Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандарының тарихынан

27 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
5 сынып
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандарының тарихынан.
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік. Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және Қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылысымен таныстыра отырып, аты аңызға айналған Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының қызметіне баға беру.
• Дамытушылық. Қазіргі Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының мемлекеттік басқару жүйесін салыстырып, ерекшеліктерін таба білуге үйрету.
• Тәрбиелік. Қазақ хандарының ұлт мемлекеттігінің негізін салуы мен нығайту жолындағы ерлікке толы еңбектеріне баға бере отырып, олардың Қазақ хандығын жауға бермей, ұлан - ғайыр жерді ұрпаққа мұра етіп қалдыруда атқарған қызметін үлгі етіп, жастардың бойларына сіңіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Әдісі: топтастыру, картамен жұмыс, инсерт әдісі. ойындар, тарихи диктант.
Көрнекілік: карта,

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы тексеру
§27. Қазақ халқының қалыптасуы
§28. Қазақ хандығының құрылуы
Кестемен жұмыс
Қазақ атауының мағынасы Қазақ хандығының құрылған уақыты Қазақ хандығын құрушылар Қай ханның тұсында хандық дамыды

III. Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Хан - ел билеушісі.
2. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.
3. Аты аңызға айналған қазақ хандары. Алаша хан.
4. Уыз хан.
5. Жошы хан.
6. Қазақтың хандары.
Қазіргі кезде дүние жүзінде 200 - ден аса мемлекет бар. Республика - мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге сайланатын халықтық басқару түрі. Монархиялық - әкеден балаға мұра ретінде берілетін, мемлекетті бір әулеттің басқару түрі. Бүгінде монархиялық тәртіп сақтаған мемлекеттер әлі де бар. Сол сияқты XIX ғ - ға дейін қазақ елінде монархиялық жүйе сақталып мемлекетті Шыңғысханнан тарайтын төре ұрпақтары басқарды. Хан - орта ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылып отырған Ханның қолында мемлекеттік маңызы бар көптеген өкілеттілік болған. Ол аса маңызды саяси – экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып отырды. Ханның мұрагерін сұлтан деп атаған. Аты аңызға айналған қазақ хандарына тоқталайық. Көптеген аңыз шежірелерде Алаша хан қазақ хандар әулетінің арғы атасы ретінде көрсетілді. б. з. б 4 - 3 мыңжылдықта билік құрған. Шежіре бойынша қазақ халқының үш жүзге бөліну тарихы осы Алаша хан заманынан бастау алады. Шыңғысханның үлкен ұлы. Анасының аты – Бөрте. Қазақ елін билеген хандар әулетінің арғы атасы. Шыңғысхан өлердің алдыңда өзі жаулап алған жерін төрт ұлысқа бөліп береді. Жошыға Ертістен Еділге дейінгі жерлер тиеді. 1227 жылы қайтыс болды. Қабірі Жезқазған қаласында орналасқан. Қазақ хандарының тарихы 1466 - 1847 жылдар аралығын қамтиды. Қазақ хандығы 1466 жылы құрылды. Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек. 16 - 17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.

Қазақ хандарының тарихынан. жүктеу
1 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ мемлекетінің 16 - 17 ғасырлардағы әлеуметтік - экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы
Қазақ мемлекетінің 16 - 17 ғасырлардағы әлеуметтік - экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы
8 ТАРАУ. Қазақ мемлекетінің 16 - 17 ғасырлардағы әлеуметтік - экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы Конспект Қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттың қалыптасу барысында ұлттық басқару
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі)
Қазақ хандығының ішкі – cыртқы жағдайы (15 ғасырдың соңғы ширегі) Конспект 15 ғасырдың II жартысында Қазақ хандығы орда тіккен Жетісуға 200 мың адам қоныстанды. Бұл кең өріс - қонысты керек етті. Қазақ хандығы өз алдына тарихи міндеттерін қойды. 1)
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Қазақ хандары, билері және батырларының ерлігі, басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, елге атқаратын қызметі және Қазақ х қоғамдық саяси құрылыстарымен таныстыра отырып, баға беру.
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
XV – XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Астана қаласы, №52 мектеп - гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Бейсекеева Айгүл Толеуовна
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, № 7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жумаева Гүлжан
Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығы
Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×