Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі

12 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қайталау: «1929 - 1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кеңестік дәуірдегі халқымыз бастан кешірген оқиғаларды саралап, пікірлесу арқылы талдай отырып, оқушылардың тарихи оқиғаларға баға бере алу дағдысын дамыту, алған білімдерін қайталау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс, дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру, еркін ойын айта білу мен сөйлеу мәдениетіне баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларға сол кезеңдегі қазақ халқының басына төнген ауыр қасіреттен шығудың жолын іздеген ел азаматтарының істерін үлгі ете отырып, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, пікірлесу, интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карта, сызба, трек схемасы, тарихи кітаптар, интерактивті тақта, бейнефильм.
Қосымша әдебиеттері: Көкіш Рысбайұлы “Қазақстан Республикасының тарихы”. Алматы, 1999ж., Т. Омарбеков “ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.” А - 2001ж. Қосымша газет - журналдар: Ақиқат 1993ж. Сәуір “Қарақұмдағы қарулы қарсылық”, “Балқаштағы бас көтеру”

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп, оқушыларды түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
• Саяси жаңалықтармен таныстыру
Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады»- демекші біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Шаруалар көтерілісінің себебі неде? Себебі: Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық.
Сипаты: Шаруалар бұқарасының ниеті стихиялы бой көрсетулерден көрініс берді.
2. Қозғаушы күші: Шаруалар бұқарасы
3. Қарсылық түрі:
● қалалар мен құрылыстарға кету;
● басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету;
● ұжымшар қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру;
● өзін - өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру;
● ашық көтеріліске шығу түрлерінде жасалды;
4. Орталықтары:
● Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды. 1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін – Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонаиха, Қатонқарағай аудандарын қамтыған күшті толқулар өтті.
● Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі Қазақ өлкелік комитеті тарапынан “бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі” деп бағаланды.
● Қарақұм ауданына Орталық, Батыс, Оңтүстік Қазақстаннан көтерілісшілер ағылып жатты. Бұл көтерілісті Орынбордағы 8 - дивизия басып тастады.
● Созақ ауданындағы көтеріліс табанды әрі шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Көтерілісшілер аудан орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді.
5. Нәтижесі
● Ұжымдастыру жылдары республика аумағында 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды.
● Кеңес өкіметі 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысын басып жаныштау үшін далаға жазалау экспедициясын жіберген патша өкіметінің тәжірибесін қайталады.
● Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары Қазақстан жерін тастап, Түрікменстан, Қарақалпақстан аумағына, ал бір бөлігі Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болды.
● Алматы округінің көптеген аудандарының бүлік шығарған ауылдары Қытай жеріне ауып кетті.
● 1931 жылы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарында көтеріліс жасаған шаруалар түгелге дерлік қырып тасталды.
● Компартия 1932 жылы қыркүйекте Қазақстанның ауылшаруашылығы жөнінде қаулы қабылдады.
● Жасанды жолмен құрылған ұжымшарлар таратылып, халыққа күштеп қоғамдастырылған мал - мүлкі қайтарылды.
● 1935 жылы ақпанда екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болып, ауылшаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданды.
Тестке назар аударайық:
1. Ұжымдастыру жылдары республика аумағында қанша толқулар мен көтерілістер орын алды? 372
2. Қазақстанда 1929 - 31 жылдардағы қарулы көтерілістің себебі не?
В) Күштеп ұжымдастыруға қарсылық
3. Ұжымдастыру жылдары бандиттік - басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланған көтеріліс? Батпаққара көтерілісі
4. Алматы округінің ауылдары қайда жер ауып кетуге мәжбүр болды? Қытайға
5. Ауылшаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданған жыл? 1935 ж. ақпан айы
Ендеше сабағымызды қайталауға көшейік:
* Тарихи сынақхат
