Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

27 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: §25. Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер – Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстанға жорықтары жайлы баяндап, басқыншылық зардаптарын көрсету.
ә) Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, сөзжұмбақтар, суреттер, хронологиялық кесте, ВЕНН диаграммасы, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын
сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді:
І топ – «Түркістан»
ІІ топ – «Отырар»

Үй тапсырмасы «Кім көп біледі?» ойыны арқылы сұралады. Интерактивті тақтада 10, 20, 30 сандарынан тұратын үш қатардан ұяшықтар беріледі. Сол ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтар қойылады. «10» ұяшығының сұрағына жауап берсе сары түсті үшбұрыш, «20» ұяшығының сұрағына жауап берсе көк төртбұрыш, «30» ұяшығының сұрағына жауап берсе қызыл бесбұрыш беріледі. Алған балдарын жауап парағына топ басшысы белгілеп отырады.
10 ұяшығының 1 - сұрағы: Моғолстанның орталығын ата.
- Алмалық қ - сы
2 - сұрағы: Неліктен Моғолстан деп аталды?
- Шығыс деректерінде «монғол» сөзінің «н» әріпі түсіп қалып, «моғол» деп аталды.
3 - сұрағы: Моғолстан хандығы кімнің тұсында ыдырай бастады?
- Жүніс ханның немересі Абд ар Рашидтің
20 ұяшығының 1 - сұрағы: Моғолстанның құрылуында дулат тайпасының өкілдері неге басты
рөл атқарды?
- М. Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай – Сүбе жерін берген. Осы аумақты билеген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене ат салысады. Поладшы әмір Моғолстанды Маураннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз жеке хандық құруға бар күшін салады.
2 - сұрағы: Моғол хандығының этникалық құрамы туралы айтып бер.
- Монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезде өздерінің басымдылығын көрсеткенімен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін, арғын, барын, барлас, бұлғашы, т. б. ертеден осы өңірде өмір сүрген тайпалар. Бұлардың қатарында осы жергілікті халықтармен араласып, түркіленіп кеткен монғол тайпалары да болды.
3 - сұрағы: «Батпақ шайқасы» туралы не айтасың?
- Тоғылық Темір хан қаза болғаннан кейін Әмір Темір Мауараннахрдағы билікті өз қолына алу үшін, Ілияс – Қожаға қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс - Қожа ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырап, Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап келіп, қайта соғысады. Ташкент қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда екі жақтың арасындағы шешуші шайқас «Батпақ шайқасы» болады. Жазба деректердің хабарына қарағанда екі жақтан 10 мыңға жуық адам қырылған.
30 ұяшығының 1 - сұрағы: Тоғылық Темір хан тұсында моғол хандығының саяси жағдайы қандай болды?
- Тоғылық Темір хан тұсында саяси тұрақсыздық орын алды. Хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Хан елдің ішкі – сыртқы саяси жағдайын жақсартты. Тоғылық Темір хан өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысының кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге әрекет жасайды. 1360 – 1361 жж Мауараннахрға екі рет сәтті жорық жасап, баласы Ілияс – Қожаны таққа отырғызады.
30 ұяшығының 2 - сұрағы: Моғолстанның алып жатқан аумағын картадан көрсет.
- Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік – шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағы
30 ұяшығының 3 - сұрағы: Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстан мемлекеті қай жерлерді алып жатты?
- Шығыс шеті қалмақтармен шектесіп, Барыскөл, Емел, және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістан, Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғанамен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі.
Үйге берілген жазба жұмысын тексеру: «Түркістан» тобына Моғол мемлекетінің хронологиялық кестесін жасап келу, «Отырар» тобына Моғолстан мемлекетінің хандары туралы әңгіме құрап келу тапсырылған.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары:
І. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары.
ІІ. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорықтары.
ІІ. Әмір Темір жорықтарының зардаптары.

Әмір Темір 1336 жылы Түркістан қаласында Барлас тайпасының биі Тарағай бектің отбасында дүниеге келген – қолбасшы, мемлекет қайраткері. Әмір Темір алғашында 1361 ж Қашқария уәлаятының билеушісі болды. 1370 жылы Мауараннахрды өзінің қолына алды. Содан 35 жыл бойы - 1405 жылға дейін жеке – дара билік жүргізді. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. ХІҮ ғ 70 - жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ – даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол Ақсақ Темір, ирандықтарға Тимурләнг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темірдің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 – 1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңт. Әзербайжан, 1384), Иран мен Ауғанстан толық бағындырылды.
Ол Қазақстан мен Қырғызстан аумағын – Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісу мен Тянь – Шаньға басқыншылық мақсаттарын асқан қатыгездікпен жүзеге асырды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 978
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
XIII - XV ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір.
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы жайлы баяндау
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары Конспект Әмір Темір 1336 - 1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370 - 1405 жылдары Мәуереннахрда билік еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Ақсақ Темірдің Азияға жасаған басқыншылық жорықтарын жан - жақты түсіндіру; Әмір Темірдің қанды жорықтарын баяндаумен қоса, А. Иасауиге кесене соқтыру арасындағы байланыстың сырына үңілу.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Оқушыларға Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары туралы айта отырып, өз елін жаудан қорғай білетін батыл, ержүрек азамат болуға тәрбиелеу.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр орта мектебі тарих пәні мұғалімі Умеева Күлшара Сәулебекқызы "Үздік презентация" номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×