Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер (VI - X)

03 желтоқсан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Шығыс Қазақстан облысы,
Семей қаласы, Семей қаласының
Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік
медицина колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы
Жаспанова Гульдиана Кумарбековна

Сабақтың тақырыбы: «Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер (VI - X)»
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Білім алушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы түрік, батыс түрік қағанаттары және түркеш, қарлұқ қағанаттарының мәдениеті мен шаруашылығы туралы ғалымдардың зерттеулерін жүйелі түсіндіру.
Дамытушылық: білім алушылардың белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Елін, жерін сүйетін ұлттық рухы жоғары мәдениетті адамзат тәрбиелеу.
Сабақтың жабдықтары: дәріс, оқулық, интерактивті тақта, сызба, кестелер

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқытушының кіріспе сөзі Сабақтың тақырыбы: «Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер (VI - X)», білім алушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы түрік, батыс түрік қағанаттары және түркеш, қарлұқ қағанаттарының мәдениеті мен шаруашылығы туралы ғалымдардың зерттеулерін жүйелі түсіндіру.
(сабақтың тақырыбы мен мақсатына шолу)

3. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру. Ойын элементтерін қолдану.
1. Қанат қақты. Әр топқа сұрақтар беру арқылы білім алушылардың білімдерін тексеру.
1. Қаңлы мемлекеті қай ғасырда құрылды? (Б. з. б. ІІІ ғасыр)
2. Қаңлы тайпаларында билік қандай жолдармен қалдырылды? (Әкеден балаға мұра ретінде)
3. Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің арасындағы ерекше орын алатын қорымды ата? (отырардағы Мардан - күйік қорымы)
1. Қаңлылардың халқының саны қаншаға жетті? (600 мың адам немесе 420 мың үй)
2. Қаңлылар қандай елдермен байланыс жасады? (Қытай, Парфия, рим, Кавказ )
3. Қаңлылар мен үйсіндер арасындағы соғыс қай ғасырда болды? (Б. з. б. І ғасырдың ортасы)
1. Қаңлылардың астанасы қалай аталды? (Битянь)
2. Мүлік теңсіздігінің шығу себебі неде? (Әлеуметтік жіктелу)
3. Қаңлылар қандай күштерге сыйынды? (табиғат күштеріне және ата - баба рухына)
2. Самғау. Берілген тапсырмалар: әр топтағы білім алушылар берілген тапсырма бойынша бірін - бірі жалғастырып ойды толықтыру керек.
- Үйсіндердің шаруашылығы:
- Қоғамдық құрылысы:
- Үйсіндердің кескін келбетіне сипаттама беру:

4. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақ жоспары:
- Түрік және Батыс түрік қағанатын
- Түркеш қағанатын
- Қарлұқ қағанатын
- Мәдениеті мен шаруашылығын

Түрік қағанаты ( 552 - 603 ж.)
552жыл - Бұмын 50мың әскерімен авар жужань мемлекетін талқандады.
Жужань - IV ғ. Монғолия мен Батыс Манчьжурияда құрылған көшпелі тайпалар одағы. 552жыл - Түрік қағанаты құрлып, Бұмын өзін қаған(билеуші) деп жариялады.
542жыл - "Түрік" атаулы алғаш рет қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында"түрік"этнонимі әскери шонжаралар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.
545жыл - Қытай елшісі Түрік қолбашысына келіп, бейбіт қатнас орнады.
Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Еске және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті.
Қара Еске қаған Букрат тауларында аварларды екінші рет женді.
Мұқан қаған 552 - 554ж. жужандарды түпкіліті жеңді. Түріктер:
Ұлы даланың шығыстағы қожасы болды.
Қытай билеушілері түріктерге жылына 100мың тең жібек матасын жіберіп отырған...
570 - 580жылдар - түрік қағанатының шығыстағы саяси ықпалы күшейген кезі.
Иштеми қаған 10 түмендік күшпен соғдылықтарды жаулады.
Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды.
555жылы түріктер Арал теңізіне дейін жетті.
Түріктер Қытайдың Әмударияға дейінгі, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулаған.
Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы эфталиттер болды. Бұл каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға деиінгі жерде созылып жатқан Орта Азияның отырықшы тайпалары.
561 - 563жыл - түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.
564жыл - Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады.
567жыл - Бұхар түбінде түріктер эфталиттерді женді. Орта Азиядағы жеңістерден кеин түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.
563 - 567 ж. ж эфталиттерді бағындырады. VI ғ. 70 ж Солтүстік Кафказ, Қара теңіздің солтүстік жағалауына билік етті. Түріктер мен олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмытылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 жылы соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге (Стамбул) келіп, Византия императоры II Юстинианмен сауда және әскери шарт жасасты.

