Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХYII-XYIII ғғ. ғылымның дамуы

25 шілде 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Дүние жүзі тарихы 8 - сынып

XVII - XVIIІ ғғ. ғылым мен мәдениеттің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 17 - 18 ғғ. ағылшын философы Джон Локктың пікірлері, француз ағартушылары т. б. Ғылымдардың көзқарастарын түсіндіру, жаңа заман кезеңіндегі ғылым мен білімдегі жаңа көзқарастар, жаңалықтар, қоғамдағы өзгерістер туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: Сұрақтар қоя отырып, ұтымды жауап беруге, мағыналы сөйлем құрай білуін дамыту, оқушыларға түрлі оқиғалар мен құбылыстардың себеп - салдарын, тарихи маңызын талдай білуге үйрету
Тәрбиелік: ғылымды, ғылыми жаңалықтарды, өнерді бағалай білуге дағдыландыру,
қоғамдағы өзгерістерге өз көзқарастары қалыптасқан саналы азамат тәрбиелеу
Қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ - жауап, мадақтау, СТО технологиясының «ғалыммен сұхбат», «ой қозғау» стратегиялары, ойын элементтері
Көрнекі құралдар: карта, портреттер, сызбалар
Сабақтың типі: интегралды сабақ (жаратылыстану 5 - сынып, физика 8 - сынып, астрономия)

Сабақ жүрісі:
1. Ұйымдастыру
Дәйексөз: «Тыңдағанымды ұмытпаймын.
Көргенімді есімде сақтаймын
Қолыммен істегенімді түсінемін»

2. Үй тапсырмасы: Азия және Африка елдерін отарлау. Тест тапсырмалары
1 - нұсқа
1. Еуропалықтардың отаршылдық саясатын бастаған қай елдер?
А. Испандықтар, орыстар
В. Ағылшындар, болгарлар
С. Испандықтар, португалдықтар
2. Еуропалықтар отаршылдықты жүзеге асыратын, саудаға бақылау жүргізетін, сауданың тірек пункттері қалай аталды?
А. Фактория В. Комиссия С. Буржуазия
3. Отарлары Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлығында, Индонезия мен Цейлонда орналасқан елдер.
А. Франция, Ресей
В. Германия, Португалия
С. Англия, Голландия
4. ХҮІІІ ғасыр бойы Америка мен Үндістанды отарлау үшін бәсекелес күрес жүргізген елдер
А. Англия, Ресей
В. Англия, Испания
С. Англия, Франция
5. Англия мен Франция арасындағы 1741 - 1748 жж. соғыс не үшін болды?
А. Үндістан үшін
В. Испан мұрагерлігі үшін
С. Австрия мұрагерлігі үшін
6. Англия Үндістанды толық отарлауды қашан аяқтады?
А) 19 - ғ. басы В) 14 - ғ ортасы С) 19 - ғ аяғы

2 - нұсқа
1. Отаршылдық неден бастау алады?
А. Қайта өрлеу дәуірі
В. Ұлы географиялық ашулар
С. Гумманизм
2. ХҮІІ ғ. б. Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отаршылдық саясат жүргізуде алғашқы орынды иеленген ел.
А. Англия В. Голландия С. Франция
3. Негізінен Үнді мұқиты арқылы сауда жүргізген,
Англиядағы мемлекет ішіндегі мемлекет сияқты ерекше құрылымы бар сауда компаниясы
А. Вест Үнді компаниясы
В. Королоева Виктория компания
С. ОстҮнді компаниясы
4. Англия мен Франция арасындағы 1702 - 1713 жж. соғыс не үшін болды?
А. Үндістан үшін В. Испан мұрагері үшін
С. Австрия мұрагерлігі үшін
5. 1756 - 63 жылы 7 жылдық соғыстар барысында Францияны Үндістандағы иеліктерін айырған ел.
А. Англия В. Бельгия С. Испания
6. Еуропалық елдердің отаршылдық саясатын қорғану үшін «жабық есік» саясатын ұстанған елдер.
А) Өзбекстан, Хиуа, Ауған хандықтары
Б) Қытай, Жапония, Корея
В) Ресей, Үндіқытай, Мысыр

Тест жауаптары: 1 - нұсқа 1с 2а 3с 4с 5с 6в
2 - нұсқа 1в 2в 3с 4в 5а 6б

Үй тапсырмасы бойынша картамен жұмыс
1. Англияның отарларын картадан көрсету (Египет, Судан, Үндістан, Арабия түбегі)
2. Франция отарларын картадан көрсет(Алжир, Тунис, Гвинея, Мавритания, Мали)
3. Испанияның астанасын ж\е отарлары (аст. Мадрид, отары Б. Сахара, Марокко с. б., оңт. Америка )

2. 2. Үй тапсырмасын қорытындылау. Жаңа сабаққа - Көпір «Ой қозғау» Ағартушылық туралы тірек сөздер жазу
3. Жаңа сабақ жоспары
3 - 1. Философия
3 - 2. Философиядағы жаңа идеялар

3 - 1.
Г. Галилей мен И. Ньютон туралы мұғалім ашқан жаңалықтары туралы мәліметті айтып сосын ол кім? деген сұрақ қойса, оқушылар оның кім екенін өздері айтады. Себебі оқушылар олар туралы мәліметті жаратылыстану, физика пәндері арқылы бұрыннан біледі.

