Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан

17 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан

Сабақтың мақсаты:
▪ Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының шығу себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы Қазақстандықтардың ерліктері мен тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері туралы мағұлмат беру.
▪ Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
▪ Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып - білуге «ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой - қозғау, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау, стратегиялары, танымдық ойындар.
Оқыту формасы: топтық жұмыс
Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі материалдар, Қ. Р. саяси картасы, буклеттер, бейне таспалар

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1 - тапсырма: «Миға шабуыл»
2 - тапсырма: Оқушы шығармашылығы (ауыл тұрғыны батыр ана – Мария Степановнаның өмірінен…)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ұлы Отан соғысының басталуы
2. Қазақстан экономикасы соғыс жағдайында
3. Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін шайқаста
4. Қазақстан - Сталинград майданының жақын тылы
5. Соғыс бағыты - Батыс
6. Бүкілхалықтық көмек
7. Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар

Жаңа сабақты баяндау: І. Оқып, пікір талдау стратегиясы
3 - тапсырма: Республика экономикасын соғыс жағдайына лайықтап қайта құру жүзеге асырылды. Жаңа құрылыс кәсіпорындарын көрсетіп жаз.
• Қарағанды шахталары
• Жезді,
• Шығыс Қоңырат,
• Мырғалымсай,
• Найзатас кеніштері
• Ақтөбе ферроқорытпа зауыты
• Текелі,
• Өскемен қорғасын - мырыш комбинаттары

4 - тапсырма: Өнеркәсіп орындарын майданға жақын өңірлерден елдің шығыс аудандарына көшірілді. Қажет санды дұрыс көрсет:
1. Зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер – 220
2. Тамақ өнеркәсібі – 54
3. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі – 53

5 - тапсырма: Мәтіндегі бос орындардағы қалып кеткен сөздер мен сандарды толықтыр:
Қажет сөздер мен сандар: Сталинград, Қазақстан, 500. Сайхын, Ордада. Ақтөбе. Ғани Сафиуллин, 120, 800. Нүркен Әбдіров, Боковская - Пономаревка. “Павлов үйі”, Мырзаев. Қарсыбай Сыпатаев. Түбегейлі бетбұрысқа, сөзсіз жеңілісін.

IV. Сабақты бекіту: 6 - тапсырма: “Тарихи шындық”
Дұрыс немесе бұрыс батырмасын басу арқылы мәтінге жауап бер.
• Жүздеген қазақстандықтар шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысты. Солардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары А. С. Егоров пен З. У. Құсайыновтың есімдері белгілі.
• 1945жылғы 16 наурыздада кеңес артиллериясының қуатты үні – Берлин операциясының басталғанын паш етті
• 1945 жылы 2 мамырда Кеңес Армиясы Германияның астанасы Берлинді толық билігіне алды.
• Кеңес Одағының Батыры атағы Сағадат Нұрмағамбетовке Мәскеу үшін шайқасқа қатысқаны үшін берілді.
• Р. Қошқарбаев өзінің досы Г. Булатовпен бірге Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып алқызыл Жеңіс туын қадады.

7 - тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.
1. Танкімен, авиациямен, мемлекет, және, қызыл, жарақтандыруға, ерекше, армия, бөлді, көңіл.
Мемлекет Қызыл Армияны танкімен және авиациямен жарақтандыруға ерекше көңіл бөлді.
2. Шымкент, түбінде, Мәскеу, теміржол, жүріп, шайқастар, торабының, жатқан, комсомолдары, кездің өзінде - ақ, танк, “Қазақстан комсомолы” қаржы, колоннасына, берді, ауыр, жинап.
Мәскеу түбінде ауыр шайқастар жүріп жатқан кездің өзінде - ақ Шымкент теміржол торабының комсомолдары “Қазақстан комсомолы” танк колоннасына қаржы жинап берді.
3. Оқушылар, масақ, металл, жүздеген, сынықтарын, мың, жинады, терді.
Жүздеген мың оқушылар масақ терді, металл сынықтарын жинады.
4. Өздері, 4 млн сомнан, олар, “Қазақстан пионері”, қорына, астам, тапқан, ақшасын, аударды.
Олар өздері тапқан 4 млн сомнан астам ақшасын “Қазақстан пионері, қорына аударды.”

