Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіт сұлтаны

23 тамыз 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жігіт сұлтаны
Сыныбы 5 сынып
Сынып сағаты (Сайыс)
Мақсаты: Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді өнерді, білімді сыртқа шығару. Оқушыны сахнада өзін мәдениетті ұстауға үйрету. Өзара мәдениетті сөйлесуге баулу. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер, мақал - мәтелдер. интерактивті тақта.

Бағдарлама:
І Таныстыру
ІІ Сұрақ - жауап
ІІІ Күш сынасу
ІV Мақал - мәтел
V Өнер сайысы
V Қолөнер сайысы

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар! 5 сынып ұйымдастырған «Жігіт сұлтаны» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымызға қатысып күш сынағалы тұрған оқушыларымызды ортаға қошеметпен шақырамыз.... Ал енді сайыскерлерімізге баға беріп отыратын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін...
Олай болса сайысымыздың бірінші бөлімі «таныстыру». «Сәлем сөздің айнасы» дегендей сайыскерлеріміз өздері туралы мағлұмат беріп таныстыруы керек. Өлең, әуенмен немесе аспаппен таныстыру сайыскерлердің қалауы бойынша болады.
Жігіттер, білім менен білек күшін,
Салыстырып көрелік бәріңіздің.
«Жігіттер сұлтаны деп аталатын
Ең ақылды ұстасын жеңіс туын!»

Сонымен бірінші сайыскерлерімізге кезек береміз.

Нұрбол:
Қош келдіңдер бәріңде бұл сайысқа
Көрсетейік өнерді бұл жарыста
Жігіттің сұлтаны деп бақ сынасып
Келіп тұр құрдасым, достарым да

Нұрбол атты есімім, танып алғын
Жарқырап ұшқын шашқан от жанарым
Қолдан бермес намысты елдің ұлы
Адайдың бір баласы мен боламын.

Сатыбаев Бисен - әкем, ақылшым,
Анам аты - Мұқашева ғой Талшын.
Екеуі де мейірімді асыл жан
Тәрбиелеп мені өсірген ата - анам.

Исабек:
Қыран құстай қанатымды жаяйын
Білім, өнер көліне мен қонайын
Мен сияқты қара қазақ баласын
Қарсы алыңдар, уа, жамағат, ағайын!

Атым менің Амангелді Исабек
Руым менің Жайықберіш болады.
5 сыныбында білім ап
Ел намысын қорғауға мен жарадым.

Қабдолұлы Жәнібек қой әкешім,
Ағилаш деп анам атын білерсің
Аман - есен жүре берші алдымда
Тілеуіңді қабыл алшы балаңның

Диас:
Ассалаумағалейкум, жарқын далам!
Алдарыңда Диас атты батыр балаң
Мирамғали тегімін, руым адай
Тілеуімді бере гөр ата – бабам

5 в сыныбынан шығып тұрмын
Абыройын қорғауға тырысып біз
Қуандықтай күйшіміз бар ортамызда
Келіп тұр Ахметхандай суретшіміз.

Би билесе Асем де мың бұралып
Он саусағы майысады, сан құбылады
Шетінен өнерліміз әнге құмар
Келеміз жеңіс туын биік ұстап.

Құйылып өнер атты сағасына,
Жыр менен білім толды бір басыма.
Жеті қырлы, бір сырлы өнерлімін,
Өнерлі шеттерінен құрдасым да.

Сайыскер:
Ал халқым, көз сайлаңдар маған да бір,
Өнерім ішке сыймай бара жатыр.
Танып ал Атабектей ұлыңызды
Ағытып қалайықшы жырымызды.

Қош келдіңдер баршамыз тойымызға
Білім мен өнер тамған бойымызға
5 в сыныбынан шығып тұрмын
«Ақ желкен» деп аталады тобымызда.

Адайдың бір баласы Атабекпін
Қастерлеген қазақтың дәстүр салтын
әкем аты Дәуіт қой, анам - Гулжан,
5 в сыныбында оқып жатырым.

Болса да жасымыз бір, бойымыз да
Жеңіске жету біздің ойымызда
Жібермейді намысты біздің сынып
Ән шырқайық, би билеп тойымызда.

Жүргізуші: Сайысымыздың екінші бөлімі Сұрақ - жауап
1 - сұрақ Тұсаукесер деген не?
Мақалды жалғастыр: Ата көрген тон пішер...

2 - сұрақ Шілдехана деген не?
Жаман дос көлеңке,
Басыңды бұлт шалса...

3 - сұрақ Жар - жар қай кезде айтылады?
Досы көпті жау алмайды...

4 - сұрақ Сыңсу деген не?
... Білімсіз күнің жоқ.

5 - сұрақ Қоштасу деген не?
Анасын сыйламаған...

3. Сайысымыздың үшінші бөлімі «күш сынасу». Мұнда сайыскерлеріміз білек күштерін сынайды.
4. Сайысымыздың төртінші бөлімі мақал - мәтел сайысы
5. Өнер сайысы. Жігітке жеті өнер де аз дейді. Қазір сайыскерлеріміз бойындағы бар өнерін ортаға паш етеді. Алдарыңызда Нұрбол «Анашым» әнін шырқайды. Қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Осымен «жігіт сұлтаны» сайысы өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасы, сөз кезегі өздеріңізде.
136 382
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігітке жеті өнерде аз. Балғын сұлтан – 2019 байқауы
Жігітке жеті өнерде аз. Балғын сұлтан – 2019 байқауы
Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді сахна мәдениетімен таныстыра отырып, өз өзін ұстауға, салмақтылық пен әдептілік ережелерімен таныстыруды жалғастыру.
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Жігіт сұлтаны байқауы
Жігіт сұлтаны байқауы
Ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді, өнерді, білімді сыртқа шығару. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Өзара мәдениетті сөйлеуге баулу.
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Х. Мұстафина атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Kunson
Kunson Қонақтар 6 ақпан 2016 18:44
0
бізге керек таныстыру
×