Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ орда

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
Шәменов ауылы, №34 орта мектеп
Тарих және география пәні мұғалімі
Едігеева Гүлдерай

Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақ тақырыбы: Ақ орда
Жоспары
Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығы - 7 сынып, автор Артықбаев Ж. О. Сабданбеков Ә. Ә, Әбіл Е. Н Интернет материалдары
Жалпы мақсаты
Міндеттері: 1. Ақ Орда мемлекетінің құрылуын, жер аумағын, ішкі - сыртқы саяси жағдайын, шаруашылығын оқып түсіну
Ақ Орданың тарихы, жүргізген ішкі — сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат беру, 14 — 15ғғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыру.
2. Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беріп, қорытынды жасауға дағдыландыру, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

3. Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: Орда мемлекетінің қай ұлыстың орнына құрылғанын анықтайды, Ақ Орданың алып жатқан жері мен орталығын біледі, этникалық құрамын түсінеді, ішкі - сыртқы саяси жағдайын талдайды, Ақ Орданың мемлекеттік күш қуатын нығайтқан хандарды таниды.
Негізгі идеялар қулық, үлестірмелі қағаздар. Плакат, маркер, стикер. Электронды оқулық. Презентация.
Тапсырмалар
/Wiki материалдары/ Топтық жұмыс (мәтінмен жұмыс)
Жұптық жұмыс (Кесте толтыру)
Жеке жұмыс (Жабық тест)
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы іс – әрекеті )

І. Ұйымдастыру
1. 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу зейінін сабаққа аудару. (2минут)
1. 2 Топқа біріктіру (Ақ Орда, Көк Орда. Боз Орда үш топқа бөлу) ( 2 минут)
Күндей жадырап, жұлдыздай жарқырап
Таңдай арайлап, судай мөлдір таза көңілмен
Сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасы
— Балалар қазір қай мезгіл?
– Қыс мезгілі.
— Олай болса, осы мезгілге байланысты «Қарлы кесек» ойыны арқылы үй тапсырмасын қаншалықты кім жақсы дайындалып келген екен соны анықтайық?
1. Алтын Орданың бірінші орталығы (Сарай — Бату)
2. 1227 — 1255 жылдары Алтын Орданы билеген хан (Батый хан)
3. Батый хан кім? (Алтын Орданы құрушы монғол ханы)
4. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырған хан. (Берке хан)
5. Қай ханның тұсында мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды? (Өзбек хан)
6. Тоқтамыс қай жылы Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жібереді? (1382 жылы)
7. Алтын Орданың соңғы ханы (Шейх — Ахмед)
8. Алтын Ордада салық жинауға жауап беретін адамдар? (Даруға)
9. 1342 — 1357 жылдары Алтын Орданы билеген хан? (Жәнібек хан)
10. Не себепті Алтын Орда деп аталды? (Алтын босағалы «Ақ Ордаға» байланысты)

1. Қызығушылықты ояту(2 мин)
1. Суреттегі ғимарат таныс па?
2. Қайда орналасқан?
3. Қалай аталады?
4. Не себепті резиденция «Ақорда» деп аталған?
2. Мағынаны ашу

ІІІ. Тұсау кесер. «Ақ Орда» (ХІҮ — ХҮ ғасырдың басы)
Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ал, бүгінгі жаңа сабағымызға «Ақ Орда» сөзінің қатысы бар ма, жоқ па оның мағынасын сабақ барысында ашамыз.
Бағалау парағы

ІҮ. «Мәтінмен жұмыс»
1 — тапсырма. Топпен жұмыс. Постер қорғау.
1 — топ Ақ Орданың ішкі — сыртқы саяси жағдайы.
2 — топ Ақ Орданың құрылуы, жер аумағы.
3 — топ Шаруашылығы.

Постер қорғау. (қима қағаздар беріледі, оқушылар сөздерді қажетінше құрап тақырыпшаның мағынасын ашады)
1 — топқа берілетін сөздер: Ерзен мен Мүбәрак, Ұрұс хан, 1327 — 1328жж, 1368 — 1369жж, 1374 — 1375жж, Түй — Қожа, Тоқтамыс, Әмір Темір, Темір — Мәлік, 1379ж, 1380ж, Барақ, 1428ж, Әбілқайыр хан, ХҮ ғасырда Ұрұс ханның ұрпақтары Ақ Орда жерінде қазақ мемлекетін құрды.

2 — топқа берілетін сөздер: қыпшақтар, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, керей, үйсін, найман., түркі тілдес тайпалардан құралған, Сығанақ қаласы, Орда Ежен мен Шайбан, ХІҮ — ХҮ ғ. ғ

3 — топқа суреттер берілді. (жер диқаншылық, көшпелі және жартылай мал шаруашылығы)
Әр топ плакатқа жұмыстарын талқылау, келесі топтарға баяндап түсіндіру, тыңдау.
Бағалау екі жұлдыз, бір тілек

Жұптық жұмыс
Алтын Ордамен Ақ Орданы салыстырып талдау

Бекіту
Ашық сұрақтар
1. Ақ Орданың құрылуының осы өңірдегі тайпалар мен халықтар үшін қандай пайдасы, маңызы болды?
(Қазақ тайпаларының бытыраңқылығын, өзара қырқысуын, толассыз қан төгісті жойып, оларды бір мемлекетке топтастырады).

2. Ақ Орданы басқарған хандардың ішінде өзіңе ұнап, есінде сақталып отырған қай хан? Несімен ұнады?
(Мыс: Мүбәрәк – 1327/28 жж. Сығанақта теңге соқтырды.
Урус хан – мемлекеттің күш қуатын арттырды, Тоқтамыс, Әмір Темірге қарсы күресті.
Тоқтамыс хан ше? Неге?
(Әмір Темірге арқа сүйеді т. с. с).
Барақ сұлтан ше?
(Ақ орданың қайта қалпына келтіруге әрекет жасады)
Әбілқайыр хан ше?
(Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрады).

Кері байланыс
9 007
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы) Конспект Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы –
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы жан жақты түсінік беру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, елжандылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Қазақстан территориясындағы көне түркілер
Қазақстан территориясындағы көне түркілер
Қазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекет - түрік қағанатының құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
Ақ Орда (XIII-XV ғасырдың басы)
Ақ Орда (XIII-XV ғасырдың басы)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті № 7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жұмаева Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×