Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтар

18 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі Құдиярова Зада Ризақызы

Сыныбы: 6
Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сабақтың мақсаты: а) Сақтар туралы алғашқы деректермен таныстыру, мекендеген орны, қоғамдық құрылысы жайлы қосымша материалдарды пайдалана отырып әңгімелеу;
ә) Оқушылардың тарихи білімдерін толықтыру, ой – өрісін дамыту, сөйлеу қабілетін, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыта отырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
б) Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ақпараттық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тестпен жұмыс, бетпе-бет сұрақтары
Сабақта қолданылатын технология: Ақпараттық, ойын технологиялары, түртіп алу стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, оқулықтағы Сақтар картасы, жұмбақ, тарихи мозаика, тест, үлестірмелі тапсырма, сөзжұмбақ, ребус
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Георафия, Қазақ тілі мен әдебиеті, Бейнелеу өнері

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылар мен сәлемдесіп, түгелдеу
ә) оқушыларды сабаққа тарту, қызығушылығын ояту мақсатында психологиялық дайындық:
- Отан.... Атамекен.... Атажұрт..... Тарих ..... Бұл – құлаққа асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиіп, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.... Біздің туған жеріміз Қазақстан – халқымыздың ата – баба мекені, ежелгі қонысы. Ата – бабамыздың туып, өмір сүрген, кіндігі кесілген кең жазира жері тарихының парағын

Сақтар – біздің бабамыз,
Ақыл – ойлы данамыз.
Тарихи дерек іздеп біз,
Көне дәуір тамырын
Терең іздеп табамыз, - деген өлең шумағымен ашайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: “Таза тақта” ойыны
Сөзжұмбақ шешу «Темір дәуірі»

ІІІ. Жаңа сабақ:
Тарихи мозаика. Берілген сөздерден сөйлем құра.
(Біздің еліміздің тарихында темір дәуірі б.з.б. ҮІІІ- ҮІ ғасырлар аралығын қамтиды)
Ребус шешу (сақ, үйсін, ғұн)

ІҮ. Сергіту сәті. “Ойлан тап” жұмбақ шешу
Берілген ұяшықтарды таңдау арқылы ұяшықтарға жасырылған жұмбақтарды шешу керек.
1 – ұяшық: Қадам бас алға сүрінбей,
Болашақ кілті – білімде.
Қандай мағына береді
“Сақ” сөзі парсы тілінде? («құдіретті еркектер»)
2- ұяшық: Арайлап таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? (Шұбат)

3- ұяшық: Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады
Грек Геродот сақтарды? (“массагеттер”)
4- ұяшық: Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік? («Хаумаварга»)
5- ұяшық: Ағаға тыныс іні еді,
Тарих өткеннің үні еді.
Сақ әйелінің ерлігін
Сипаттап берген кім еді? («Ктесий»)
6- ұяшық: Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? («Парадарайа»)

Ү. Жаңа сабақты бекіту
1. Тақырыптық тест
1. Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар қалай аталады?
А) Ғұндар
В) Үйсіндер
С) Қаңлылар
Д) Сақтар
Е) Түркілер
2. Мына тайпалардың қайсысы "Азиялық скифтер"атына ие болды?
А) Қаңлылар
В) Сақтар
С) Монғолдар
Д) Түріктер
Е) Үйсіндер
3. Иран жазбалары сақтарды:
А) "Дала скифтері"
В) "Азиялық скифтер"
С) "Күймелер"
Д) "Көшпелілер"
Е) "Жүйрік атты турлар" деп атайды.
4. Қай сақ тайпалары Жетісуды мекендеді?
А) Массагеттер
В) Хаомоварга
С) Тиграхауда
Д) Апасиактар
Е) Аримаспалар
5. Сақ тайпаларының бірі массагеттер жайлы жазған грек тарихшысы:
А) Страбон
В) Диоген
С) Птоломей
Д) Геродот
Е) Аристотель
6. Сақ тайпалар одағының жоғарғы билеушісінің титулын атаңыз:
А) Патша
В) Қаған
С) Хан
Д) Елтебер
Е) Гурхан
7. Сақ абыздарына қандай түс тән?
А) Ақ
В) Қызыл
С) Көк
Д) Жасыл
Е) Сары

2. Бетпе-бет сұрақтары:
1- оқушыға:
- Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңғыш тайпалық одақ – сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сен бұл сабақтан қандай мағлұмат алдың?
- Сақтардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты
- Сақтар қандай тайпа екен?
2- оқушыға:
- Сақтар туралы қандай деректерден алынды?
- Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?
- Әйелдері туралы Ктесий не деп жазды?
3- оқушыға:
- Сақтарды гректер қалай атаған?
- Шошақ бөрікті сақтар Қазақстанның қай жерлерін мекендеген?
- Сақтарға тән ерекшелік

ҮІ. “Түртіп алу” стратегиясы (Тақырыптың ішінен кездескен сөздер)
Парадарайа сақтары – Теңіздің арғы жағындағы сақтар – Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында мекендеді.
Тиграхауда сақтары – Шошақ бөрік киетін сақтар – Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда мекендеді.
Хаумаварга сақтары – Хаома сусынын дайындайтын сақтар – Муграб аңғарын мекендеді.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Мен бүгінгі сабағымызды мына аңызбен қорытындылағым келіп отыр.
Зарина (Сара) – сақ елінің басқарушысының қызы. Сақ заңы бойынша егер қыз жауынгер өзін соғыста көрсете алмаса, онда ол қыз тұрмысқа шыға алмайды деген қатаң тәртіп бар.