Халқы Теле - түрік телдес тайпалардың ортақ атауы. "Теле" сөзінен "түрік" сөзі шыққан. Түрік қағанатында 30 - дан аса теле тайпасы болған. Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінеді. Ұлыс басқарушысы - шад. Ұлыстық үстемдік белгісі ретінде 10алтын жебе берілді. Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:
- Ішкі тартыстар;
- Көрші елдермен соғы
581 жыл - қағанат ішінде соғыс басталды. Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық 603 жылы қағанат екіге бөлінді;
Батыс Түрік қағанаты
ШығысТүрік қағанаты. Қазіргі Қазақстан териториясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.

Батыс Түрік қағанаты (603 - 704ж. ж)
Аумағы; Іле, Шу - Еділ, Кубан - Есіл, Ертіс - Тарым, Әмудария, Ордасы - Суяб (Шу өзені бойы) жазғы ордасы Мыңбұлақ (Жамбыл обл)
Халқы - он оқ будун, Ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған. Тайпа екіге бөлінеді;
Дулу - Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан 5 тайпа.
Нушеби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген 5 тайпа

Қоғамдық құрылымы.
Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер ) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған - ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.
Қаған
Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)
Бек (ру, тайпа басқарушы)
Тархан, бұйрықтар ( сот қызметін атқарушылар)
Селиф (салақ жинаушы)
Қара бұдын (қарапайым халық)
Таттар (құлдар)
Халқы - үйсіндер, қаңылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар.

Саяси жағдайы
Алғашқы қағаны - Тардуш. Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы телетайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді.
Қағанаттың күш - қуаты Шегу және Тонжабғу қағандар тұсында арта түсті.
Шегу қаған маясаты ( 610 - 618ж. ж);
Шығыстағы шекараны Алтайға дейін Батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін кеңейтті.
Тоңқаған саясаты (618 - 630ж. ж);
Батыс шекараны ұлғайтты
627жыл - Иранға қарсы Византиямен одақтасты.
Ешбар Елтеріс қаған саясаты..
634жыл - нүшеби тайпасының қолдауымен билікті алды.
"он - оқ будум" жүйесін енгізіп, ел басқаруды қайта құрды.
640 - 657жылдар - дулу мен нушеби арасындағы тартыс болды.
659жыл - Қытай Жетісуға басып кірді, Ешбар қаған қаза тапты.
Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.
704жыл - түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.

Шығыс Түрік қағанаты.
(682 - 744ж. ж)
Шығыс Түрік қағанаты Қытай езгісіне қарсы ұзаққа созылған соғысты бастан кешірді.
682жыл - Шығыс Түріктері Монғолияда өз мемлекеттің қалпына келтірді.
Алғашқы қағаны - Құтлық (халық арасында Елтеріс атанған).
Территориясы: Қазақстанның бір бөлігі, Орталық Азия Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір.
Құтлық, Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды бірге қаған, Күлтегін қағанаты одан әрі күшейтіп, Қытаймен дипломатиялық келісім жасауға қол жеткізді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 319
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың тарихы, тұрмыс - тіршілігі, мәдениеті жайында алған білімдерін тереңдету.
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6 - 9 ғ). Түрік қағанаты Конспект Түрік қағанаты – жерімізде құрылған алғашқы ерте феодалдық мемлекеттердің бірі. Қағанат оңтүстік - шығысында Қытаймен, оңтүстік - батысында парсылармен шектесіп жатты.
Қазақстан аумағындағы батыс - түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері
Қазақстан аумағындағы батыс - түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері
Батыс түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері жайлы толық мағлұмат алады. Мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерінің мәнін түсінеді.
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Казербаева Гульнар
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сисенғалиева Люба Хамитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×