Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс

22 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
Қазақстан тарихы 10 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертедегі көшпелілер мен отырықшылар байланыстары, «Көшпелі өркениет» ұғымын, қалалардың өсуі, жартылай көшпелілермен қарым - қатынастың дамуы жайлы жан - жақты толық түсінік беру, темір дәуірі мен орта ғасырлардағы байланыстарға тоқталып, білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Өз беттерімен қорытынды жасауға дағдыландыру, негізгіні ажырата білуге, өз бетімен жұмыс жасауға, зерттеу жұмыстарын қорғай білуге, өй - өрісін дамытып, өзіне деген сенімін, пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, имандылыққа, тарихи ескерткіштерді қорғауға,
Отанын сүюге, мақтанышпен қарауға, өнер ескерткіштерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ. Дамыта оқыту технологиясы.
Сабақ әдісі: Әңгіме, пікір алысу, ізденіс, саяхат.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстан картасы, таратпалар, суреттер

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а/ оқушылармен амандасу, түгендеу
б/ сабаққа әзірліктерін бақылау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Материалдық мәдениет
2. Рухани мәдениет
3. Жартылай көшпелілердің діни - наным сенімдері

1. Блиц - сұрақ
1. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
Мысал келтір.
2. Қойбағар, Арпаөзен, Таңбалы жерлеріндегі /Іле - Шу аңғарлары/жартастардағы суреттер не дейді?
Бұл туралы кім жазып қалдырған?
Жауап: 4 - 6 доңғалақты арбалардың кескініне қарағанда сақтар жылқыны арбаға жегіп, көші - қонға пайдаланған. Бұл туралы Гиппократ: «Арбалар өте шағын, төрт дөңгелекті, 6 дөңгелекті арбалар киізбен жамылған күркелі арбалар да жасалады, олар жаңбыр мен желден пана. Бұл арбаларда бабалар мен әйелдер тұрады, ерлер қашанда ат үстінде болады» деген.
3. Көшпелілер арбаға не жеккен? Бұл туралы мәлімет кімдердің жазбаларында кездеседі?
Жауап: Мұндай арбаларға өгіздер мен түйелер жеккен. Бұл туралы грек тарихшылары сақтардың ағаштан жасалған үйлерде тұрып, қыста оның үстіне тығыз ақ киізбен жабатынын айтады.

2. Сөзді жалғастыр!
1. Ал тұрақтарға келетін болсақ, үйсіндер................. салынған қыстауларда тұрса, қаңлылар................... тұрғызылған үй - жайларда мекендеген.
2. Сақтардың бас киімдері шошақ, аяқ киімдері өкшесіз жалпақ болған. Тізеге дейін камзол киіп, белбеу буынған, тар шалбар, оң жағында қанжар, сол жағында семсер не садақ ілінген.
Ал Есік обасынан табылған адамның үстіндегі......................... бұйымдармен безендірілген.
Бас киімінде......,.......,......,.......,........,....... т. б. жануарлар мен құстар бейнеленген. Беліндегі кіседе................ ғажайып бейнесі, жанындағы...............,...............,......................,...............,................., басқада бұйымдардың сапасы өте жоғары.
3. Қазақстанның Алтай жағындағы Берел обасынан алынған................... де сапалы жасалған. Табыт жанында бірге көмілген аттардың.................. бізге дейін жақсы сақталынып, сол қалпында жетуіне..................... болып қатып жатқандығы себеп болған.
3. Не жайында? /Рухани мәдениет/
2. Сиынатын басты құдайы? Нені құрбандыққа шалған?
Жауап:
Күнге сыйынған, оған арнап құрбандыққа жылқы шалу салты болған. Оған дәлел: адамның жанында ат басы, әбзелдері, жекелеген бөліктері бірге жерленгенін байқауға болады. Күннің құрметіне ең жүйрік жануарды құрбан ету керек деп ойлаған.
3. Жерге талас шыққанда «Бұл жерде менің ата - бабамның сүйегі жатыр, сондықтан бұл менің жерім» деген сөзге не айтуға болады?
4. Отқа май күю салты бар, оны қалай түсіндіруге болады?
Жауап:
Келін түскенде, күйеу алғаш келгенде – отқа май құйған. Ол жаңашылдықты, өзгерісті аңғартқан.
5. «Аң стилі» дегенді қалай түсінесің?
Жауап:
Әр түрлі бұйымдарға салынған жануарлар мүсіндері өзінше бір үлгідегі бойтұмар мен тұмаршалар болған. Ол тайпалар өмірін, қиялын, аңыздарын бейнелеген. Ондағы аңдар таласы сол кездегі рулар мен тайпалар арасындағы талас - тартыстарды, жаулаушылық кездерді білдіреді.

Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы, Катон ауылы,
«Ленин атындағы орта мектебі»КММ
Тарих пәнінің мұғалімі Мергазина Анар Ерлановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 930
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелілер өркениеті. Көшпелілікті зерттеу тарихы
Көшпелілер өркениеті. Көшпелілікті зерттеу тарихы
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б. з. д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.
Киіз үй
Киіз үй
Көшпелілердің баспанасы, Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықты жайында зерттеп шығармашылық жұмыспен айналысады.
Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті (қысқа мерзімді жоспарлар)
Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті (қысқа мерзімді жоспарлар)
Сабақ тақырыптары: 1. Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті 2. Көшпелілердің материалдық мəдениеті 3. Сəулет жəне өнер (VI – IX ғғ.) 4. Халық ауыз əдебиеті, жазу жəне дін 5. VІ – ІХ ғасырлардағы Қазақстан халықтарының отырықшы және көшпелі мәдениеті
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Епенова Самал
Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс
а) Білімділік: «Көшпелі өркениет» ұғымын, сонымен қатар алғашқы көшпелілерден бастап, орта ғасырда жалғасып, одан әрі дамып отырған көшпелілер мен отырықшылардың арасындағы өзара байланысын, ықпалын, әсерін ашып көрсету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×