8 - тапсырма: “Тарихи шындық”
Тиісті сандарды бос орынға орналастыр.
1. Республика..... 532.... мың көшірілген адамдарды қабылдады.
2. Соғыс қарсаңында Қазақстанға.. 102.. мың поляк айдап әкелінген болатын.
3. Еділ бойындағы... 360.. мыңнан астам неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді.
4. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны.. 2.. млн.. 464... мыңға жуық адам болғанын айғақтайды.

Қорытындылау: «Сен білесің бе?»
Тест
1. Германияның қарсы КСРО - ға қарсы қауырт соғыс жоспары аталды:
А) “Шлиффен”
В) “Үлкен Түркістан”
С) “Арбайтегемайншафт Түркістан”
Д) “Барбаросса”
Е) “Остланд”
2. Ұлы Отан соғысы кезінде фашистердің жоспары бойынша Қазақстан қандай ірі елдің құрамына енуі қажет болды:
А) “Остланд”
В) “Московия”
С) “Үлкен Түркістан”
Д) “Кавкан”
Е) “Еділ - Орал”
3. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда әскери даярлықтан өткен адамдар саны:
А) 500 мыңнан астам
В) 1 млн. астам
С) 1 млн. 500 мыңнан астам
Д) 2 млн. Астам
Е) 2 млн. 500 мыңнан астам
4. Ұлы Отан соғысы жылдары батыс облыстардан Қазақстанға көшіріліп әкелінген өнеркәсіп орындарының саны:
А) 120
В) 220
С) 612
Д) 405
Е) 320
5. Ұлы Отан соғысы басталды:
А) 1927 ж.
В) 1918 ж.
С) 1941 ж.
Д) 1924 ж.
Е) 1937 ж.
6. 1941 ж. Брест қамалын қорғаушы қазақстандықтар:
А) М. Ғабдуллин, С. Баймағамбетов
В) Т. Тоқтаров, Ш. Шолтыров
С) Қ. Тұрдыев, Ш. Шолтыров
Д) Б. Момышұлы, Б. Бейсекбаев
Е) Р. Қошқарбаев, Д. Шыныбеков
7. Генерал - майор И. В. Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты:
А) Сталинград үшін шайқаста
В) Брест қамалы үшін шайқаста
С) Ленинград үшін шайқаста
Д) Мәскеу үшін шайқаста
Е) Курск үшін шайқаста
8. Мәскеу түбіндегі шайқаста Б. Момышұлы әскери бөлімінің қандай түріне командир болды:
А) Взводқа
В) Ротаға
С) Батальонға
Д) Полкке
Е) Дивизияға
9. Мәскеу шайқасындағы ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алған ротаның саяси жетекшісі:
А) Б. Бұлқышев
В) Р. Қошқарбаев
С) Қ. Аманжолов
Д) М. Ғабдуллин
Е) Б. Момышұлы
10. 1941 ж. жазылған “Ленинградтық өренім” өлеңінің авторы:
А) С. Сейфуллин
В) С. Мұқанов
С) Ж. Жабаев
Д) М. Дулатов
Е) С. Торайғыров

Кері байланыс: «Бағдаршам ойыны»
Оқушылар алдарында жатқан қызыл, сары, жасыл түстері арқылы сабақтың қалай өткенін, ұнады ма жоқ па өз эмоцияларын түстер арқылы білдіру.

Бағалау: Оқушылар өздерін бағалайды

Үйге тапсырма: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан “Жеңіс оңайлықпен келген жоқ” тақырыбына эссе жазу
6 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы.
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы.
Ұлы отан соғысының басталуы және КСРО – ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары туралы мәлімет беру. 2. Ерлік батырлық, деген сөздерінің мәнін түсінуге үйрету.
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Қазақстандықтардың Ұлы отан соғысына қатысуы
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың майдан даласындағы, тыл жұмыстарындағы ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, қазақ азаматтарының ҰОС қосқан үлестері мен қажырлы еңбектерін баяндау және оқушылардың ізденушілік
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, «Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Матаева Назерке Сембековна
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК тарих пәнінің оқытушысы Усманова Гулжан Камбаровна
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ кенті, «Суықбұлақ орта мектебі»КММ тарих пәні мұғалімі Сыдыкова Анар Ахановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×