Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Теңдесі жоқ жеңіс!

23 тамыз 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Теңдесі жоқ жеңіс!»
Сыныбы: 7 сынып
Мақсаты: 1941 - 45 жылғы ҰОС - да неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен еңбегін паш ету. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, портреттер.

Жүрісі:
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді соғыс ардагерлері, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі 7 сынып ұйымдастырған «Теңдесі жоқ жеңіс!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Жасасын жеңіс, еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың.

Жасасын жеңіс! Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер.
Болмасын соғыс, болмасын соғыс, болмасын.
Осылайша барша халық тілер ел!

Фашистік Германияның мақсаты - бүкіл кеңес халқын құлға айналдырып, жер бетін басып алу еді. Сұрапыл соғыста талай қазақ аттанып, үйлеріне оралмады. Ұлы Жеңістің 60жылдығында 6000 боздақтың 2000 кеңес одағының батыры, 16 еңбек ері атанып, алтын әріппен жазылды. ҰОС - на қатысып, қан майданда тер төккен ардагерлер күннен - күнге азайып барады.

Ән «Катюша» Ор: қыздар тобы

Жүргізуші:
Кешегі күндей күркіреп өткен Фашистік Германияға қарсы қазақ жауынгерлері небір еңбек көрсетті. Солардың бірі де бірегейі - Бауыржан Момышұлы еді.
Туған жерім Мыңбұлақ арналы Ақсай,
Ішсем суы татиды шекер, балдай.
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа,
Сенен артық жер шіркін, өтер қандай.
- деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
Бауыржанның әкесі Момыш ақын адам болған. Бауыржан тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Ал, анасы Рәзия шешесінен үш жасында жетім қалған. Бауыржан Момышұлы өлеңдерінен үзінді:

1 - оқушы
Панфиловтан бата алып
Артыма ерді мың солдат.
Тағдырын маған тапсырып
Ел ұлдары мың солдат.
Белуардан қан кешіп
Жүзден аса соғыста
Бал орнына у ішіп,
Қан майданда қан кешіп
Намыс туын көтердік.
Қимылдады мың батыр
Мыңға татып бір батыр
Атамекен жері үшін
Қасиетті елі үшін
Болмай қалар кім батыр.

2 - оқушы:
Соғыста бір - ақ заң бар мен білетін
Я өліп я болмаса өлтіретін
Жүректе жанып тұрған жұлдызыңды
Жандыратын болмаса сөндіретін.

Соғыста бір - ақ заң бар мен білетін
Кеудеңмен қорғап қалу жердің бетін.
Жас қаның туған жерде босқа ақпасын,
Онсыз сен көре алмайсың жердің бетін.

Жүргізуші:
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы/шын есімі – Ілия/ - 1924 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ата - анасы қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Ленинградтағы №9 орта мектепте оқыды. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің әйелдер мектебін бітіреді. Соғыста мергендігімен көзге түседі. Новосокольники темір жол станциясы маңында болған ұрыста Әлия шешуші шайқаста қаһармандықпен қаза табады.

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы - кеңес одағының батыры. 1922 жылы Гурьев облысы, Орда ауданында туған. Азан шақырып қойған аты - Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алады. 1941 жылы ҰОС бастанғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару туралы шешім қабылдайды. 1943 жылы Невель қаласында шайқаста басына оқ тиіп қатты жараланды. Соңғы күштерін жинап жауға оқ жаудырып ерлікпен қаза табады..

Көрініс:
Радио:«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусым. Фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
Командир: Тік тұр, Германия басқыншылар елімізге соғыс жариялады. Отанымызды қорғау үшін қан майданға аттанғалы тұрмыз. Елімізді жаудан қорғау біздің парызымыз. Сондықтан, жауынгерлер, алға! Алға бас!