Заринаның әскері соғыс болмаған уақытта үнемі аң аулауды әдетке айналдырады. Жақын маңда ешқандай жыртқыш аң болмағандықтан қыздар үнемі аңға шығып, алысқа ұзап жүрді. Қыздар өздері тұратын мекеннен ұзап кетіп аң аулағанды жақсы көріп жүрді. Үстірт жерінде құландарды аулап бүкіл ауылды етпен қамтып отырды. Осындай бір аң аулауда Зарина өзінің жауынгер қыздарынан бөлек ұзаққа кеткенін аңғармай қалады. Құланды қуғаны соншалық қыздардың қай тұста қалғаны Заринаға белгісіз болды. Осы жерде жаудың әскеріне тап болып, Заринаны жау әскері артынан қуып ұстамақ болады. Бірақ Заринаның аты да өзі де беріспей ұзаққа шабады, сақ батырынша киінген Заринаның артынан Мидияның жауынгері мен патша ханзадасы да артынан қуа жөнеледі. Зарина аяғынан жараланады. Мидиа елінің ханының ұлы, өз жауынгерлеріне ұстаған батырының басын шабуды бұйырады. Заринаның басындағы бас киімі жерге ұшып түскенде, оның шашы ұзын, өте сұлу қыз екенін көреді. Осынша әйел затының ерлігіне таң қалған Мидия ханзадасы, өз райынан қайтуына мәжбүр болады. Бұл Медияның патшасының баласы жас ханзада Стриангей болатын. Ол да өз әскерімен аң аулауға осы тұсқа жауынгерлерімен бірге шыққан болатын. Осы жерде аң аулап жүрген Заринаға күтпеген жерден кездеседі. Мидия ханзадасы сақ елінің ең әдемі де, көркем сұлуына ғашық болады. Олар екеуі тек осындай аң аулауда кездесеміз деп өздеріне уәде береді. Екі ғашық арасындағы кездесу екі ел, сақ елі мен Мидия елінің ауыз бірлікке келуіне, бейбіт өмір сүруіне себепші болады. Зарина мен Стриангей бір-біріне ант беріп екі елді бейбіт ұстауға уәде береді.

Зарина сақ патшасының қызы болғандықтан мемлекеттік билікке араласуға толық қақысы бар болатын. Ал күйеуі Мөрмөр тек әскербасы болғандықтан оның әмірі тек қол астындағы әскеріне ғана жететін. Оған елдің тыныштығы ұнамады. Сондықтан сақ даласының сыртында Зарина мен тілдесуге келген Стриангейді қапылыста қолға түсіреді. Соғысуға дайын тұрса да, Стриангей Заринаға берген уәдесінде тұрып, екі елді қырғынға ұшыратпау үшін өз әскерін кері қайтаруға бұйрық береді. Тұтқынға түскен Стиангейді көріп, Зарина қатты уайымдайды. Зарина жігіттің ерлігіне риза болып, Мөрмөрге Мидияның адал, ержүрек ханзадасының өмірін мен үшін қи деп өтінеді. Сен онымен соғысып майданда жеңген жоқсың, райыңнан қайт, еліміздің басына қасірет әкелме деп Зарина өтініш айтады.

Бірақ Мөрмөр бұл келісімге қарсы болады. Зарина сен ханның бұйрығы бойынша қан сасыған олжаны ойласаң, мен елдің береке бірлігін, ана мен баланың көз жасына ойлап тұрмын, райыңнан қайт - дейді. Бірақ Мөрмөр келіспей қанжарын суырып алып, Стриангейге ұмтылады, Зарина өзін қорғайтын жасақтарына Мөрмөрді ұстауды бұйырады, осы жерде Мөрмөр қаза болады. Зарина: “- Бүкіл бір елді қансыратып, мағынасыз соғыста құрбан болғаннан гөрі, өзін ұстай алмайтын долы әскербасының қазасы әлдеқайда жеңіл. Ол менің күйеуім, бірақ елімнің амандығы мен үшін одан да қымбат! Медианың ханзадасын босатыңдар!” дейді.
Ханзада еліне кетерде “адал махаббатымыздың белгісі болсын, екі патшалықты біріктіріп, бір ел болайық, қосылайық” дейді.Бірақ Зарина: “Сен екеуміз қосыла алмаймыз. Себебі, мен саған тұрмысқа шықсам, сен – хан, мен ханым боламын. Менімен қоса елім де саған бағынышты болады. Сондықтан жеке басымның бақытын елімнің еркіндігімен айырбастай алмаймын. Махаббаттан да күшті нәрсе бар, ол – елімнің тәуелсіздігі” деген екен. Халқы үшін бақытынан бас тартқан сақ қызы Зарина біз үшін арулардың тәңірісі де тәкаппары да, үлгісі де болады, бола да бермек! Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Әлия мен Мәншүк, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасындағы Сәбира мен Ләззаттарды Осы Заринаның ұрпағы деп кім айтпайды?

ҮІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

ІХ. Үйге тапсырма: §14-ті оқып келу. Геродот пен Страбон жайлы мәлімет
жинап келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың тарихы, тұрмыс - тіршілігі, мәдениеті жайында алған білімдерін тереңдету.
Сақ қорғандары
Сақ қорғандары
Адамдардың қоғамдық қатынастардың өзгеруіне, бұл кезеңнің зерттеген мәдени ескерткіштеріне тоқталу;
Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы
Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы
Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша сұрақтар беру, сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы, олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі және олардың шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
Сақтар
Сақтар
Ю. А. Гагарин атындағы мектеп Тарих пәні мұғалімі: Сүлейменова Әсел Болатқызы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×