Алдарыңыздағы тарихи сынақхатқа назар аударыңыздар. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жазасыңдар. Тексеріп, мәтінді оқып беріңіз
Тапсырма - 1.
Кеңес өкіметіне қарсы халық наразылығының сипаты.
Қазақстандағы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алғашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті.
Тапсырма - 2
Көптеген аудандарда сотсыз, тергеусіз ату жүзеге асырылды. ОГПУ қызметкерлері мен жергілікті кеңес және партия кызметкерлері тұткындалғандарды калибрлі винтовкалармен, бытыралы мылтықтармен атып, аяусыз қорлады. Бұл фактілер Қазақстандағы Кеңес өкіметінің 20 - 30 - жылдардағы қылмыстарын ең қорқынышты, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстармен қатар қоюға болатынын дәлелдеді. Бүтіндей алғанда қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған «Кіші Қазан» ұжымдастыру саясатын геноцид деп есептеуге болады. Онымен бір мезгілде билік органдары қазақтардан «босаған» жерлерге КСРО - ның басқа аймақтарынан қуғын - сүргінге ұшыраған, мал - мүлкінен айырылған кулактарды әкеле бастады. Басшылықтың пікірінше Қазақстанда болып өткен көтерілістер таптық күрестің шиеленісуінің салдары, өз қызметін баяғыда тоқтатқан «Алаш» партиясы әрекетінің нәтижесі болды.
Тапсырма - 3
1929 - 1931 жылдарғы халықтың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісшілердің нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930 - 1931жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.
Тапсырма - 4
Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтүстігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал - мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет - ғұрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30 - жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл оқиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы құйрығын тапсыруға мәжбүр етті). Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп соқты.
Тапсырма - 5
Көтерілісшілерге қарсы қатаң жазалау шаралары. 1931 - 1932 жылдары аштықтан аман қалған халықтың жартысы, яғни 1 млн 30 мың адам көшіп кетті. Олардың тек 414 мыңы ғана қайтып оралды, 616 мыңы қайтқан жоқ, 200 мыңы Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран мен Түркияға кетті.
ОГПУ - дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адам болған 31 көтерілісшілер отряды, 1930 - 1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңға, 1932 - 1933 жылдары - 3, 2 мың адамға жеткен.
*Тақырыпқа қатысты және қатысты емес сөздерді оқи отырып, «ішіне», «сыртына» кестесін толтыру. «Ішіне» бағанына сабаққа қатысты сөздер, ал қатысты емес сөздер «сыртына» бағанына толтырылады
Қытай, Тәркілеу, Кеңес өкіметі, Наразылық, И. Сталин, Батпаққара, Бостандық, Сұлтанбек Шолақов, Тәуелсіздік, тотем, Астана, Бағдат, Сайрам, Ақиқат сыйы, А. Құнанбаев.
«Ішіне, сыртына» бағанына толтыру кестесі
Ішіне Сыртына
Тәркілеу
Кеңес өкіметі
Наразылық
И. Сталин
Қытай
Батпаққара
Бостандық
Сұлтанбек Шолақов Тәуелсіздік
Тотем
Астана
Бағдат
Сайрам
Ақиқат сыйы
А. Құнанбаев
«Жылдар сөйлейді»
1929 жылы - 29 қыркүйекте Сырдария округінің Бостандық ауданында халық наразылығы бұрқ ете қалды.
1 қарашасында Батпаққарада шаруалар көтерілісі басталды.
1930 жылы – ақпан айында Созақ ауданында қазақ шаруаларының көтерілісі басталды
25 ақпанда Ырғыз көтерілісі басталды.
Ауқымы жағынан үлкен де қуатты көтеріліс ошақтарының бірі – Қарақұм көтерілісі еді.
7 сәуірде Қармақшы мен Ырғыздан шыққан жазалаушылар мен көтерілісшілер арасында ұрыс болады.
Шілде айында үкімет орындарының опасыздығынан ел арасынан шыққан наразылықтардың жаңа басшысы Көпжан Жұбановтың айналасына 400 шаруашылықтан 1000 жуық қожалық иелері топтасты.
8 желтоқсанда шешуші шайқас болды.
Наурызда Қазалы ауданында ишан Ақмырза Тосов бастаған қарулы көтеріліс басталды.
14 наурызда Қареке елді мекенінің жанында болған шайқаста көтерілісшілерден 170 кісі, жазалаушылардан 4 адам қаза тауып, 5 адам жараланды.
1931 жылы – Семей жерінде ақпан айында басталған көтеріліске қатысушылар 14 ақпанда Қайнар селосын басып алды.
20 маусымында Оразалы Қастеков бастаған көтерілісшілер Қастек ауданындағы /қазіргі Алматы обл/ Комсомол атындағы ұжымшардың кеңсесін басып алды.
«Адай көтерілісі» деген атпен мәлім болған Гурьев /Атырау/ округінің Маңғыстау өңірінде жергілікті халық Кеңес үкіметінің күштеу саясатына ашық наразылық білдірді.

