Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)

12 қараша 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
(4 сынып аралық интеллектуалды сайыс)

Тақырыбы: «Тапқыр достар»
Мақсаты: 4 сынып аралық білім сайысы арқылы оқушылардың білімін шыңдай түсу, логикалық шапшаң ойлау дағдысын арттыру, дарынды, білімді оқушыны анықтай білу, жеңімпаз, озат болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: бетшелер, жасырын сөздер, ребустар бетшесі;
Түрі: сайыс
Жүру барысы: 1. Ұйымдастыру
Ал, қанекей, келіңдер, келіңдер,
Бір - біріңе серік болып еріңдер
Білгендеріңді тексеріп, еске түсіріп
Интеллектуалды сайыста
Бақтарыңды сынап, қатысып бір көріңдер - деп білім сайысына құлшынып келген білімді оқушыларымызды шақырамыз.
Білім сайысына келген оқушылар суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлініп, топ атын құрастырады.
1 - топ –«Болашақ»
2 - топ –« Арман»
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?- деп әділ қазылар алқасымен таныстыру:
Бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
1. Сен білесің бе? (Сұраққа жауап алу)
2. Кәне, ойлан! (Ребус шешу арқылы шыққан сөз төңірегінде ой өрбіту)
3. Есіңе сақтадың ба?(Сөздерді есте сақтап, қайта сол қалпында жазу)
4. Мақалды жалғастыр... (Мақалдың жалғасын табу)
5. Кім шапшаң? («Сайқымазақ» сөзінен сөз шығару)
6. Сөз тапқанға.... (әріп суыру арқылы сол әріптен басталатын сөз арқылы
сұраққа жауап беру)
- Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - деп білім сайысымыздың бірінші бөліміне кезек береміз.
1-бөлім «Сен білесің бе?»
1 - топқа сұрақ:
1. Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар)
3. Суық аймақта кездесетін құс?
4. Ақ жолағы бар талды ата? (аққайың)
5. 100 жасқа толған қазақ батыры, халық қаһарманы (Бауыржан)
6. Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді?(хабарлы, лепті, сұраулы)
7. Қазан айы қай мезгілге жатады? (күз)
8. 1000000: 10 нешеге тең? (100. 000)
9. Жалқы есімге мысал келтір?
10. Кітап, бор, бояу, сызғыш бір сөзбен не деп аталады? (оқу құралдары)
2 - топқа
1. Бес арыс?(Шәкәрім, Мағжан, Міржақып, Ахмет, Жүсіпбек,)
2. Қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ыбырай)
3. Атағы әлемге әйгілі қазақ палуаны? (Қ. Мұңайтпасов)
4. Қысы - жазы бір түсті ағаш?
5. Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері «Амангелді сарбаздары», «Түрксиб» шығармаларының авторы? (Ә. Кастеев)
6. Тұрлаусыз мүшелерді ата? (толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
7. Тамыз айы қай мезгілге жатады? (жаз )
8. 10 000*100 нешеге тең? (миллион)
9. Ұзындығы 3см тең шаршының ауданы нешеге тең? (9(см2)
10. Ұйқыдан тұру, жуыну, тамақтану, сабаққа бару т.с.с бір сөзбен не деп аталады? (күн реттелімі)
2-бөлім «Кәне, ойлан!» Ребус шешіп, шыққан сөз төңірегінде ой өрбіту

3-бөлім «Есіңе сақтадың ба?» (Есте сақтау арқылы сөздерді сол қалпында жазып беру)
1 - топқа
Қамал лақ қаз зере елек күн намыс сағат тамаша алаш
2- топқа
Ақпан намаз зат тоқым маса алмас самал леген намыс сан

4 - бөлім Мақалды жалғастыр
(Мақал оқылады, жалғасын кім бірінші көтереді сол топ жауап береді)
Тіл тас жарады,.......... тас жармаса бас жарады.
Тауды, тасты жел бұзар,..... адамзатты сөз бұзар.
Аққуды атпа,...... досыңды сатпа!
Жақсы байқап сөйлер,...... жаман шайқап сөйлер.
Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді;............ Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді.
Астың дәмін тұз келтірер,........... Ауылдың сәнін қыз келтірер.
Білімдіге дүние жарық............. Білімсіздің күні кәріп.
Жеті жұрттың тілін біл,............ Жеті түрлі білім біл.
Білетінің бір тоғыз,................ Білмейтінің тоқсан тоғыз.
Бөтен жердің гүлінен............... Туған жердің тікені артық.
5 - бөлім «Кім шапшаң?» (Сөзден сөз шығару 1мин)
«С а й қ ы м а з а қ»

6- бөлім Сөз тапқанға.(Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап беру)
1- топқа ( Б)
Суды немен ішесің?
Сенің досың кім?
Бүгін сенде неше сабақ?
Қандай тағамды ұнатасың?
Қай көшеде тұрасың?
Жасың нешеде?
Қай ертегіні ұнатасың?
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Көршің кім?
Ағаңның есімі?
2-топқа (М)
Сенің көршің кім?
Дос қызыңның есімі?
Қандай ертегі ұнатасың?
Қай жануар ұнайды?
Зат есімге мысал?
Көйлекті неден тіккен?
Пырылдап ұйықтайтын не?
Сүйікті пәнің?
Күн ішінде не бар?
Үй тапсырмасын шығаруға кім көмектеседі?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 748
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада Ибадуллақызы
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×