Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары

01 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: Тарих
Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы (7 сынып)
Тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Ақсақ Темірдің Азияға жасаған басқыншылық жорықтарын жан - жақты түсіндіру;
Дамытушылық: Әмір Темірдің қанды жорықтарын баяндаумен қоса, А. Иасауиге кесене соқтыру арасындағы байланыстың сырына үңілу.
Қатыгездік пен парасаттылықты таразылау
Тәрбиелігі: Әмір Темірдің батырлығы мен қайсарлығын, тапқырлығын үлгі ете отырып, патриоттық тәрбие беру.
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, СТО стратегиясы элементтерін (Кубизм әдісі, Венн сызбасы, Екі бөлімді күнделік, постер қорғау) сабақта қолдану әдісі.
Түрі: Ашық сабақ
Көрнекілігі: Қазақстанның картасы, плакат беттер, А. Йасауи кесенесі, Әмір Темір портреті,
Әмір Темірдің геонологиялық схемасы, слайд,
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география, қазақ тілі
Барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Қорытынды
5. Бекіту
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,
2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
3. Топқа бөлу/ хан есімдері арқылы/
І топ Алтын Орда: Батый, Берке, Меңгу - Темір, Тохты, Өзбек, Жәнібек, Мамай
ІІ топ Ақ Орда: Орда - Ежен, Мүбарақ, Ұрыс, Барақ, Темір - Мәлік, Сасы - бұқа
ІІІ топ Моғолстан: Тоғылық - Темір, Ілияс - Қожа, Қызыр - Қожа, Уайс, Есен - Бұға, Абдар - Рашид, Жүніс
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Кубизм әдісі бойынша:/ 6 қыр, әр топ куб лақтыру арқылы тапсырмаларын алады/

Сипаттау - Дулат тайпасының белді тайпа болғандығын
Салыстыр - Моғолстанның әлеуметтік құрылымы.
Зерттеу - «Батпақ шайқасы»
Талдау - Есен - бұғаның мақсаты
Қолдану - Моғолстанның аумағы қазіргі таңда ( картамен жұмыс)
Дәлелдеу - Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына негіз болды

Моғолстан мемлекеті (білім тексеру сұрақтары)
1. Моғолстанның құрылуы, Моғол ханы Тоғылық - Темір тұсында саяси жағдай қандай болды?
2. Әмір Темірдің Моғолстанға шабуыл жасауы
3. Моғол мемлекетінің әлсіреуіне қандай жағдай себеп болды?

ІІІ Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Әмір Темір туралы түсінік.
2. Әмір Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан жеріне жасаған жорықтары
3. Әмір Темір жорықтарының зардаптары
Жаңа сабақты түсіндіру/презентация арқылы/
Әмір Темір генеалогиясы /слайд/

Оқулықпен жұмыс: топтарға тапсырма беру, мәтінді оқу
І топ: Әмір Темір жорықтарын сызба арқылы түсіндіру.
ІІ топ: Венн диаграммасы “Шыңғысхан мен Әмір Темір” (ұқсастығы)
ІІІ топ: Екі бөлімді күнделік: Әмір Темірдің (жағымды, жағымсыз жағын анықтау. /постер қорғау/

ІV. Қорытынды
• Балама тест (ия, жоқ)
1. Әмір Темір хан ба? (жоқ)
2. Темір 35 жыл бойы билік етті ме?(ия)
3. Тоқтамыс өзін Ақ Орданың билеушісімін деп санады ма?(ия)
4. Ол 1410 жылға дейін билік жүргізді ме?(жоқ)
5. Әмір Темір Ақ Орданы әлсіретуді көздеді ме?(ия)
6. Әмір Темірдің 1391 ж 300 әскері болды ма? (жоқ)
7. Темір Отырар қаласында қаза болды ма? (ия)
8. Темір Мәлік Ұрұс ханның інісі ме?(жоқ)
9. Алтын Орданың астанасы Самарқан қаласы ма?(жоқ)
10. Тарағай бектің баласы ма?(ия)

• Ой толғаныс бөлімі
1. Әмір Темір Алтын Ордаға шабуыл жасау үшін кімді пайдаланды?
2. Тоқтамыс хан мен Әмір Темір арасындағы қайшылық неден туды?
3. Темірдің Моғолстанға қарсы шапқыншылық жорықтары туралы не білесіңдер?

V. Бекіту
VI. Бағалау.
Сабаққа белсенді, ынталы қатысып отырған оқушыларға бестік бағасын, толық жауап айталмай отырған оқушыларға төрттік бағасын қоямын.
ҮІІ. Үйге тапсырма: оқу. Картадан Әмір Темір жорықтарының бағыттарын көрсету. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Толық нұсқасын жүктеу
5 142
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары Конспект Әмір Темір 1336 - 1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370 - 1405 жылдары Мәуереннахрда билік еткен. Әмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеді.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Оқушыларға Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары туралы айта отырып, өз елін жаудан қорғай білетін батыл, ержүрек азамат болуға тәрбиелеу.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр орта мектебі тарих пәні мұғалімі Умеева Күлшара Сәулебекқызы "Үздік презентация" номинациясы бойынша
Түркістан – екі дүние есігі ғой
Түркістан – екі дүние есігі ғой
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы тарих пәні мұғалімі Шораева Перизада Еренқызы
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
[right]Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада Ризақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×