Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп

03 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.
Дамытушылық: Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.

Сабақ барысы
Жоспар:
1. Ислам туралы не білеміз?
2. “Шындық пен сұмдық” бейнефильмінен үзінді көрсету. Фильмге байланысты пікір талас
3. “Абайлаңыз секта!.... Дінімізге берік болайық!”
4. “Өз - өзіне қол салу - ауыр күнә”
5. “Не істер едің?" оқушылар арасындағы топтық жұмыс. Жағдаяттардың шешімін табу.

Мұғалім: 1) Жарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
Қасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны мәлім. Қазіргі таңда әлемде Аллах Тағаланың рахымымен исламның қарқынды дамуы және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Әрине, бұл бізді қуантады.
Ендеше ислам туралы білетін мәліметтерімізді ортаға салайық.
(Оқушылардың мәліметтері тыңдалады)

Мұғалім: 2) Алайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім – соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.
Осы орайда аталған мәселенің жай - жапсарын тереңірек тану үшін мына бір бейнематериалға назар аударайық.
(«Шындық пен сұмдық» бейнематериалы арқылы оқушылар пікірін тыңдау)
Сұрақ:
1) Біздің дініміз Ислам болғандықтан Құран Кәрім көрсеткен жолмен ғана жүруіміз керек;
2) Дін Ислам шарттарымен қатар ата - баба жолын да ұстануымыз керек
Мұғалім: 3) «Абайлаңыз секта!... Дінімізге берік болайық!»(Діни экстремизм)
Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі. Сонымен экстремизм дегеніміз не? Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады. Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетіп бағады. Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, өзегіме өрт түскендей өкінішті сезесің. Қаншама қандас бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызметтері арнайы сот шешімдерімен Заңсыз деп таңылған діни ұйымдардың тізімі жасалған.
(кесте тақтаның көмегімен көрсетіледі.)

Көріп отырғандай осы діни ұйымдардың қай - қайсысын алсаңыз да, негізі мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік төңкеріс жасау, террористтер дайындау, халифат құру. Керек десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға себепкер болған.
Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда, әліде болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.
(Оқушылардың діни ағымдардың істеріне байланысты пікірлері тыңдалады.)
Мұғалім: 4) соңғы жылдары елімізде жас жеткіншектердің өздеріне қол жұмсап, туыстарын да, бүкіл қоғамды да дүр сілкіндіруі белең ала бастағандай. Бұқаралық ақпарат құралдары әр аптада осы жайлы кемінде бірнеше хабар беріп қояды. Мұндай жайсыздық республиканың барлық облыстарында көрініс беруде. Мәселен,
- Алматы облысы 19 суицид;
- Жамбыл облысы 16 суицид;
- Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары 15 суицид;
- Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары 14 суицид;
- Қызылорда облысы 11 суицид.

Сондықтан осындай дерттен ел болып, жұрт болып жұмыла күресудің өзектілігі артып отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өзіне қол салып қаза болады екен. Бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстан ең жоғары деңгейде екен.
Соңғы бірнеше жылда осындай қаза бойынша көш басында Оңтүстік Қазақстан облысы (72 оқиға), Ақтау (64 - 67 оқиға) және Солтүстік Қазақстан облысы (100 мың тұрғынға шаққанда 57 адам өз - өзіне қол жұмсаған). Бір атап өтерлігі – елде адам өлтіргендерге қарағанда, өз - өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен.
Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз - өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.

Өзіне - өзі қол жұмсау арқылы қайтыс болғандардың 45, 4 пайызы облыс орталығында тұратын балалар
Облыстың аудандары 54, 6%
Қызылорда қаласы 45, 6%

(оқушы пікірі тыңдалады)
Мұғалім: 5) «Не істер едің?» оқушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.
1) ҰБТ - ДАН ЖОҒАРЫ ҰПАЙ ЖИНАП, ҚАЛАДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫҢ. САБАҚТАН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА АЛДЫҢНАН ӨЗІҢ ҚАТАРЛЫ ЖІГІТТЕР НЕМЕСЕ ҚЫЗДАР ШЫҒЫП СЕНІҢ ДІНГЕ ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫҢДЫБІЛМЕК БОЛЫП СҰРАҚТАР ЖАУДЫРДЫ.
ОСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ СЕНІҢ ІС ӘРЕКЕТІҢ ҚАНДАЙ? ОЛАРМЕН ПІКІР БӨЛІСЕСІҢ БЕ НЕМЕСЕ ҮНДЕМЕЙ КЕТЕ БЕРЕСІҢ БЕ? ШЕШІМІҢДІ ДӘЛЕЛДЕ?
2) СЫНЫПҚА ЖАҢАДАН ОҚУШЫ КЕЛДІ. ОНЫМЕН ЖАҚЫН ӘҢГІМЕЛЕСЕ БАСТАҒАННАН САҒАН БЕЙТАНЫС ДІНИ АҒЫМДАР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒАЛАР АЙТЫП, СОЛ ОРТАМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУҒА ҮГІТТЕДІ. ТІПТІ СЕНІ МОЛ ҚАРЖЫ ТАБУДЫҢ КӨЗІ РЕТІНДЕ СОНДА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРДЫ.
ОСЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ СЕНІҢ ІС ӘРЕКЕТІҢ ҚАНДАЙ? ҰСЫНЫСҚА КӨЗҚАРАСЫҢ ТУРАЛЫ ОЙЫҢДЫ БӨЛІС.
Келген қонақтардың пікірлерін тыңдау.

Қорытынды.
Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.
Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.
Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.
Оян, қазақ!
Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтағын, құнтта!
Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа!

Тыңдағандарыңызға рахмет!
59 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Білім алушыларды идеологиялық тақырыптарға арналған ақпарат көздерімен таныстыру. Жастарға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру.
Діннің пайда болуы. Қазақ халқының діни наным сенімдері
Діннің пайда болуы. Қазақ халқының діни наным сенімдері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 18 орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Аманджолова Эльза Балтабековна
Діни экстремизмның алдын алу
Діни экстремизмның алдын алу
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал - ақын ауданы, Мәркен Ахметбеков атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Шаинова Айсұлу Әлімқызы
Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Аймурзина Гүлназ Асқарқызы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің қауіп қатері
Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмнің қауіп қатері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Тұрар Рысқұлов гимназия мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Шукурбекова Сауле Боранбековна "Үздік презентация" номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×