Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер

13 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын, өз кезінде белгілі мемлекет болып, көптеген елдермен дипломатиялық, сауда, мәдени қатынастар жасағанын, өзінің ұзақ тарихында өз заманына лайық жетіліп, дамығанын ашып көрсету. Және тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып берік білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өздерін қалыптастыра отырып, өткен сабақтардағы оқиғаларды
бүгінгі сабақтарда кездескен оқиғалармен салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылығын Венн диаграммасы бойынша тапқызу, оқушыларды сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге қатыстыра отырып, өздігінен қорытынды жасауға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден бері адамзат жинаған тәжірибеге өзіндік үлес қосқанын ашып көрсете отырып, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Өздігімен жұмыс ұйымдастыру, тірек сызба арқылы түсіндіру, топпен жұмыс
жүргізу әдісі.
Көрнекілігі: ҚР картасы, «Қаңлылар» картасы, сөзжұмбақтар, слайд, интерактивті карта

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Үш топқа бөлу, үй тапсырмасын сұрау
3. Үй тапсырмасын бекіту, бағалау.
1 - топ: «Тиграхауда» - Тиграхауда сақтар дегеніміз не - шошақ бөрік киіп жүретін сақтар.
2 - топ: «Парадарайа» Парадарайа сақтары – теңіздің Солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында.
3 - топ: «Хаумаварга» Хаумаварга хаома сусын дайындайтын сақтар. Мекендеген жерлері: Мургаб аңғарында өмір сүрген.

Үй тапсырмасын сұрау.
Әр топ сұрақ қою арқылы өз плакаттарын қорғау.
1 - топ. Тиграхауда.
Кестедегі сөздердің тұсына шартты белгілерді қою.
2 - топ. Парадарайа.
Үйсін мәдениетіндегі әшекей бұйымдар, ыдыстары, құрал саймандарды көрсете отырып кестені толтыру.
3-топ. Хумаварга.
Үйсіндердің жерлеу дәстүрін түсіндіру.
Үй тапсырмасын, бекіту бағалау.
Әр топ ұяшықты ашу арқылы сандар арқылы сұраққа жауап беру.
1 - топ.
1. Үйсіндер қоныс салу үшін қандай жерлерді таңдаған.
2. Үйсіндер туралы қай елдің деректерінен білеміз.
3. Қай өзендердің аңғарында отырықшы қоныстары біраз зерделі, Шу, Кеген өзендері
4. Қай қоныс жақсы сақталған - Ақтас қонысы.
5. Ең үлкен бөлмесінің кеңдігі қанша метр - 126 шаршы метр.

2 - топ.
1. Үйсіндер қолөнер кәсіптерін ата. Шеңбер, зергерлік, құмырашы, тігінші, тоқымашылық.
2. Үйсін қорғандарынан табылған заттар. Қол айна, қыш ыдыс, қыш қалып.
3. Құмыралардың көбі не тәріздес болы келеді. Алмұрт.
4. Мата тоқу үшін неге ұқсас тоқыма көрмесі қолданылған. «Өрмекке».
5 Теріден нелер жасау кеңінен тарады. Ыдыстар, ат әбзелдері.

3 - топ.
1. Обалар қалай орналасқан. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан.
2. Мәйіттің басы қалай жатқызылған. Басы батысқа қаратылып.
3Үйсіндердің не жөнінде жөнді мәліметі жоқ. Тілі мен жазуы жөнінде.
4. Ертедегі үйсіндердің о дүниедегі түсінігі. Өлген адам тіріледі деп есептеген.
5. Үйсіндер қай елдермен қарым - қатынас жасаған. Хань (Қытай) империясымен, Орта Азияның ғұн, қаңлы, ұйғыр тайпаларымен, Енесей Қырғыздарымен.
Жаңа сабақ. Қаңлылар туралы деректер.
Археологиялық ескерткіштер.

Жаңа сабақ жоспары.
1. Қаңлылар туралы деректер
2. Археологиялық ескерткіштер
3. Қаңлылардың жерлеу дәстүрі
1. Қаңлылар ертеден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі, сол ежелгі қонысында қазір де мекендеп отыр. Олар туралы қытай жазбаларындағы деректер және де қоныстары мен зираттарын зерттеп жатқан археолог ғалымдардың пікірлерін баяндау.
Ә) Біздің жыл санауымыздың қарсаңындағы Қаңлы тайпасын көрсету арқылы өз бетінше жұмыс жүргізу, өз карталарына сыздыру.

2. Археологиялық ескерткіштер.
Сызба арқылы түсіндіру.

Қауыншы мәдениеті Отырар - Қаратау мәдениеті Жетіасар мәдениеті
Мәйіттер киіммен жерленген. Қасына күнделікті тұрмыста пайдаланған заттарды қойылған. Әйелдерің қасына әшекей бұйымдары, ер адамдардың қасына қарулары қойылған Мәйіттер тік бұрышты етіп қазылған шұңқырға жерленген. Шұңқырдың төменгі жағына шикі кірпіш қаланған. Жанына керамикалық ыдыстар, әйелдердің сәндік бұйымдары қойылған Жерлеудің 2 түрі болды. 1) обаға жерлеу. Мәйітті қамыстан тоқылған төсенішке салып жатқызған. Қасына қыш ыдыстар қойылған. Ер кісілердің қабіріне пышақ, семсер, садақ; әйелдер қабіріне сырға, моншақ, білезіктер бірге көмілген.
2) сағаналарға жерлеу. Мәйітті шиге, не киізге орап, сәкіге жатқызған. Айналасына тамақ, ішетін ыдыс - аяқтар қойған. Сыртынан топырақ үйіліп, оба тұрғызылған.

ІҮ. Сабақты қорыту кезеңі.
А) Қауыншы, Отырар, Жетіасар зираттардың бір - бірінен айырмашылығын ажырата отырып, қамтылған аумағын картадан тапқызу, сұрау
Ә) оқушылардың өздеріне өткен сабақтағы үйсін тайпалары мен бүгінгі қаңлы тайпаларының жерлеу дәстүрінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ВЕНН диаграммасы бойынша тапқызу арқылы сабақты қорыту.

Ү. Оқушы білімін бағалау
ҮІ. Үйге: §21 оқу, мазмұнын айту
24 305
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы Конспект Ежелгі Құлата қаласының орнынан 50 гектар жерді алып жатқан металл өңдеудің ірі орталығы табылды. Кенді балқыту үшін дөңгелек және төрт бұрышты пештер пайдаланылды. Бұл пештер кен өндіретін орындарға
Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы
Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы
Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы Конспект Қаңлылардың астанасы – Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.
Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер
Қаңлылар туралы деректер. Археологиялық ескерткіштер
Қаңлылардың ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын, өз кезінде белгілі мемлекет болып, көптеген елдермен дипломатиялық, сауда, мәдени қатынастар жасағанын, өзінің ұзақ тарихында өз заманына
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Аңғал батыр ауылы, Аманкелді орта мектебінің Тарих пәнінің мұғалімі Айтмағанбетова Алмагуль Тлеубековна
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Ғұн мемлекетінің калыптасуы. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашьшығы
Ғұн мемлекетінің калыптасуы. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашьшығы
Князова Балзира Бақытжанқызы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×