жүнін жұлады,
Байғұс соған шыдап тұрады.

Хор: Төлдер әні
Көрініс: «Өркеш»

Балалар біз осы төрт түлік туралы қандай мақал – мәтелдер біледі екенбіз ортаға салайық.
Әсем
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл – көсір.
Қойдың сүті қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын

Данабек:
Тұяқ тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер,
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.

Тұлпар ер қанаты.
Жансая:
Сиырлының үйі айран,
Сырсыздың үйі сырдаң.
Сиырдың сүті тілінде.

Аралбай:
Бақырауық демесең.
Бағалы көлік түйе ғой.

Нұрдаулет:
Ешкілі қой өреген.
Рамазан:
Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар
Әсет:
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

Жандос: «Малдың өз төлін сүюі»
Сиырдың әні
Жылқының әні
Түйенің әні
Қойдың әні
Ән: Қошақаным (орындайтындар Нұрали, Гүлжанат, Мақсұтқали)

Қандай ырым – тыйым сөздер біледі екенбіз.
Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды.

Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.

Малдың уызын алдымен үйдің иесі ішуі керек. Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді деп ырымдайды.

Мал төлдеп жатқанда ешкімге бермейді, сатпайды және айырбастамайды.

Мал үшем не төртем (үш не төрт төл) туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
Сонымен қатар:
Қой қоздағанда қойдың шуын жерден айыруға болмайды, оны сүйретіп апару керек, әйтпесе қозы қашаған болады.

Қой қырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда «Мұны мен емес, жер беріп отыр» деп жүнге орап береді, бос беруге болмайды. Қайшыны жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерден алуы керек. Әйтпесе қайшы малдың терісін кесіп кетеді.

Малшы мал бағып жүрген таяғын басқа адамға беруге болмайды. Шопанның таяғы киелі болып есептеледі. Т. с. с
Би: Қара жорға

Осындай жомарт қазақ топырағы,
Ол қашанда дастархансыз отырады.
Қонаққа барын беріп, бәрін беріп,
Қонақтан қалғанын жеп отырады.
- дей келе, келесі сөзді ата - аналарға бергелі тұрмын. Олар өздері ұйымдастырған ұлттық тағамдар түрлерімен, жасаған бұйымдар көрмесімен таныстырады.
1. Ет тағамдары
2. Сүт тағамдары
3. Жүннен, теріден жасалған бұйымдар
4. Киіз, текемет, терме алаша
Әжелердің орындауында «ауылым» әні
Ал балалар, сендер көп нәрсені көріп, білдіңдер.
«Кештік өмірің болса, түстік мал жи», «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген ата - бабаларымыз, мал атауының сырын жетік біліп, кең сахараны төрт түлікке толтырған. Арамызда төрт түліктің қыр сырын біліп, төлдетіп жүрген, баласын қалай сүйсе, төрт түлікті де солай аялай білетін әжелерімізге сөз кезегін береміз.
16 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Төрт - түлік
Төрт - түлік
М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп Орындаған: 1 сынып оқушысы Қасымова Несібелі Ануарбекқызы. Ғылыми жетекшісі: Алмурзаева Баян Куралбаевна
Төрт түлік мал – ел байлығы
Төрт түлік мал – ел байлығы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жумаханова Алтын Тенгизбаевна
Халқымыздың төрт түлігі
Халқымыздың төрт түлігі
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Төрт түлігім - ырысым
Төрт түлігім - ырысым
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шалхар Рухия
Төрт түлігім – ырысым
Төрт түлігім – ырысым
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ақнұр Наренбаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×