Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері

16 мам 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері
Қазақстан тарихы 6 сынып
Өткізу түрі: Ауызша сабақ - 2, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн» 6 сынып.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыда ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
Сабақтың көрнекіліктері: матрица, интерактивті тақта, слайд, сынып тақтасы

Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивация (2 минут)
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата - аналар, оқушылар!
Оқушылар: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Мектебімізге қош келдіңіздер!
Здравствуйте, дорогие гости. Добро пожаловать в нашу школу!
Good morning dear guests, welcome to our school
Бүгінгі біздің сабағымыз БжС технологиясының «Ауызша сабақ - 2″ картасы негізінде өтеді.
Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз берейік.
Айда: Біз мықтымыз ба?
Сынып: Иә
Айда: Біз алғырмыз ба?
Сынып: Иә
Айда: Біз шапшаңбыз ба?
Сынып: Иә
Айда: Біз қойылған нәтижеге жете аламыз ба?
Сынып: Иә
Айда: Олай болса АЛҒА, АЛҒА, АЛҒА!
Сынып: АЛҒА, АЛҒА, АЛҒА!

Сабақтың ұраны: «Білген сайын келеді біле бергім, білімдіні сүйетінін білем елдің».
Іс әрекет тәсілдері мен білімдер кешенін өзектендіру
Бір мәрте қол соғып зейіндерін шоғырландыру
Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар:
1. Көшпенділер немен етене жақын? Табиғат
2. Нені сақтау көшпенділердің рухани мәдениетінің ерекше үлгілері? Табиғаттың үйлесімділігін, аруаққа бас ию, сөз қадірін түсіну, ата салты
3. Сақтардың түсінігінде әлем неше бөліктен тұрады? Үш әлем: жер асты, жер әлемі, аспан әлемі
4. Не туралы түсінің Есіктен табылған сақ патшасының бас киімінде бейнеленген? Сақтардың ғарыш туралы түсінігі
5. Баскиімнің алдыңғы жағында нені бейнелеген? Бүкіл аспан әлемінің бейнесі болып табылатын күн белгісі
6. Көшпелілер әлем бағытын қалай тұрып анықтаған? Бетін шығысқа бұрып
7. Нені адамның дүниеге келуімен, өмірдің басталуымен байланыстырған? Күннің шығуы мен Айдың тууын
8. Қола, ерте темір дәуірінің көшпелілері қайтыс болған адамды жерлегенде басын қайда қаратып қойған? Батысқа
9. Олардың дүниетанымы не түрінде болды? Анимизм
10. Адамның жер бетіндегі өмірі не деп аталынды? Бұл дүние (фәни)
11. Қай дүние мәңгілік деп білді? Бақи
12. Қайдан табылған айылбаста үш жыртқыштың шалқасынан құлаған киікті жұлмалап жатқан көрінісі бейнеленген? Орталық Қазақстаннан
13. Бұл сақ дәуірі адамдарының түсінігі бойынша тіршілік иелерінің несін суреттейді? Өлім мен өмір арасындағы күресін
14. І Петрдің не деп аталатын мұрағаттарынан да осындай өлім мен өмір күресі ерекше айқын көрінеді? «Сібір коллекциясы»
15. Қазақстан аумағында жаппай таралған нелер сақтардың бейнелеу өнерінің ескерткіші болып табылады? Петроглифтер - жартастардағы суреттер.
16. Таңбалы аңғарынан Қойбағар, Арпаөзен жартастарында сақтардың несі бар? Ондаған бейнелері
17. Сонымен өмір мен өлім үшін күрес қайда көрініс тапқан? Жартастағы гравюраларда және сақтардың қолданбалы өнер бұйымдарында да
18. Олардың арасында суретшінің өзіне ұнаған кейіпте салынған нелердің бедерлері бар? Бұғылардың суреттері, аю мен басқада жыртқыш аңдардың
19. Аң бейнелері бар заттар қасиетті не саналды? Тұмар немесе бойтұмар
20. Сақтардың түсінігінде сәйгүлік жылқыны немен байланыстырады? Күнмен және отпен

Екі минус алған оқушыға «Құтқару шеңбері» сұрақтары:
1. Әрбір ру не тайпаның не есептелген? Бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті, т. б аңдар.
2. Есік қорғанынан табылған патшаның несінде бейнеленген қанатты аттар күн қозғалысын білдіреді? Бас киімінде
3. Көне түркілер тас мүсіндерінің бетін қайда қаратқан? Шығысқа

Мұғалім: Бактыбаева Зарина Узакбаевна
Толық нұсқасын жүктеу
7 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Функция ұғымы. Функцияның формуламен берілуі
Функция ұғымы. Функцияның формуламен берілуі
Функционалдық тәуелділік туралы ұғымды, функционалдық тәуелділікте тәуелсіз айнымалының бір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес болатындығын үйрету, өткен тақырып бойынша 63% - ға жеткен оқушылардың білім мен біліктілігін сөйлеу арқылы
Шыбын мен Көбелек
Шыбын мен Көбелек
Демек, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Шыбын мен Көбелек». Бұл мысалдың авторы Сейітқұл Оспанов. Ол Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. «Жалын», «Мектеп» баспаларында, «Зерде», «Парасат» журналдарында жұмыс істеді. «Бақытты үй», «Құлдар
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары Конспект Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Сыпайылық салтанаты
Сыпайылық салтанаты
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63 % меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×