Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылым шегудің адам ағзасына зияны

20 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Даналар сөзі, слайд, бейнекөрсетілім, суреттер
«Темекі бүкіл денеге залал әкеледі, ақыл - ойды бұзады, ұлттарды түгелдей надандыққа әкеледі»
О. Бальзак.
Күтілетін нәтиже:
- Темекінің тарихын, ағзаға зиянды әсерінің барын біледі
- Темекінің әсерінен туындайтын ауру түрлерін ажыратады
- Сын тұрғысынан ойлау дағдысы қалыптасады
- Салауатты өмір сүруге үйренеді.

Жоспары:
• Психологиялық дайындық
• Бейнекөрсетілім
• Сен білесің бе?
• Жасөспірімдер темекіні не себепті шегеді?
• Көрініс «Темекі шегудің үш пайдасы»
• Ситуациялық сұрақтар
• Жадынама «Темекі тастаушыларға ақыл - кеңес»
• «Ойланып көріңіз»
• Даналар сөзі
• Постер қорғау
• Тренинг “Қолшатыр”
• Темекіні алмастыратын жаттығу түрлері.
• Рефлексия
• Қорытындылау

Психологиялық дайындық
Көзімізді жұмамыз.
Еркін тыныс аламыз
Жақсы ойлар ойлаймыз.
Шаршағанды ұмытып,
Денемізді босаңсытамыз
Ал енді
Жап - жасыл,
Жұп - жұмсақ
Шөпте жатқандай сезінейік.
Күн нұрын бізге төгіп тұр…
Күн
Жып - жылы,
Самал леп,
Таза ауа.
Біз еркін тыныстадық
Ғажап қана ұйықтадық!
Оянатын сәт келді!
Көздерімізді ашамыз.
Қолымызды жоғары көтереміз,
Керілеміз! Күлеміз!

Оқушылар стикерлерді таңдау арқылы үш топқа бөлінеді:
1 топ –«Зерттеушілер» тобы
2 топ - «Суретшілер» тобы
3 топ - «Ақындар» тобы.

Темекінің адам ағзасына зияны туралы мәліметтер беру. Бейнекөрсетілім көрсету.

Сен білесің бе?
• Әрбір темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады.
• Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның 1 жылда өкпесіне 1 литр смола жиналады.
• Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3, 5 млн адам қайтыс болады.
• Шылым шегетіндер қысқа уақыт өмір сүреді, өз өмірін 6 жылға қысқартады.
• Темекі шегушілер инфаркт, рак, асқазан жарасы сияқты аурулардан 10 - 30 есе көп қайтыс болады.
• Балаларға темекінің қаупі, үлкендерге қарағанда 2 есе көп. Кейде балалар 2 - 3 тал темекіні қатар шеккеннен жүрегі тоқтап қалған оқиғалар болған.

Жасөспірімдер темекіні не себепті шегеді деп ойлайсыңдар? деген сұраққа оқушылар пікірін тыңдау.
Оқушылардың мүмкін жауаптары:
- Темекінің ағзаға қаншалықты зиян екенін білмеу, бұған жеңіл көзқараспен қарау
- Қасындағылар немесе өзінен үлкендер қысымшылық жасауы мүмкін
- Бір рет көрейін, сосын тастаймын деп әуестенушіліктен болуы мүмкін
- Сәнқойлық, яғни қазіргі заманға сай өзін ересек сезіну
- Жарнамаларға қарап қызығушылығы артуы мүмкін
- Мидың жақсы жұмыс істеуі үшін немесе батылдық үшін деп теріс түсініктің қалыптасуы т. б.

3 топқа тапсырмалар беріледі. «Зерттеушілер» тобы темекінің тарихы, зияны туралы ақпарат дайындайды. ( Оларға қосымша ресурстар беріледі). «Суретшілер» тобы темекінің адам өміріне зияны туралы ес картасын құрады, «Ақындар» тобы темекінің зияны туралы бір шумақ өлең жолдарын және бес жолды өлең жазады. Тапсырмаларды орындап болған соң, әрбір топ өз жұмыстарын қорғайды.
Көрініс «Темекі шегудің үш пайдасы» Алихан мен Жалғас.
Бала: Ата, мен темекі шегуді үйреніп жүрмін. Сіз қалай ойлайсыз, бұл пайдалы ма?
Атасы: Темекі шегу үш жағдайда ғана пайдалы.
Бала: Айтыңызшы, қай кезде пайдалы?
Атасы: Біріншіден, кім де кім темекі шексе, ол ешқашан қартаймайды.
Бала: Қалайша, неліктен, ата?
Атасы: Себебі ол қартаюға үлгірмейді. Ол тым ерте өмірден кетеді. Екіншіден, оның үйіне ешқашанда ұры түспейді.
Бала: Не себепті? Қалайша ұры түспейді?
Атасы: Себебі, кім де кім темекі шексе, түні бойы төсекте аударылып, төңкеріліп жатады да, қатты жөтелумен болады. Ұры үй иесінің жөтелін естісімен, үйді айналып кетіп қалады. Бірақ бұнымен әлі біткен жоқ, темекі шегетін адамды итте қаппайды.
Бала: Рас па?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 058
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Темекі шегудің денсаулыққа зияны жөнінде – математика тілімен (Туындыны қайталау)
Темекі шегудің денсаулыққа зияны жөнінде – математика тілімен (Туындыны қайталау)
Туындыны таба білу дағдылары мен практикалық білімдерін шыңдау; Салауатты өмір салтын насихаттау, шылым шегудің денсаулыққа зияны туралы білімдерін кеңейту;
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Темекі шегу - адам ағзасына зиян
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Сансызбаева Ақгүл Тілегенқызы
Темекі шегу – әдет пе, әлде ауру ма?
Темекі шегу – әдет пе, әлде ауру ма?
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Дүйсенбекова Гүлмира
Ғасыр дерті
Ғасыр дерті
Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД - тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан - жақты меңгерту,
Жат қылықтан жирен
Жат қылықтан жирен
Жаңағұл Зәбида Сақтағанқызы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің мұғалімі
Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана-ақылың
Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана-ақылың
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Қожақова Айгүл Ұласарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×