Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарлұқ қағанаты

13 қаңтар 2017, Жұма
Категориясы: Тарих
Қарлұқ қағанаты
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Қарлұқ қағанаты тарихымен таныстыру, қағанат халқының шаруашылығы және мәдениетін түсіндіру, берілген білімді жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу және сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі мәдени суреттер, интерактивті тақта, слайд, кесте, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, Орта ғасырлардағы Қазақстан картасы, бейнетаспа

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
1 топ – « Ақиқат» тобы
2 топ – « Тапқыр» тобы
3 топ - «Алғыр» тобы

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үш топқа да ортақ және жеке тапсырмалар беріледі. Үш топтың сабаққа қатысуы, білімін бағалау сабақтың соңына дейін жалғасып отырады. Топтардың ішінде белсене қатысып отырған оқушылар бағаланады.
1 тапсырма: «Мен көп білемін»
1 топ
Жер аумағы
Астанасы мысалы Үлкен ордасы - Суяб (Шу бойында), екіншісі Кіші Ордабасы – Күнгіт (Іле бойындағы)
Халқы
Деректер
Әлеуметтік жағдайы
Саяси тарихы

2 топ
Сұлу қаған
Түркеш қағанатының әлсіреуі

3 топ
Атлах шайқасы
Қағанаттың шаруашылығы
Сауда
Теңге соғу

ІІІ Білімін жан – жақты жетілдіру
2 тапсырма «Қатесін тап»

3-тапсырма: «Кім тапқыр»
3 топтан 1 оқушыдан шығып тапсырманы орындап карта құрастырады. Карта 3 бөлікке бөлінген артанда тапсырма берілген.
1. Сауда ісі қайнаған орталықтарын атап, картадан көрсет. Суяб, Баласағұн, Тараз, Испиджаб
2. Сұлу қағанның орнына билікке қай қаған келді? Тұқарсан Құтшар қаған
3. Сұлу қаған билікке келген кезде оңтүстік - шығыстан қауіп төндірген мемлекет? Қытай мемлекеті
Сонымен біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз Қарлұқ қағанаты

ІV Жаңа сабақ
Жоспары:
1. Қарлұқ қағанатының құрамы, орналасқан жерлері.
2. Қағанаттың саяси жағдайы.
3. Шаруашылығы.
4. Мәдениеті.
Бейнетаспа көрсетіледі
1. Тарих айнасы «Аңыз бен ақиқат»
2. электронды оқулық
3. видео ролик

I. Өмір сүрген уақыты: 766 - 940 жж.
II. Территориялық аймағы: Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. Қарлұқтардың шағын тобы Хангай ауданында мекендеген.

III. Орталығы:
а) Испиджаб қаласы
б) Екінші астанасы - Баласағұн

IV. Тайпалары: көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар, сондай - ақ түркіленген соғдылар.
V. Деректер: а) Жазба деректерде қарлұқтар туралы алғаш хабарлар“Суй əулетінің тарихында” (581 - 618жж) кездеседі жəне мұның өзі V - ғасырдың орташеніне қатысты.
б) Ибн Хаукальдін деректері бойынша, «қарлұқтар жерін батысынан шығысына қарай жүріп өту үшін 30 күн жол жүру керек».
в) Араб саяхатшысы Әбу Дулаф өзінің қарлұқтар жерімен 25 күн жүріп өтуіне тура келгенін хабарлайды.

VI. Сыртқы саясаты:
а) Қарлұқтар өздерінің тəуелсіздігі үшін 711 - 712 жж. Шығыс Түрік қағанатына қарсы көтерілді.
б) Қарлұқ жабғуларының дербес ел болуға ұмтылуының нəтижесінде олар Екінші Шығыс Түрік қағанатының орнына 745 жылы орнаған Ұйғыр қағанатынан бөлініп шықты.
в) 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің əскерлерін талқандады.
г) 812 жылы ұйғырлар қарлұқтарды толық жеңіп, олар Ферғана, Сырдарияға дейін келді.
ж) Х ғасырдың басында Қарлұқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас - тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағұн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.

VII. Діни наным - сенімдері: Қарлұқтардың Қазақстанның оңтүстігімен Жетісудың, отырықшы халықтары мен сіңісіп, ислам дінін қабылдаған.
Қарлұқ құрамында 9 тайпа енген: Үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси.
Лазана, фаракия рулары
Шаруашылығы:
• Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы
• Отырықшы егін шаруашылығы

V Жаңа сабақты бекіту
4 - тапсырма. 1 топтың тапсырмасы 1) «Тарихи диктант»
Қағанаттың орталығы.. Суяб. қаласы болды. Қарлұқтар елінде. 25.. қала мен қоныс бар. Қарлұқтарда аталар зиратының басына.. бал - бал. тастан жасалған мүсіндер қою кең таралған. Қашқардың түрік билеушілері. 940.. жылы.. Баласағұн. қаласын басып алып, Қарлұқ қағанатын талқандады

Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы
№ 29 Александр Герцен орта мектебі
Усенкулова Сарбина Ермековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 698
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар)
Қарлұқ қағанаты (756 - 940 жылдар) Конспект Араб тарихшысы әл - Марвази қарлұқтардың құрамында тоғыз тайпа болған деп жазған: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси. Бұдан басқа лазана мен фаракия рулары аталады.
Қазақстан аумағындағы батыс - түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері
Қазақстан аумағындағы батыс - түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері
Батыс түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері жайлы толық мағлұмат алады. Мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерінің мәнін түсінеді.
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайын, оның ерекшеліктерін, патша өкіметінің аграрлық саясатын көрсету. Елдегі әлеуметтік жіктелуді, отаршылдық қанаудың күшеюін түсіндіру
Қарлұқ қағанаты
Қарлұқ қағанаты
Қызылорда қаласы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп - гимназиясы тарих пәні мұғалімі Ибраева Нағима Нұрмұратқызы
Оғыз мемлекеті
Оғыз мемлекеті
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Пеньково орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сағанаева Сарбиназ Қазиқызы «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сисенғалиева Люба Хамитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×