Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнері

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: орта ғасырлардағы қытай мемлекетінің шаруашылығы мен қолөнері, сауда, өнері ғылымы мен әдебиеті жайлы, оқушыларға тарихи мағлұмат беру
Дамытушылық: ой пікірін, көзқарасын қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға тарихи оқиғаны талдай білуге үйрету.
Тәрбиелік: еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, III - X ғасырлардағы Қытай, елінің саяси картасы. тірек
схемалар т. б
Әдісі: кім жылдам, математикалық қобдиша, тарихи сынақ хат, суреттер сөйлейді.
Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп, олардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау. Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті.

Сұрақтар мен тапсырмалар.
‹‹Кім жылдам?››
1. Б. з Іғ Қытайда қандай дін тарай бастады?
2. Қытайда жер иеліктерінің қанша түрі болды?
3. 616жылға дейін Қытайды қай әулет басқарды?
4. Қытайда будда діні қай ғасырда кең тарады?
5. Даосизм дегеніміз не?
6. Әр шаруаға қанша жер берілген?
7. Қытайды неге Жібек елі деп атайды?
8. Шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар?
9. Император билігі қандай болды?
10. Қытай жері әкімшілік жағынан неше аймаққа бөлінді?

Тапсырма: Математикалық есепті шығар да шыққан санда қандай оқиға болғанын айт.
100*3*11
1240*127
15*400*201
3*200*16
1000*500*89

Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспар
1. Қала, қолөнер және сауда
2. V – IX ғасырлардағы Қытай мәдениеті.

Қала, қолөнер және сауда
ІІІ – VII ғасырларда Қытай мемлекетінде қалалар көбейе бастады. Ежелгі Қытай мемлекетінде Чаньань, Лоян, Тайюань, портты қала Гуанчжоу өсіп жетілді. Қалалар қолөнер мен сауданың орталығына айналды. Мата тоқу өндірісі кең етек алды. Фарфор өндірісі жедел өркендеді. Қала саудасы тұрақты дүкендер мен жайма базарларда жүргізілді. Сыртқы сауда - Монғолиямен, Оңтүстік Сібір елдерімен жүргізілді. Ұлы Жібек жолы арқылы Жоңғария, Қашқария, Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан арқылы Батыс Еуропа елдерімен сауда жасады.
Теңіз арқылы үнді, парсы, араб елдерімен сауда жасасты. Қытай - ежелден теңге шығарып келген ел ХІғ. қағаз ақша шыға бастады.

V - IXғ. Қытай мәдениеті
V - VIғ. Қытай мемлекетінде өнер, әдебиет және ғылым дами бастады. Халық емшілігі, аспан
әлемі туралы ғылыми жаңалықтар ашылды. Қағаз жасау, кітап шығару, шөптердің құрамын біліп, дәрілер әзірлеу ерте дамыды. Қытай географтары Үндістанға, Орта Азия елдеріне сапар шегіп, ондағы тұрғын халықтар өмірінен еңбектер жазды. 645ж. Сюань Цзянь үнді халықтары туралы кітап жазды. Будданың бейнесін салу, пагода тұрғызу (бірнеше қабатты биік мұнаралар ) қолға алынды.
Ақындар Ли - Бо(701 - 762), Ду Фу(712 - 770), Бо Цзюй - и(772 - 846). Еңбектері дүниежүзілік классикалық қорға қосылды.

Артық сөзді тап
А ) Шаньдань, Хуанхэ, Янцзы, Сычуань, Үнді.
Б) Император, Хаммурапи, Янь Цзянь, Чжан Лин.
В), Ғұндар, моюн, сэнби, тоба, сақтар.
Г ) Ұлы Қытай қорғаны, Хан империясы, Суй әулеті, Юань әулеті, Минамото.
Д Сегун, әскери басшылар, сот ісін басқарушылар.

Қорытынды:
Сонымен балалар біз бүгін Қытай мемлекеті туралы көптеген мәліметтер алдық. Егер сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады.
Бағалау: Сабақтың қорытындысы бойынша оқушыларды бағалау. Алған бағаларын күнделік дәптерлеріне қойып беремін

Үй тапсырмасын беру:
1. Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнерін (оқуға)
2. Қытай мемлекеті(эссе жазу.)
9 182
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары
XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары
XVII - XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулары және олардың шешендік өнері, данагөйлілігі, олардың алдына қойған мақсаттары туралы өз беттерінше іздене отырып, толық мағлұмат алуға жағдай жасау.
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихынан күнтізбе жоспары  7-сынып
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихынан күнтізбе жоспары 7-сынып
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі Өтепова Тойған Қуанышқызы
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ қағанаты
Қызылорда қаласы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі Ибраева Нағима Нұрмұратқызы
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Шукурбекова Сауле Боранбековна №25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Шымкент қаласы.
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Орта ғасырлардағы Қытай мемлекеті
Орта ғасырлардағы қытай мемлекеті, саяси құрылысы, діннің таралуы жайлы, оқушыларға тарихи мағлұмат беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×