Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәңгір хан

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Оқушылардың бойына патриоттық сезімді дарыту Ұлы хандар тарихынан бастаған дұрыс деп санаймын. Сабақтан тыс тәрбие сағатында оқып, талқылау үшін мектеп ұстаздарына ұсынамын.
Автор


Орбұлақ шайқасы.

Жиырмасыншы ғасырдың оңынан ескен лебі,
Алаш халқы тәуелсіз болған кезі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы,
Мейман қылған өзбек, қырғыз президенттерін.
Қонақтарын бастап келіп Жаркентке,
Шекаралы Қосқолаң тауына жеткенде.
Елбасымыз орта ғасыр тарихынан,
Тұңғиықтан бастады бір әңгіме:

- Алты алаш түп атадан бірге туған,
Қай кездерден намысты бөліп жарған.
Елі бөлек, жері бөлек болғанымен,
Ынтымақты қашан болсын бағалаған.
Есім ханның жүрек жұтқан батыр ұлын,
«Салқам Жәңгір» атандырған алаш жұрты.
Ел басына күн туған қатерлі шақта,
Қорған болған ұлтына, бар жұртына.
Он жетінші ғасырдың барыс жылы,
Шығыста бас қосыпты ойрат ұлы.
Бір ту астына жинапты бар тайпасын,
Эрдене - Батыр атты қоңтайшысы.
Орыс, Қытай елдері екі жақтан,
Ойрат елін жаналардай қатты қысқан.
Еншімізді көрші елдерден аламыз деп,
Бүкіл жоңғар кең далаға көз алартқан.
Жаулаймын деп алаштың кең даласын,
Қоңтайшы да қолға алыпты соғыс туын.
Қазақ жерін шерік бастап сағалап кеп,
Іске асырмақ болады жымысқы ісін.
«Қалмақ қақпасы» баурайында қаратаудың,
Кірер жері осы болар келер жаудың.
Деген оймен Жәңгір хан ор қаздырған,
Аттандырып бауырласқа жаушыларын.
Майдан заңы - әскер емес, жүрек жеңер.
Түкті шашты Әз - Баба сәтін берер.
Қас дұшпанның алғы легін бір қайтарсақ,
Көп ұзамай бауырластан көмек келер.

Қалмақ қолы қалың әскер елу мыңдай,
Сайланыпты қаруланып суық мұздай.
Асығыста жауға аттанған қазақ қолы
Бас аяғы жетер жетпес бір - ақ мыңдай.
Хан ұлдары Абақ, Тәуке екі сұлтан,
Қос қапталдан тас қамал қорған құрған.
Ортан қолда қару ұстар мергендері,
Күндіз - түні ор қазып дайындалған.
Сойқан жауға қазақ қолы дайын тұрды,
Қалмақ қолы қаперсіз сайға кірді,
Алдыңғы лек алғы шепке келген тұста,
Оқты қарша боратты мергендері.
Алапаттан қалмақ қолы қатты сасқан,
Шегінем деп бір бірін таптай қашқан.
Құз басынан жауға атқан қой тастарда,
Қара санай оғындай жауды басқан.
Ажал оғы себелеген тау басынан,
«Алаш» ұраны күркірейді жан жағынан.
Ақырзаман орнағандай үрейі ұшып,
Өлексесін жинай алмай қалмақ қашқан.
Жан сауғалап пақыр басын алып қашқан,
Әзірейіл көрінгендей қатты сасқан.
Он мыңдаған әскері опат болып,
Қоңтайшыдан ес кетеді қансыраған.
Жүз есе көп жауды жеңу - кереметі,
Бірінші айқас Жәңгір ханға керек еді,
Енді мақсат кең далада атой салып,
Шапқыншыдан азат ету алаш жерін.
Тас шайнардай аласұрған соғып безек,
Шағын қолын қазақтың енді сезген.
Қоңтайшы бар әскері алдында семсер ұстап,
Қандықұйлы уәде сертін берсе керек.
«Қазақтың жер астына кіргізем бар әскерін,
Оныменен де өтелмейді менің кегім.
Атқа мінген алаштың қанын ішем,
Жерін жаулап қызын күң, ұлын құл етемін».
Дегенінше Бұқардан жиырма мың қол,
Көмекке Жалаңтөс би бастап жеткен.
Көтен, Тобай батырлар қалың қолмен,
Шерік бастап жетеді қырғыз елден.
Біріккен алаш қолы Қосқолаңның,
Баурайында жаусатады жаудың қолын.
Жеңілістен жер құшқан бар әскері,
Ойрат үшін қырғын болған өте жойқын.
Тарихта бұл шайқастың ізі қалған,
Шайырлар кереметін әбден жазған.
Діні бөлек дұшпанның беті қайтқан,
Осы жерге «Орбұлақ» деп ат қойылған
* * *
Бірлігі бір алаштың тірілігі бір,
Түрік тектес халықтың кіндігі бір.
Алтын Орда бас қосқан заманынан,
Қазақ, өзбек, қырғыздың түндігі бір.
Елбасы ел тарихын жыр қылып айтқан,
Қазақ халқы хан, батырын мақтан қылған.
Жерінің асты да бай, үсті де бай,
Бұл қазақты қолдаған патша құдай.
Екі тұлға бұл ерлікке қайран қалды.
Кең даланың қазақтар батыр халқы.
Ынтымаққа шақырған Елбасы да,
Басшылардың үлгі болар маңдай алды.

