Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын...

07 қыркүйек 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты: Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.
Еліміздегі қалың жұртшылықты алаңдатып отырған экологиялық мәселелер туралы айту, адамдардың шаруашылық әрекетінен туындап отырған экологиялық мәселелердің шешу жолдарын табуға ат салысу
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер
Нақыл сөздер:
1. Экология – тағдыры.
2. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
3. Жер байлығы – ел байлығы.
Мұғалімнің сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 7 «а» класс оқушылары дайындаған «Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1 - жүргізуші:
Табиғаттың тарылтпайық,
Мөлдір, кәусар тынысын,
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың!
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол анаң ғой, ал сен оның кенже ұлысың

2 - жүргізуші:
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде,
Ах, ұрады дүние,
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар, кім ие?

1 - жүргізуші:
Пәк ауаға кешегі кім налады?
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады аққулардың қанатын,
Соны ойласаң, көңілді кір шалады.

2 - жүргізуші:
Сексеуілдің орнында көмір қалып,
Аман ба, өзі тұрған өңір налып?
Ақ мамықтай ақша қар шаһарларға,
Енді жауса жауады қоңырланып.

1 - жүргізуші:
Бар дейсің бе, өмірде азап ондай,
Дүние озса, ол енді азады оңбай.
Адам таза болмайды ешқашанда,
Айналайын табиғат таза болмай.

1 - оқушы:
- Экология! Бөтен сөз.
Бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.
«Эко - эко» – үй, Отан,
Ежелден - ақ грекше,
Сөз патшасын ұнатам.
Жүрегіме гүл ексе,
Бізге ғылым – «логия».
Тұтқасы бар әлемнің,
Онсыз мекен жоқ ұя.
Жоқ киесі өлеңнің,
Өз үйің – өлең төсегің,
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің,
Өз басыңды жарады.

2 - оқушы:
Экология – өмірдің,
Соғып тұрған жүрегі.
Ей, табиғат, балаңмын,
Ертеңіңе алаңмын.
Денсаулығы ғаламның,
Денсаулығы адамның!

3 - оқушы:
Арал қашып алысқа, сағындырды,
Көбікті іздеп, кез еді сағым мұңды.
Сортаң жердің сораңын дауыл жұлқып,
Өртейді күн аптабы, шағыл құмды.

2 - жүргізуші: Көрініс: Экологиялық әліппе немесе «сарқылмайтын шексіз байлықтар»: жер, су, ауа, - жан - жануарлар мен өсімдіктер туралы Дана ата мен қос бала – Жайлау мен Суаттың мұңды да сырлы әңгімесі.
Дана ата: Айналаға қарасаңдар, адамзат қоғамының қазір экологиялық тоқырау босағасында тұрғанын байқау қиын емес. Адам баласы бұған тиісті дәрежеде көңіл бөліп, күн ұзартпай сол табалдырықты қашықтатуға әрекет етпесе, жер үстіндегі тіршілік атаулыға апат қауіп төнері хақ. Адамзат халықтардан, халықтар жеке адамдардан тұрады. Сондықтан әр кісінің экологияның жақсаруы жолында күресуі керек. Теңіздер тамшылардан құралады... Мысалы, Арал, Балқаш...
Жайлау: Е - е, енді бірдеңе түсіне бастаған сияқтымын. Ал фотосинтез дегеніміз не?
Суат: Фотосинтез – Жерге түскен Күн сәулесінің энергияға айналуы.
Жайлау: Солай деңіз...
Дана ата: Балалар, әлемдегі жан – жануар, адамзат пен өсімдіктер дүниесінің тіршілігі сол фотосинтезге тәуелді. Басқаша айтсақ, фотосинтез дегеніміз – органикалық заттар. Ол – оттегі. Ал, жер бетіндегі тіршілік оттегісіз күн кеше алмайды.
Суат: Орман – тоғай, жасыл алаңның жойылуы тек фотосинтез қорын кемітіп қоймайды, топырақ эрозиясын күшейтіп, ауа райын өзгертеді дегенді естіп едім:
Дана ата: Иә, Адамзат баласының ұзақ жылдар бойы Жер – Анаға жасаған озбырлықтарының нәтижесі экологиялық апат деген алып айдаһар боп өзіне қайта шапқалы тұр. Сол жеті басты айдаһардың бір басы - ауа. Адам тамақсыз 30 - 35 күн, сусыз бес күн шыдаса, ауасыз бар болғаны бес - ақ минут өмір сүре алатыны сендерге белгілі ме?
Жайлау: Мұны бір жерден оқыған сияқтымын.
Дана ата: Ал, ауа деген негізінен оттегіден тұратынын білесіңдер ғой?
Суат: Білеміз, ата.
Дана ата: Білсеңдер жақсы. Ал Республикамыздан күніне неше рет ұшып жатқан самолеттердің әрқайсысы 50 тонна оттегі жұтады. Жер бетіндегі миллиондаған машиналар мен әуедегі қаптаған самолеттердің қанша оттегін обып жатқанын, кәне, өздерің есептеп көріңдерші.
Суат: Ата, ол сұмдық көп сан болады ғой. Есептеу машинасы керек шығар.
Дана ата: Бұдан жиырма шақты жыл бұрын мектептерде «дүниедегі таусылмайтын шексіз байлықтар - ауа мен су, орман - тоғай» деп оқытылатын. Ал, қазір ауаның да азайып, тоғайдың да жойылып, теңіздің де тартылатынына көзіміз жетті.
Жайлау: Иә, қазір солай, ата. Мысалы, Қарабұғаз мүлде жойылып барады.
Суат: Ал, Арал, Каспий теңіздері мен Балқаш көліне кім араша болады?
Жайлау: Атай, оттегісіз от жағуға бола ма?
Суат: Меніңше, оттегісіз от жағылмайды.
Дана ата: Жер бетіндегі 502 миллиард адам отсыз тамақ іше алмайды. Сонда байқайсыңдар ма, әлемдік ауа бассейінінің бүлінуіне көкке ұшып жатқан ракеталардан бастап, үй шаруасындағы әрбір тамақ пісіретін әйелдерге дейін «атсалысады» екен. Ал, пайдасыз жанып жатқан оттар қаншама...
Жайлау: Апырай, ә! Сонда орынсыз от жақсақ, ол да табиғатқа зиянды екен ғой.
Суат: Әрине, ол да азайып бара жатқан оттегіні одан әрі төмендетуге өз үлесін қосады ғой.
Дана ата: Ол тек ауадағы оттегіні азайтып қана қоймайды, көмір қышқыл газдарын көбейтетіндерін ұмытпаңдар.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Жарлы селосы, Байғанин орта мектебі
Қаратаева Гүлбану

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 078
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – денсаулық мекені
Табиғат – денсаулық мекені
Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту. Экологиялық апаттарды болдырмауға атсалысу.
Табиғат аясында
Табиғат аясында
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын, Пәк табиғат әр жүректің тамылжығын жырысың. Ей адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама, Өзің – дағы содан тудың - табиғаттың ұлысың
Экология – ел тағдыры
Экология – ел тағдыры
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Изимова Айгул
Табиғатты аялау
Табиғатты аялау
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Наурызбаева Гульназ Чапетқызы
Табиғатты қорғау, болашақты ойлау
Табиғатты қорғау, болашақты ойлау
Мақсаты: Білімділік: оқушының табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Танымдық белсенділігін арттыру.
Табиғат тағдыры-адам тағдыры
Табиғат тағдыры-адам тағдыры
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес. Жер ана мен өз анаң егіз екен, Мейірімдері мейлінше теңіз екен. Анам туды, жер ана
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×