“Сандар сөйлейді”
Ұжымдастыру жылдары республика аумағында 372 толқулар мен көтерілістер орын алды.
300, 200, 5551, 883, 15, 2000, 115, 170, 28, 5000, 800
*Сындарлы ойлау (пікірталас)
Шаруалар көтерілістерінің
зиянынан пайдасы көп Шаруалар көтерілістерінің пайдасынан зияны көп

*Жалпы сөздік қоры (ЖСҚ).
Әр оқушы 3 минут уақыт ішінде тақырып бойынша 50 сөз жазу керек. Кластағы оқушылардың барлығының жазған сөздерін санап, орташа кластың тақырып бойынша сапасын анықтауға болады.
*“Дұрыс және бұрыс” ойыны
- Созақ көтерілісі Сырдың бойындағы Түркістаннан Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды. дұрыс
- Болыс қызметін атқарушы Ә. Жангелдин хан болып сайланды, ол өз басшылығымен көтерілісшілердің алғашқы отрядтарын құрды. – бұрыс. Сұлтанбек Шолақов
- Көтерілісті басу үшін Ташкенттен жалпы саны 225 адам болған бірнеше әскерилендірілген топ жіберілді. дұрыс
- Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. дұрыс
- Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде жеңіске жетті. – бұрыс Жеңіліске ұшырады.
- Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды. дұрыс
- Көтерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. дұрыс
- 1933 жылы 20 ақпанда Өскеменмен Зыряновск аудандарының бес селосының шаруалары көтерілді. – бұрыс. 1930 жылы
*«Тұлғаны таны» Халел Досмұхамедұлы
• Бұл кім?
• Қай уақыттарды өмір сүрген?
• Бұл адам туралы не білесің?
• Бұл тарихи тұлғаның Қазақстанға қандай қатысы бар?
*Сабақты бекіту:
ХХ ғ. 29 - 31 ж. ж. наразылықтар, көтерілістер,
қозғалыстар кестесін толтыру
Уақыты 1929 жылғы 1930 жылғы 1931 жылғы
Ірі көтерілістер болған жерлер
Барысы
Кеңес өкіметі қарсы қолданған шаралар
Нәтижесі

Оқушылар тақырыпқа байланысты өз сұрағын келесі оқушыға қою арқылы жауап алу
 Картадан көтеріліс болған тарихи орындар мен аймақтарды көрсет
 Осы көтерілістердің – халық - азаттық қозғалыстың себептерін, сипатын, қозғаушы күштерін анықта.
 Кеңес өкіметінің 20 - 30 жылдардағы қандай саясаты қазақ шаруаларының наразылығын туғызды, неліктен?
 Неліктен Кеңес үкіметі қарулы әскер жіберіп, халықты қырғынға ұшыратты?
 Қарапайым отбасылар неліктен шетелге қоныс аударды?

Бағалау.
Үйге тапсырма: ҰБТ – да тақырыпқа байланысты кездесетін сұрақтарды қарау
1. Тақырыпты оқып қайталау, мазмұндау.
2. § 11 бойынша тест құрастырып келу.
3. Саяси жаңалықтар легімен танысу./БАҚ, ғаламтор/
Қосымша әдебиеттері: Көкіш Рысбайұлы “Қазақстан Республикасының тарихы”. Алматы, 1999ж., Т. Омарбеков “ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.” А - 2001ж. Қосымша газет - журналдар: Ақиқат 1993ж. Сәуір “Қарақұмдағы қарулы қарсылық”, “Балқаштағы бас көтеру”
34 462
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30 - ж. Қазақстандағы қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарға жаппай қоныс аударуы туралы оқушылардың білім деңгейін зерттеу
1931 - 1933 жылдардағы аштық және шаруалар көтерілісі
1931 - 1933 жылдардағы аштық және шаруалар көтерілісі
1931 - 1933 жылдары аштықтан, суықтан және өзге де аурулардан 2, 1 млн - дай қазақтар мен 200 - 250 мыңдай басқа ұлттардың өкілдері қаза тапты.
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық
Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығын, Созақ, Жетісу, Маңғыстау аймақтарындағы көтеріліс барысымен таныстыру, ашаршылық кезіндегі жіберілген ащы ақиқатқа оқушылардың көздерін жеткізу.
1930 ж аштық, шаруалар көтерілісі
1930 ж аштық, шаруалар көтерілісі
1930 жылдардағы шаруалар көтерілісі мен ашаршылық жайлы түсіндіру, шындығын ашу
1929-1931 ж.ж. шаруалар көтерілісі
1929-1931 ж.ж. шаруалар көтерілісі
Шукурбекова Сауле Боранбековна №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Шымкент қаласы.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×