Түсініктеме: Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Өзбекстан Президенті Ислам Каримов пен Қырғызстанның бұрынғы елбасы Асқар Ақаевқа 1993 жылы айтып берген «Орбұлақ шайқасы» 1643 жылы орын алған тарихи оқиға. Ол туралы Қытай тарихнамасы мен шығыс тарихтанушыларының ғылыми еңбектерінде, С. Кляшторный, Т. Сұлтанов «Летопись трех тысячелетий»- Алматы - С. Петербург - 1992ж. «Қазақ хандарының ғұмырнамасы»- 2001 ж. көптеген деректер келтіріледі. Жәңгір хан 1628 - 1652 жылдар аралығында қазақ хандығын басқарып, бар ғұмырын қалмақтың қазақ жеріне бағытталған экспансиясына қарсы сарп еткен ұлтымыздың аяулы тұлғасы. ХҮІІ ғасырда өмір сүрген ойрат ғалымы Зая - Пандиттің өмірнамасында «Жәңгір хан мосқал тартқан шағында (1652 ж.) қалмақтың 17 жасар жас батыры Галданмен (Галдан - Бошықты болуы ықтимал ) болған жекпе - жекте мерт болды»- деген дерек көзі айтылады.
6 239
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы Конспект Есім ханның баласы Жәңгір 1628 - 1652 жылдары хан болған. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. 1643 жылы жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне басып кіріп,
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ халқы қалыптасуының соңғы кезеңі Конспект 15 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы серпіліс хандық өкіметтердің ішіндегі саяси бытыраңқылықты күшейтті. Жетісу аймағындағы ру - тайпалар Орталық Қазақстанға, Орта
Қазақ хандығы (тақырыптық тест)
Қазақ хандығы (тақырыптық тест)
Қазақ хандығы (тақырыптық тест) 1. ХV - XVІІ ғғ. Қазақ қоғамындағы хан титулы: *А) мұрагерлікпен берілді В) Қазақ ақсүйектерінің құрылтайдағы ресми сайлауынан кейін берілді С) Орыс патшалары арқылы берілді. Д) Шыңғысхан тұқымдары тағайындап отырды.
Алаш барысы Тоғым хан
Алаш барысы Тоғым хан
Сәлімбаев Тілекқали Кеңесқалиұлы
Қазақтың хас батыры - Қарасай
Қазақтың хас батыры - Қарасай
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназияның бастауыш класс мұғалімі Барышева Лаура Жангировна
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×