Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы

19 тамыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Мақсаты:
1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихын түсіндіре отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым - қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.
2. Оқиғаға қатысты тарихи танымын қалыптастыра отырып, ойлау, талдау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен ізденіс жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
3. Елжандылыққа, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жоба сабақ.
Әдісі: интерактивті, жобалау. Сатылай комплексті талдау.
Көрнекілік: слайд - шоу карталар, сызбалар, А. Еңсепов. «Ұлы Жібек жолы» күй, көрініс. Электрондық оқулық. 7сынып.
Пәнаралық байланыс: дүниежүзілік тарих, география.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе. (алғысөз)
3. Негізгі бөлім. (Әр топ өз жобаларын қорғайды)
4. Бекіту.
5. Қорыту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.
ІV. Жаңа сабақты игеруге дайындық кезеңі. Балалар біз бүгінгі сабағымызда «Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен тарихи маңызы» тақырыбын қарастырғалы отырмыз. Алғашқы сөзімізді мына бейнеге берейік. Кезек электрондық оқулыққа беріледі. 10 - анимация.

V. Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі
Міне осы Ұлы Жібек жолы жайлы оқушылар сендерге алдын - ала тапсырма берілген. Әр топ өз тапсырмасы бойынша өз жобасын жасауы тиіс болатын. Ендігі сөзді сендерге береміз.
1 - топ. «Сұңқар»тобына сөз береміз. Олар Ұлы Жібек жолының тарихын зерттеп келуі тиіс еді. Топ мүшелері өз жұмыстарымен таныстырады. Хабарламаларын қорғап сатылай талдайды.
2 - топ. «Жігер» тобы. Ұлы Жібек жолының тармақтарымен жүріп отырып түсіндіреді. Картаны пайдалану. Көрініс көрсету.
3 - топ тобы «Тұлпар» Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсерін баяндайды. Слайд - шоу көрсетіледі.
4 - топ. «Өркен» тобы. Ұлы Жібек жолының мәдениетке тигізген ықпалын түсіндіреді.

VІ. Оқушылардың алған білімдерін тексеру. «Көш керуен» ойны. Викториналық сұрақтарға жауап беру.

1. Ұлы Жібек жолының басталуы:
А) Жетісудан.
Ә) Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан.
Б) Ыстық көлінен.
В) Ұлы Қытай қорғанынан.
2. Ұлы Жібек жолының ұзындығы:
А) 6000км.
Ә) 7000км.
Б) 8000км.
В) 9000км.
3. Қазба кезінде Тараздан табылған құмыралар жасалған ел:
А) Франк мемлекеті.
Ә) Рим империясы.
Б) Араб халифаты.
В) Византия империясы.
4. Қазба жұмысы кезінде Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалардан мешіт, медресе орындарының табылуы дәлелдейді:
А) буддизмнің таралуы.
Ә) исламның таралуы.
Б) христиан дінінің таралуы.
В) дінге шыдамсыздық.
5. Түрік қағанаты мен Византия арасында келісім орнаған жыл:
А) 551жыл. Ә) 568 жыл.
Б) 574 жыл.
В) 596 жыл.
6. Ұлы Жібек жолы тарихи маңызына жатпайтын оқиға:
А) Діни соғыстардың басталуы.
Ә) Шаруашылық пен мәдениеттің дамуы.
Б) Сауданың дамуы.
В) Діндердің таралуы.
7. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел:
А) Иран.
Ә) Соғды.
Б) Батыс елдері.
В) Кавказ жерлері.

VІІ. Бекіту. 1.«Мен кіммін тапшы?» карточкалар үлестіріліп беріледі. Әр топ өз тапсырмасына жауап береді.

І тапсырма. «Маған оңай дейсіндер ме? Кім біреудің өзіне бұйырғанын жақсы көреді. Түйені әкел! Жазыла? Құмандағы суды жылыт. Қосты жық! Отты сөндір! Теңдерді түйеге арт! Кірекеш, бұйда тарт! Керуенді баста! Деген жарлықтармен - ақ шаршаймын. Мәңгібастар өңшең! Отырарға жетпей дамылдауға хақымыз жоқ. Осы жолдан қаһар жарлығын орындай алмай туған жерді қайтып табандарың баспайды.» Осы мінездеме қай қызметкерге тән

ІІ тапсырма. «Осы дүние - мүлікті сонау батыстан шығысқа тасығанда бар қиындықты көтеретін түйелер. Олар менің желмаям, нарым, қоспағым, өмірім осы түйелермен тығыз байланыста өтті. Ат тұяғы кетілген асудан, құс қанаты күйген шөлден, ыстық шілдеде құм басқан түйелерімнің табаны күйеді. Осы бір мойын момындарымды бәле - жаладан, мертігуден, жол үстінде пышаққа түсуден сақтап қалу менің бар арманым.» Бұл мінездеме қай қызметкерге тән?

ІІІ тапсырма.
Темірқазық тым жарық, өзен жағасында кідіре берудің еш жөні жоқ. Түнгі дымқылдан адам мен мал белден қалады. Жетіқарақшының жатысы бөтен, қыс ызғары өзен буады, қабыршақ мұз түйелерді көтере алмайды. Есекқырған көрер көзге мұнар тартып өзеннің бұл тұсы найза бойламас терең болғаны. Үркер шоқ жұлдызының шығуы мен жоғалуы өзгеше, әзір бізге серік болатын емес, асықпасақ бір қатерге ұрынарымыз қақ. Осы мінездеме қай қызметкерге тән?

ІV тапсырма.
«Бәтір - ау менен өзге жұрт балаларының ортасында омалып отырып - ақ күнелтеді. Күнелтеді емес - ау, құртқа тойған қарғаша талтаңдап ғұмыр кешеді. Ал біз байғұс бұралқы иттей жат жерді кезіп, көрінгенге телміріп жүреміз. Қолым, белім, сирағым бәрі менікі емес, керуенбасыныкі, қалай бұйырса солай жұмылады. Қашан жүк түгел артылып, қоспақтар тізіліп жолға шыққанша өзімді - өзім кідіртер құдіретім болмайды. Сосын көштің ең соңындағы түйенің мойнына жармасамын, иіріне аяғымды қойып, өркешке тырмысып, қос өркештің арасына жайғасқанда уһ деп шақырамын» Мен кіммін? Табыңдаршы.

Қорытынды жасау. Бейне таспа көрсету.
VІІІ. Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасын беру. § 14. Оқып келу. Ұлы Жібек жолының картасын сызып келу.
21 620
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі Конспект Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік - батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолы
Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ Тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Балалар бізге тегін саяхатқа шығу мүмкіндігі туып тур, Біз «Жұлдыз» туристік фирмасының жолдамасын ұтып алу үшін біз берілген тапсырманы орындауымыз қажет. Алдымен берілген сұрақтарға жауап беріп, оны дүние жүзі картасының үстіне ретімен
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Қостанай қаласы, №5 орта мектебі Тарих пән мұғалімі Кокеева Амангүл Сабыржанқызы Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы-7-сынып Сабақ тақырыбы: Ұлы жібек жолының тармақтары. Ұлы жібек жолының Қазақстандағы сілемі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×