Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық

03 қазан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. 1920 - 30 жылдардағы мәдени революцияның маңызын, сауатсыздықты жою, саяси ағарту, мектептік білім беру шаралары барысындағы қиындықтар мен жетістіктер туралы білім беру.
Дамытушылық. Оқушыларды өз бетінше жұмыс жасату, шығармашылық тапсырмаларды орындату арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік. Ой - өрісін кеңейтіп, қоғамдық өмірге деген көзқарасын тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, баяндау әдісі, пирамидалық стратегия т. б.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы тақырыбына арналған арнайы плакат.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, әдебиеті, геометрия, дүние жүзі тарихы.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сыныпты топқа бөлу
2. Психологиялық сәт. Екі топ оқушыларының бір - біріне сәттілік тілеуі.

ІІ. Ой қозғау.
1. Револяция деген не? (Төңкеріс. Төңкеріс жасау)
2. Мәдени революция деген не? (қоғамдық өмірдің барлық саласын түбірімен
өзгертіп, жаңа мәдениет жасау, жаңа қоғамда өмір сүретін жаңа адамды тәрбиелеп
шығару.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мұғалім сөзі:
Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық.
1920жылдары бейбіт өмірге көшу жағдайында сауатсыздықты жою, кадрлар даярлау, бұқара халықтың мәдени деңгейін арттыру қажеттілігі туындады.
КСРО - ның басқа аймақтарындағыдай Қазақстанда да сауатты, зиялы қауым ат төбеліндей аз болатын. Халықтың басым бөлігінде бастауыш білімде жоқ болатын. Сол себепті Қазақстанда «мәдени революция» жасау керек деп шешті.
Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиіс болды:
Біріншіден мәдени артта қалушылықты жою.
Екіншіден білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.
Соған байланысты1920 жылы тамызда Партияның Орталық Комитетінде үгіт - насихат бөлімі құрылды. Осы жылы қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси – ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға басшылықты жүзеге асыра бастады.
Мәдени революцияның міндеттері:
Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу керек болды.
- Жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім қажет болды.
- Қазақстандағы оқу - ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу.
- Рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін, қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту.
- Кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін – театр, кино, бейнелеу өнерін т. б. қалыптастыру.
- Қазақстанда ғылымды қалыптастыру үшін ғылыми мекемелер жүйесін құру.
- Жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным - сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмірдегі салтын енгізу.
- Социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау.
- Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.
Осылайша 1920 - 1930 жылдардағы партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай - ақ рухани саладағы мекемелер
Мен ұйымдар арқылы «жаңа кеңестік сана» қалыптастыру ісіне бағытталды.
Партия біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін бір жағынан - халықтың білімі мен мәдениетін көтеруге, екінші жағынан – шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге тырысты. Біртұтас кеңестік мәдениет құру идеясы ұлттық мәдениеттің өрісін тарылтып жіберді.

2. Жаңа білімді меңгеру
Мағынаны тану кезеңі
Бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты екі топқа бөліп беремін. Екі топ өз тақырыпшаларын оқып шығып, сызба немесе кесте түрінде плакатка салып, тақта алдында түсіндіреді
1 - топ. Сауатсыздықты жою.
2 - топ. Саяси ағарту жүйесі. Мектептік білім.

ІҮ. Бекіту«Пирамидалық стратегия»
Егер берілген тапсырманы дұрыс орындасаңыз, бүгінгі тақырыптың мазмұнын ашатын тарихи пирамида құрастыра аласыз.
1. Кейіпкердің аты 1 сөз
2. Оны сипаттайтын 2 сөз
3. Оқиға орнын сипаттайтын 3 сөз
4. Оқиғаға әкелетін проблема 4 сөз
5. Бірінші оқиғаны сипаттайтын 5 сөз.
6. Екінші оқиғаны сипаттайтын 6 сөз.
7. Пролеманы шешуді сипаттайтын 7 сөз.

Ү. Қорытындылау.
Қиындықтар мен кедергілерге қарамастан халыққа білім беруге арналған шаралар жүзеге асырылып, республикада жеті жылдық, он жылдық мектептер жұмыс жасады. Әр оқушының сыныптан - сыныпқа өтуіне жағдайлар қарастырылды.
Шығармашылық ізденіс пен күнделікті тәжірибеге сүйенген кеңестік педагогика қалыптасты.

ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: «Сауатсыздықты жою, халыққа білім беру жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық» тақырыбында тарихи шығарма жазып келу.

Қызылсу орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі Рсалина Гулсара Ибраемовна
39 463
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің жай - күйі туралы жан - жақты мағлұматтар беру.
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, ыдырауы
Түрік қағанатының құрылуы, дамуы, мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы, билеушілері туралы мағлұмат беру.
1920 – 1930 - жылдардағы Қазақстан мәдениеті
1920 – 1930 - жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: 1920 – 1930 - жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстан мәдениеті
Қазақстан мәдениеті
Тарих пәні мұғалімі: Молдахметова С.
ХVІ- XVIІ ғ. Білім мен Ғылым. Әдебиет пен өнер
ХVІ- XVIІ ғ. Білім мен Ғылым. Әдебиет пен өнер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×