Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұғым

03 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Зинеден селосы,
Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі Шамахова Ләззат Құрметқызы

10- сынып. Қоғамдық білім негіздері
Сабақтың тақырыбы: Ұғым
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Ұғымның жалпы сипаттамасы, мазмұны мен көлемі, ұғымның түрлері, ұғымдар арасындағы қатынастар туралы түсінік бере отырып білімдерін тереңдету.
ә) дамытушылығы: Тақырып бойынша алған білімдерін жетілдіру және оларды пайдалана білу қабілеттерін дамыту
б) тәрбиелігі: Оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу, танымдық қызығушылығын арттыру
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек схемалар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың өткізу әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап. Сын тұрғысынан ойлау мен жазу технологиясы
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, әдептану

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
 1. Оқушылармен амандасу.
 2.Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
 3.Оқушылар назарын жаңа сабаққа аудару.
Үй жұмысын сұрау.
Логика ғылымы және оның маңызы
1. Логика ғылымы нені зерттейді?
2. Формалды логика дегеніміз не?
3. Логиканы меңгерудің маңызы неде?
Үй тапсырмасын қорытындылау.

Жаңа сабақ.
Жоспары.
1. Ұғымның жалпы сипаттамасы
2. Ұғымның мазмұны мен көлемі
3. Ұғымның түрлері
4. Ұғымдар арасындағы қатынастар
Ұғымның жалпы сипаттамасы.
Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі.
Белгілер дегеніміз - заттардың бір-біріне ұқсастықтары немесе айырмашылықтары (олардың қасиеттері мен арақатынастары да белгіге жатады)
Бір затта екінші бір зат иеленген қасиеттердің жоқ болуы да белгіге жатады (мысалы, жолаушының біреуінде жол билеті болса,
Ұғымның мазмұны деп сол ұғым туралы ойлағанда, алдымен ойға оралатын заттың мәнді белгілерінің жиынтығын айтамыз. Мысалы: «КВАДРАТ»
Ұғым көлемі сол ұғым туралы ойға оралатын заттардың жиынтығы болып табылады. Мысалы: «КІТАП»

Ұғымның түрлері.
Дара - Көлемі жағынан бөлінбейтін бір ғана затты білдіретін ұғым. Мысалы: Қазақстан Республикасы
Жалпы - Көптеген бір текті заттарды білдіретін ұғымды айтамыз.Мысалы: «кітап», «бөлме»
Тіркелетін ұғым - Есепке алуға, тіркеуге болатын көптеген ойға сиятын элементтерді қамтитын ұғымдарды айтамыз. Мысалы: Қазақстан қалалары, Абай шығармалары
Тіркелмейтін ұғым - Санын анықтауға болмайтын заттарды қамтитын ұғымдар жатады. Мысалы: «адам» тең мағыналы

1. Түрлі тіркестермен айтылса да, тек бір зат қана ойға оралса, олар тең мағыналы ұғымдар арасындағы қатынастар болады. Мысалы, «Мұхтар Әуезов»(А) және «Абай жолы» романының авторы (В) ұғымдары.
2. Біреуінің көлемі жартылай екіншісінің көлемімен қиылысып келетін заттарды білдіретін ұғымдар бір-бірімен қиылысу қатынасында болады.Мысалы, студент(А)ұғымы мен спортшы (В).
3. Біреуінің көлемі екіншісінің көлеміне толығымен қамтылып жатқан заттар арасындағы қатынастарды білдіретін ұғымдар бір-бірімен бағыныштылық қатынаста болады. Мысалы,«жоғары оқу орындары»(А) және «университет»
4. Егер жалпы және дара ұғымдар бір-бірімен бағыныштылық қатынаста болса, онда жалпы бағындырушы болады да ал дара ұғым бағынышты болады. Мысалы, «Ғарышкер», және «Т.Әубәкіров»

Жаңа сабақты бекіту:
1. Төмендегі тіркестер айтылғанда ойға неше зат оралады, олардың арасында тең мағыналық бар ма?
Сәбит Мұқанов «Ботагөз» романы, Атырау облысы Исатай ауданы, Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Ағасы бардың - жағасы бар».
2. Төмендегі ұғымдар көлемі жағынан бір-бірімен қиылыса ма, болса дәлелде.
Оқушы - ғалым, оқушы - студент, оқушы - өнерпаз, оқушы ақын, оқушы –үздік, оқушы - натуралист, оқушы - суретші, оқушы - бизнесмен, оқушы - белсенді.
3. Төмендегі ұғымдар арасынан бағындырушы ұғым(А) мен бағынышты ұғымдарды тап(В).
Қазақстан Республикасы, Батыс өңірі, Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Қ.Қуанышбаев көшесі №7.
4.Төмендегі ұғымдардың ішінен дара бағынышты ұғымдарды табыңдар.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Ата Заңы,
Қаhарман Бауыржан Момышұлы, Теңге – ұлттық валюта, композитор Шәмші Қалдаяқов, Отан - отбасынан басталады.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру. Адам, батыр, қорқақ, республика, құқық, Алматы, азамат ұғымдарына логикалық сипаттама беру.
Бағалау.
12 094
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі: Қорғанова Базаргүл Әндірқызы
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю. Гагарин атындағы орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Курмашева Нургуль Мухамбеткалиевна
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден ауылы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жармұханова Қаламқас Бекетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×