Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасыл шырша шақырды

06 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жасыл шырша шақырды
Жүргізуші: Армысыздар, жиналған халқым менің,
Жаңғырып көкке өрлесін даңқың сенің
Бүгінгі жаңа жылда көкке өрлетпек,
өрендер ұлы өнердің алтын кенін.
Кел, жаңа жыл!
Төрлет ғасыр шыңына
Қуант елді, төкші нұрлы шұғыла,
Қолтаңбаңды қалдыр мәңгі кестелеп,
Мен қосайын сені бүгін жырыма.
Келдік, міне, қуанышқа жиылып,
Жаңа күнге тұрғандаймыз сыйынып
Жаңа жылдың шыршасы тұр сіздерге
Бұтақтары тағзым етіп иіліп
Армысыздар, Жаңа жылдық мерекелік кешімізге жиналған ардақты ұстаздар және оқушылар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Санаулы уақыттан соң сіздермен бірге Жаңа 2013 жылдың табалдырығын аттағалы тұрмыз. Бұл ой елегімен өткенге көз жүгіртіп, алдағы айшықты күндерді арман етер сәт. Олай болса баршаңызды үлкен үміт артқан, асыға, аңсай күткен Жаңа жылдарыңызбен тағы да құттықтаймын!
Той тойлауда қазағымның халқы шын,
Бүгін шаттық ақ кептері қалқысын,
Жаңа жылым келер енді келбетті,
Алар әлі ел – жұртымның алғысын.
Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына арналған Жаңа жылдық мерекемізді ертеңгілігімізді ашу үшін сөз кезегі мектебіміздің білікті басшысы Ермек Сәтовке береміз.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндер,
Шарпымасын жүректерді мұң лебі,
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.

Ортаға 8 - сынып оқушысы Садуақас Ерқұланның орындауындағы «Ақша қар» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі құттықтау сөз кезегін «Ел ағасыз, Тон жағасыз болмайды» дегендей ауылымыздың әкімі Жанарыс Ерниязовқа ұсынамыз.
2012 жыл ұлу жылы біздің елімізге, халқымызға қуаныштар мен ірі - ірі тарихи оқиғаларды сыйға тартты. Оның барін біз, әрине, көзімізбен көріп, құлағымызбен естідік. Қуандық, шаттандық. «Рахмет саған 2012 жыл»

Бүгінгі мерекеде көмейден ән ұштырмақпыз,
Өткелі тұрған жыл мен жаңа жылды табыстырмақпыз
Тұрыңыздар жақсы сөзін көңілге түйіп, міне,
Сонымен алдарыңызда ұлу жылы мен барыс жылына сахнадан орын берелік

(ескі жыл өздерін таныстырып, барша қауымды құттықтап, сөз сөйлейді.)
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

Ортамызға негізгі қонақтарымызды шақырайық! Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

Ардақ тұтар құрметтеп ел сені
Ортаға шық Аяз Ата, Қарша қызым кел бері,
Баршаңызды қызықтырған, қуантып,
Қандай жақсы Аяз Ата, Қаршы қыздың келгені.

Бойынан шалқып тасқан, тарап ағын,
Бәріңде ұлысың, дара бәрің,
Жаңа жыл сіздерге тек құт әкелсін
Құрметті тыңдап отырған қонақтарым.

Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз таласа,
Жаңа жылда жайнаймыз
Бұлбұл құстай сайраймыз

Енді оқушыларымыздың Аяз атаға арнаған тақпақтарын тыңдайық

Ұлу жылы, жылан жылы көңілдерінде
Көп жылылық түйгендері бар,
Енді сіздер тамашалайтын билері бар.
Би «Айгөлек» Бекзат пен Динара

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл! – дей келе Ізбасарова Арайлымның орындауындағы «Домбырасыз ән қайда?» әнін қабыл алыңыздар.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жаңа жылдық құттықтау лебізін және қорытындылау сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Ізтілеуов Темірханға беріледі.
Әуеннің толқынымен араласып,
Асқақтап әсерлі үн асып - тасып,
Әсем ән әркімді де аң - таң етер.
Дүрсілін жүректердің кетер басып.

Ән: «Кел жаңа жыл» Арапа Есен
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып,
Әнімізді отырмыз саған шашып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық

Ән: «Қош келдің Жаңа жыл» Жолмұрат Жансая

Біз тілейміз Жаңа жылдығын шаттығын,
Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін,
Аралаймыз ақ армандай ойларды.
Аялаймыз ару қыстың ақ түнін,

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері
Шарпымасын жүректерді мұң лебі,
Жарқылдасын жаңа жылдың оттарын,
Таусылмасын Жаңа жылдың дүрмегі.

Жаңа жыл ауылдардың жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарылмасын.
Аяз Ата келген күні қуанғандай
Балалардан қуаныш арылмасын!
Жаңа жыл отбасыларыңызға жылдың жақсылығын әкелсін! Баршаңызға бақ – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа – бақыт пен шаттық тілейміз. Келесіде көріскенше күн нұрлы болсын!
11 036
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Кел, төрлет, құтты менің Жаңа жылым!
Кел, төрлет, құтты менің Жаңа жылым!
Жаңа жылда жасарған Жаңа шырша жас арман Жалт - жалт етіп көрінер Аппақ әлем құлпырған
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×