Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

05 ақпан 2017, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: § 26. ӘМІР ТЕМІРДІҢ БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары жөнінде жалпы мағлұмат бере отырып, негізгі түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың карта, тірек кесте, топпен жұмыс істеу, ұшқыр ойлау қабілеттерін, тірек - конспект жазу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларға Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары туралы айта отырып, өз елін жаудан қорғай білетін батыл, ержүрек азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, тірек - кесте, хронологиялық кесте, карта, топпен жұмыс, ойын технологиясы, тестілеу (сәйкестендіру, толықтыру, баламалы тест)
Сабақтың көрнекілігі: карта, семантикалық карта, тірек - кесте, тақырыптық слайд, тест материалдары, «Жедел хаттар»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. «Жедел хат» ойыны арқылы ауызша сұрау
2. семантикалық картамен жұмыс
3. тестілеу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Әмір Темірдің өмірбаяны
2. Әмір Темірдің Алтын Орда жері мен Моғолстан хандығына жасаған жорықтары
3. Әмір Темір жорықтарының зардаптары
Кіріспе
1. Оқушыларға Әмір Темірдің өмірбаяны туралы тақырыптық слайдты көрсете отырып, ауызша баяндау.
▪ 1336 жылы Түркістанда туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген.
▪ Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы.
▪ 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды.
▪ 1370 жылы Мауераннахрды алды.
▪ Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған.
▪ Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шаққанда жолай Отырарда қайтыс болды.
▪ Сүйегі Самарқандағы Гүр Әмір кесенесіне жерленді.
2. Карта, хронологиялық кесте мен тірек кестені пайдалану арқылы Әмір Темірдің Алтын Орда мен Моғолстанға жасаған жорықтары жөнінде түсіндіру.

Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары

Жылдар. Оқиғалар
1374 - 1375 - Сауран түбіндегі шайқаста Тоқтамыс Ұрұс ханнан жеңіледі
1375 - Тоқтамыс пен Әмір Темір Ұрұс ханға қарсы аттанады
1377 - Сауранда Тоқтамыс Темір Мәліктен жеңіледі
1380 - Тоқтамыс Сарайды, Қажы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды
1391 - Құндызша түбіндегі шайқаста Тоқтамыс әскерін Әмір Темір жеңед, бірақ Тоқтамыс қашып құтылады
1395 - Әмір Темір Тоқтамысты күйрете жеңеді.

Тарих пәні мұғалімі Тажгарина Дана Канаткалиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 169
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары Конспект Әмір Темір 1336 - 1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370 - 1405 жылдары Мәуереннахрда билік еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Ақсақ Темірдің Азияға жасаған басқыншылық жорықтарын жан - жақты түсіндіру; Әмір Темірдің қанды жорықтарын баяндаумен қоса, А. Иасауиге кесене соқтыру арасындағы байланыстың сырына үңілу.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр орта мектебі тарих пәні мұғалімі Умеева Күлшара Сәулебекқызы "Үздік презентация" номинациясы бойынша
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
[right]Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада Ризақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×