3 - 2.
Фрэнсис Бэкон_
____ ағылшын философы
Өмір сүрген жылы __(1561 - 1626)
Отбасы __________ Дворяндар
Білім алды_________ Кембридж университетін бітірген
Қызметтері: ________ дипломатиялық қызмет, парламент мүшесі, адвокат шешен, белгілі жазушы
Үлесі: эмпиризмнің дамуына жол ашты.
Негізгі еңбектері:____«Жаңа Органон», «Тәжірибелер немесе адамгершіліктік және саяси қағидалар», «Жаңа Атлантида», т. б.
Негізгі қағидасы: «Күш білімде» («Знание – сила»)
Бэкон философия ғылымының практикалық функциясына ерекше көңіл бөледі. «Жаңа Атлантида» еңбегінде адам бақытының негізі техникалық өнертабыстар деп тұжырымдайды. Ғылымдарды да Бэкон адамға пайдалылығына байланысты классификациялайды. Оның пікірінше, философияның негізгі зерттеу объектілері табиғат пен адам.
Рене Декарт- ойшыл
Өмір сүрген жылдары: 1596 - 1650
Картезий - оның латынша тегі
Еңбектері: “Әдіс туралы”, ”Диоптрика”,”Метеор”,”Геометрия”
Жаңалығы: рационализмнің негізін салушы, геометрияға
“Айнымалы шамалар” ұғымын енгізді, қозғалысты математикалық жолмен зерттеді.
Рационализм - таным мен іс әрекеттің түп тамырын адамның ақылымен байланыстыратын көзқарас.

4. Жаңа сабақты пысықтау
Берілген анықтама тұсына термин жазу

1. Анықтамалық бағытта шығарылатын ғылыми басылым -
2. Таным мен іс әрекеттің түп тамырын адамның ақылымен байланыстыратын көзқарас -
3. Дүниені ешкім жаратқан жоқ деп, құдайды жоққа шығарған көзқарас -
4. Жер т. б. планеталар күнді айналады деген көзқарас -
5. Аспан әлемін зерттейтін ғылым -
6. Ғылымның негізі тәжірибе -
Жауаптары:1. Энциклопедия 2. рационализм 3. атеизм 4. гелиоцентризм 5. астрономия 6. эмпиризм
Жауабы. 1. Лейбниц 2. Декарт 3, Кеплер

5. Хронологиялық есептер тапсырмасыОқушы математикалық амалдарды орындағанда сұрақтың жауабы шығады.
Францияда энциклопедия алғаш қашан жарияланды?
(2484: 2)+(2000 - 1751)=
2. Ш. Монтескье дүниеге келген жыл?
(1500+35)+(77х2)=
3. “Маңғыстау” энциклопедиясы қашан жарияланды?(3000: 3)+(2600 - 1602)=

6.«Тарихи диктант» Оқушылар шығып сөйлемдегі тастап кеткен сөзді тауып жазу керек
1. Джон Локк 2. «Жана Атлантида» 3. Бүкіләлемдік тартылыс заңы
1. Ағылшын ғалымы........... баланың санасы
таза парақ секілді, кейін оған өмір өз таңбасын
түсіреді деп тұжырымдады.
2. Фрэнсис Бэконның “....... …………” кітабында таңғажайып арал тұрғындары бақыттылық негізі техникалық өнер табыстар деп жазылды?
3. Жарықтың толқын теориясын жасаушы Христиан Гюйгенс және белгілі ғалым Лейбництің өзі Ньютонның.......................... заңына мүлдем қарсы болды.

7. «Кім жылдам?» ойыны бекіту үшін беріледі. Шарты: 3 тірек сөз беріледі, Мысалы: «физика, астрономия, ойшылдар» осы сөздерге байланысты сөздер табу керек
физика - И. Ньютон БӘТ заңы қозғалыс заңдары, жарық. И. Кеплер инерция.
Астрономия - Галилей телескоп, планета, Күн, Ай
Ойшылдар - Монтескье Дидро, Бэкон т. б.

Сабақты қорытындылау
8. Үй тапсырмасы: 1. СТО технологиясының «Ғалыммен сұхбат» стратегиясын қолдану. Ағартушылық заманда өмір сүрген ғалым немесе өнер адамдарымен қиялында жүздесіп сұхбаттасуы туралы шығармашылық жазба жұмысын жазып келу тапсырылды. Оқушыға жазба жұмысын оқығанда шағын 1 - 2 минуттан аспау керектігі ескертіледі.
2. Оқу
9. Бағалау . Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау
35 669
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
Орта тас дәуірі (мезолит)
Орта тас дәуірі (мезолит)
Орта тас ғасырының ерекшеліктері, қоғамдағы өзгерістер, егіншілік пен мал шаруашылығының қалыптасуы туралы айту, сызба түрінде түсіндіру.
Египеттегі ғылым мен мәдениет
Египеттегі ғылым мен мәдениет
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылы. Тарих пәні мұғалімі: Есеналин Акылбек Габиденович
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым
Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Табиғат
Табиғат
Сабақ № 1 Күні: 02.09.2011 ж Сыныбы: жетінші Пәні: физика және астрономия Тақырыбы: Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыға табиғат пен адам арасындағы байланыс,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×