Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қатаған қырғыны

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақ хандары мен батырлары туралы жазған дастанымның үзіндісін оқырмандарға ұсынғанды жөн көрдім. Қазақ тарихында ең бірінші және соңғы тақ таласы, бақ таласы 1627 жылы болған оқиға.
Автор: Сәлімбаев Тілекқали

Қатаған трагедиясы.

Қатаған - қазақ руы көне шақтан,
Ел шетіне жау келсе қорған болған.
Кең далада еркін өскен айбынды жұрт.
Мәуренахр, Бұқарды талай шапқан.
Қатағанда Тұрсын хан деген болған,
Алған ойы ту баста болған жаман.
Екі сан қатағанды елден бөліп,
Жеке хандық құруды ойына алған.
Бұқар ханы Имамқұлы мұны сезген,
Көктен іздегені табылып жерден.
Қолтығына су бүркіп қайрай түскен,
Таяз ойлы зердесізді елден безген.
* * *
Көне қала Түркістан қазақтың астанасы,
Бар қазақтың киелі бас қаласы.
Ұлы хандар заманынан күллі қазақ,
Тәуіп еткен қасиетті баспанасы.
* * *
Тұрсын хан Ташкентті Орда еткен,
Өз теңгесін шығарып бөлектенген.
Бұқардың өзбек ханын жақын тартып,
Өз ұлтынан өзі жеріп елден безген.
Есім ханға алауыздық ұнамайды,
Тұрсын ханның алдына талай барды.
«Бөлінгенді қашан да бөрі жейді,
Алауыздықты Тұрсын хан қойсаң - дейді -
Адасқанның арты құз, алды тік жар,
Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс бір туғандар.
Ұлтымыздың ар - намысын мазақ етпей,
Серттесейік, риза болсын аруақтар».
Ақсақалдар, алқа билер, хас батырлар,
Талай серттің куәсі болғаны бар.
Сырттан тиген жау болса көріп бағар,
Іштен шыққан жау жаман, оңбағандар.
Есім, Тұрсын екі хан құдай қолдап,
Татулыққа серттеседі семсер ұстап.
Бірге жорық жолына аттанады,
Бұқар ханын қауіпті жауға санап.
Әндіжан, Шахрухия қамалдарының сұлтандары,
Имамқұлы отырғызған қазақ бәрі.
Алаш қолы хас дұшпанды бетке алғанда,
Қамал кілтін өз жұртына қуана тапсырады.
Бұқардың қамалдары құлайды бағы тайған,
Қаралы күн таяйды ұрпағына Шағатайдың.
Шибандықтар олардың жолын құшып,
Жер бетінен жойылуға аз ақ қалған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 480
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Есім хан (1598 - 1628)
Есім хан (1598 - 1628)
Есім хан (1598 - 1628) Конспект Тәуекелдің інісі Есім қазақтың көп санды әскерін басқарған, Ташкент, Түркістан аймағын билеген көрнекті сұлтан болды. Cондықтан қазақ әскері мен сұлтандардың көпшілігі Есімнің хан болуын қалаған.
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.
Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыты. Есім хан. Жәңгір хан. Тәуке хан.
Есім ханның ел басқару ісін, Қазақ хандығының Жәңгір хан, Тәуке хан заманындағы халықтың тұрмыс тіршілігін оқыта отырып, Қазақ хандарының көрші елдермен қарым – қатынасы туралы білімдерін толықтыру.
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина Шара
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Білімділік: Тәуке хан тұсындағы елдің ішкі - сыртқы жағдайы, Тәуке ханның ел үшін жасаған еңбегін, қазақтың құқықтық жүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін әңгімелеу.
Қазақ хандығының құрылуы жайында
Қазақ хандығының құрылуы жайында
Алаш халқының тұңғыш егемендік алуы
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
Жоспары Сабақтың тақырыбы: Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы Сабақтың мақсаты: Білімдік: Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×