Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Тәрбие мен білім егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын сабақ

11 қаңтар 2014, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
№182 орта мектебінің педагог - психологі
Әбіл Гүлназ Базаралықызы

Ата - аналар мен сынып жетекшілер арасында өткізілетін «Тәрбие мен білім егіз ұғым» интеллектуалды психологиялық ойын сабақ

Мақсаты: Мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата - аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір - бірімен үнемі тығыз қарым - қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге бағыт бағдар беру.
Күтілетін нәтиже: Бір - бірімен үнемі тығыз қарым - қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата - ана мен мұғалім.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, плакат, маркер, бәйтерек макеті, таратпа жүрекшелер.

Кіріспе сөз:
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей - ақ, баланың ыстық - суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сүйсінбейтін ата - ана мен ұстаз жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, осыған қарағанда «Әкеге қарап – ұл өсер, шешеге қарап – қыз өсер» деп бекер айтылмаса керек. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата - ана болып табылады. Сондықтан ата - ана мен ұстаздар және сынып жетекшілер арасында үзілместей жіпті берік байлау мақсатында, бүгінгі, «Атажұрт» интеллектуалды психологиялық ойынын ұйымдастырып отырмыз.

Интеллектуалды психологиялық ойынға қатысушыларымен таныс болыңыздар (топтың аты, жоба қорғау):
І топ: «Болашақ»
1. 11 сынып жетекшісі: ---------------------
2. Ата – ана: --------------------------------
3. Ата – ана: ----------------------------
ІІ топ: «Білім»
ІІІ топ: «Бақыт»
ІҮ топ: «Арман»

Бүгінгі ойынға қатысушыларымыздың айтқан пікірін тыңдап, өз бағасын беріп, сарапқа салатын, сарапшылар мен көрермендер дауысымен бағаланады.

Ойын сарапшыларымен таныс болыңыздар:.....................

Ойын бағдарламасы:
1- тур - «Қанат қақты» - ой жинақтау 2 минут.
2 -тур - «Самғау» - мақал – мәтелді жалғастыр. Ерекшеленген сөзді орыс, ағылшын тілінде аударыңыз. (Қосымша көмек беріледі досыңызға қоңырау соғыңыз).
Сергіту сәті: «Балам – бағым» тренинг
3 -тур – «Шарықтау» – идеялар аукционы
4- тур - «Шырқау». Бейнесюжет арқылы сұрақ.
5 -тур - «Жер ұйық» - сұрақ жауап.

1 -тур «Қанат қақты» ой жинақтау (плакат, фломастер). Ата - ана мен ұстаздарға плакат беріледі, бұл плакатқа төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, сурет не схема арқылы өз ойын білдіреді.
Оқушы - мұғалім – ата – ана арасындағы байланысты көрсете білу (Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды).

2- тур - «Самғау» Мақал – мәтелді жалғастыр.
І топ:
1. Балалы үй базар, /Баласыз үй қу мазар./
2. Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар.
/Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар./
3. Ақ жаулығы ананың —
/Ақ көрпесі баланың./
4. Ананың ойы ұяда,
/Баланың ойы қияда./
5. Шәкіртсіз ұстаз – /тұл./

ІІ топ:
1. Ата – бәйтерек, /бала – жапырақ./
2. Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,
Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,
/Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас./
3. Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
/Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді./
4. Жалғыз баласы атқа шапса,
/Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады./
5. Күш – білімде, /білім – кітапта./

ІІІ топ:
1. Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
/Тоқ бала аш болам деп ойламайды./
2. Алты жасар бала алыстан келгенде,
/Алпыстағы ақсақал сәлем берер./
3. Жақсы бала – сүйік, /жаман бала – күйік./
4. Ағайын — алтау,
/Ана — біреу./
5. Мектеп – білім тірегі,/ Ұстаз - оның жүрегі/

ІҮ топ:
1. Балалық шағы,/ патшаның тағы./
2. Әдепті бала арлы бала, / Әдепсіз бала сорлы бала./
3. Әкесі құрдастың /баласы құрдас./
4. Бала тентек болатыны — үйінен,
/Ердің тентек болатыны — биінен./
5. Білімі жоқ ұл - /жұпары жоқ гүл./

Сергіту сәті: «Балам – бағым» тренинг

3- тур – «Шарықтау» – «Арманым – бақытым» тақырыбында идеялар аукционы. Топ мүшелеріне ақ парақ беріледі, параққа оң қолының суретін салып, алақанына арман – тілектерін жазып, «сиқырлы бәйтерекке» салады. Үздік идея бағаланады.

4 -тур - Шырқау. Бейнесюжет арқылы сұрақ. «Менің атым Қожа» балалар фильмінен ситуациялық жағдаят көрсетіледі. Қатысушылар сол ситуациядан қалай шығатыны жөнінде өз ой - пікірін білдіреді.

5 -тур - «Жер ұйық» сұрақ - жауап. Жалпы тақырыпта сұрақтар қойылады, сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қазақ халқының ұлы ақыны? /Абай/.
2. Қазақстан қашан тәуелсіздік алды? /1991 жыл/.
3. Қазақстанның мемлекеттік тілі? /Қазақ тілі/.
4. Күн мен түннің теңесін күні? /22 наурыз/.
5. Қазақстанның алғашқы астанасы? /Ақмешіт/.
6. Жауынгер – жазушы Кеңес Одағының батыры. /Бауыржан Момышұлы/.
7. Төрт жылдан соң елімізде өтетін Халықаралық көрме. /ЕХРО – 2017/.
8. Қазақтың тамақ сақтауға арналған қапшығы /Аяққап/.
9. Ыдыс - аяқ сақтауға арналған зат /Кебеже/.
10. Қазақ тілінде неше әріп бар? /42 әріп/.

Қорытынды.
«Жүректен шыққан жылы сөздер..» сергіту сәті. Түрлі - түсті қағаздан қиылған кішкентай жүрекшелер таратылады. Барлығымыз да ата - анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.
Мына үлкен жүрек, ата - ана, сіздің жүрегіңіз, ал мына жүрекшелер сіздің балаларыңыздың жүрегі. Әрқашан да балаларыңызға деген жылы сөздеріңіз көп болсын! Олай болса, ата - ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек. Сонымен бүгінгі сабағымыз өз шегіне келіп жетті.
Ата - анаға көз қуаныш,
Алдыңа алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт - арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата - аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Қатысқандарыңызға көптен - көп рахмет! Сау болыңыздар!
12 215
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу.
Кел танысайық
Кел танысайық
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату.
Тәрбие тал бесіктен
Тәрбие тал бесіктен
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Әке – ер, ана – жігер, Бір үйде екі кемеңгер
Әке – ер, ана – жігер, Бір үйде екі кемеңгер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жексенғалиева Ғалия
Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Балаңыз мектепке келуге дайын ба?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектеп педагог - психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы
Балалық шағың - патшалық тағың
Балалық шағың - патшалық тағың
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының әдіскері Изтаева Айтолқын Әділханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×