Жүргізуші:
Уа, халқым, күн туды сенің басыңа!
Жау кірді сенің жеріңе
Сұм фашистен қорғауға
Аттан, халқым, майданға!
3- оқушы:
Солдаттың көкірегі толы арманы
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады
Отан мен анасы үшін алға деді
Амал не, көпшілігі оралмады.
Алар жау сыбағасын оңбай бізден
Шығамыз соңғы күшпен, соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді, өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
Ән «Бейбіт күн тілегі» Ор: хор
4 - оқушы:
Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым
Ол ақшаға сатқан жоқ тізеден кесіп аяғын
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ
Қолтықтағы ұзын таяғын
Кешегі елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Ел соққысын өз үстіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де,
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны, түсіндің бе қарағым!
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық жолда аяғын!
Жүргізуші: Би «Көк орамал» Орындайтын 7 сынып оқушылары.

5- оқушы:
Мен соғысты жек көрем!
Көкем айтып отырса
Кім қасірет шекпеген.
Кім көз жасын төкпеген.
Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген.
Мен соғысты жек көрем
Күні ертең – ақ ер жетем
Туған жерді әлпештеп
Кірпік ілмей тербетем

Көрініс: /оқ дауысы/
Қызы:- Ана, қарным ашты. Соғыс қашан бітеді? Менің әкем қашан келеді?
Анасы: Құлыным - ау, бітеді ғой, шыдай тұр. Әкең жеңіспен оралады. Дүниедегі бар тәттіні саған әкеледі. Балмұздақ па, кәмпит пе, тәтті нан бәрін саған әкеледі.
Қыз: Қашан, ана? /жыламсырап/
Анасы: Жақында. Ұйықтай ғой, қызым.

6- оқушы:
Көзінде оттың жасы бар
Сан жарлыр оны жаңа ұрпақ
Келешек ұлы ғасырлар
Баукеңе қарап таңырқап.

Жеңілден безіп әманда
Үлесін алған ауырдан
Күрделі біздің заманға
Ұқсайды қайсар Бауыржан!
Махамбеттің күйі «Жұмыр қылыш» Ор: Мирамғали Диас

Көрініс: /Жұмыс жасап жатырға әйелдер/
1 -әйел: Мынаны қарашы, ұлымнан қара қағаз келді. Көзімнің қарашығындай жалғыз ұлымнан айрылдым. Енді қалай өмір сүремін? //Жылайды//
2 -әйел Сен ол қағазға сенбе. Бәлкім ұрыста адасып кеткен шығар. Көр де тұр. Ұлың аман - есен келеді әлі. Жылама.
1 -әйел: Соғыс, сұрапыл соғыс. Қанша уйдің әкесін алды қаншама үйдің ұл - қаздарын жалмады. Қаншама аналар зар илеп балаларынан айрылып, жесір қалды. Бұл соғыс қашан бітеді.// Музыка//

Қан майданның жүректе жарасы бар
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар
Арамызда жүретін алшаң басып
Ардагерлер азайып барасыңдар.

Қастерлейді халқымыз қаһарманын
Жүр есінде сан жарық, сапарларың
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер
Қалды – ау сиреп бүгінде қатарларың.
Би «Смуглянка»

Көрініс: «Жеңіс» Музыка
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап актіге қол қойды. 9 мамыр жеңіс күні!
//Жауынгерлер бастарын орап, таяқ ұстап келе жатады//
Сүйінші, халқым, сүйінші! Неміс фашистері тізе бүгіп, жеңіліпті. Шынымен қарғыс атқан соғыстың біткені ме? //Бір - бірімен құшақтасып жатады//
Жүргізуші:
Күткен жеңіс жарық етті сәуле шашып
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып
Жауды жойып батырлар елге оралды
Ата - анамен қауышты құшақ жайып

Ән «Ақ көгершін» // Көгершін ұшырылады//
9 148
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жеңіс күні - ұлы күн!
Жеңіс күні - ұлы күн!
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың, жерлестеріміздің ерлік істерімен таныстыру, үлгі ету, батыр тұлғалар ерлігіне терең үңіле отырып оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу.
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын!
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!
Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ!
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Жеңіс туы желбіре
Жеңіс туы желбіре
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің экономика пәні оқытушысы Бәйімбетова Алтынай Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×