Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер

14 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей Ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылы
Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Алмурзина Гулмира Жолдибаевна

Тақырыбы: Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын, өз кезінде белгілі мемлекет болып, көптеген елдермен дипломатиялық, сауда, мәдени қатынастар жасағанын, өзінің ұзақ тарихында өз заманына лайық жетіліп, дамығанын ашып көрсету. Және тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып берік білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өздерін қалыптастыра отырып, өткен сабақтардағы оқиғаларды
бүгінгі сабақтарда кездескен оқиғалармен салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылығын Венн диаграммасы бойынша тапқызу, оқушыларды сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге қатыстыра отырып, өздігінен қорытынды жасауға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден бері адамзат жинаған тәжірибеге өзіндік үлес қосқанын ашып көрсете отырып, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Өздігімен жұмыс ұйымдастыру, тірек сызба арқылы түсіндіру, топпен жұмыс жүргізу әдісі.
Көрнекілігі: ҚР картасы, «Қаңлылар» картасы, сөзжұмбақтар, слайд, интерактивті карта

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа оқу материалын меңгеру
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІV. Қорытындылау.

Жаңа сабақ жоспары.
1. Қаңлылар туралы деректер
2. Археологиялық ескерткіштер
3. Қаңлылардың жерлеу дәстүрі
Сабақтың мақсаты мен түрімен оқушыларды таныстырып өткеннен кейін, қазақ даласында мекен еткен тайпаларды еске түсіру үшін саяхат жасаймыз

• Қаңлылар б. з. б. ІІІ - ІІ ғасырлар б. з - дың V ғасыры аралығында өмір сүрген.

• Б. з. б. ІІ мыңжылдық Қытай билеушісі Батыс елдерге елшілер жібереді, мақсаты - ел мен танысу, сауда байланысын жасау. Сол елдердің бірі қаңлылар. Қаңлылар туралы тек Қытай деректерінен кездеседі.

• Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған.

• Б. з. б 46 - 36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен ғалымдар анықтап отыр.

• Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні (отбасы) немесе шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлер болған.

• Қаңлы мемлекетінің шекаралары осы күнге Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласы тұрған жерден асып, бір шеті Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.

Қаңлылар мына елдер мен экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған
1. Қытай
2. Сыртқы байланысы Рим
3. Кушан мемлекет

• Қаңлы тайпаларының ең негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы, астанасы
Битянь. Жазба деректері бойынша қаңлы елін хан билеген.
• Қаңлы елі өз ішінен бес бөлікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған.
• Кіші хандар Ұлы ханға бағынған.
• Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған.
• Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жол мен әкеден балаға берілген.

Археологиялық ескерткіштер
• Қауыншы Ташкент төңірегі
• Отырар - Қаратау Сырдария өзенінің орта ағысында Қаратау беткейлерінде
• Жетіасар Арал теңізінің шығыс жағы, Қуаңдария бойы

Оқулықтағы суреттер бойынша әңгіме құрастыру:
1. Көк – Мардан қаласының орны.
2. Қыш ыдыстар, қола бұйымдар.

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

І тапсырма Үйсіндердің шаруашылығы
............................................

ІІ тапсырма Үйсіндердің айналысқан кәсіп түрлері
•....................................................

ІІІ тапсырма Толықтыр
Үйсіндердің тұрмысында.................................. маңызы зор болды. Жетісудың табиғаты оларға көп........... ұстауға мүмкіндік берді. Олардың........... мен............. аралары онша қашық емес еді.....-....... шақырым шамасында болды.
Қытай жазбаларында үйсіндер “........................... де,.............................. де, айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге................... бірге көшеді де, жүреді делінген. Үйсіндердің бір бөлігі көшпелі өмір сүрді әрі............................ де шұғылданды.
Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Одан күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар,................... жасап,...............,.....................,....................,..........................., тікті. Ыдыстарды әйелдер........................... жасаған.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
13 325
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы
Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы
Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы Конспект Қаңлылардың астанасы – Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Аңғал батыр ауылы, Аманкелді орта мектебінің Тарих пәнінің мұғалімі Айтмағанбетова Алмагуль Тлеубековна
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Ғұн мемлекетінің калыптасуы. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашьшығы
Ғұн мемлекетінің калыптасуы. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашьшығы
Князова Балзира Бақытжанқызы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер
Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер
Қызылорада қаласы №197 қазақ орта мектебінің тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Молдахметова Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×