Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі

24 сәуір 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Ежелгі Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ жоспары
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Темір дәуіріндегі тұрғындардың отырықшылықтан көшпелі мал шаруашылығына ауысуы, тебіндік жайылым, төрт түлік мал туралы түсінік бере отырып, оқушылардың білімін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, қабілетін дамыта отырып, жаңа тақырыпты меңгерту.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Жаңа білімді меңгеру, баяндау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сурет, кесте.
Пәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин)
А) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
Б) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
В) сыныпты топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасы (8мин)
Қола дәуіріндегі Қазақстан тақырыбын қайталау.
Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топқа 5 сұрақтан қоямын.
“Қатесін тап, жалғастыр”

«Андронов» тобына
1. Қола мыс пен темірден жасалады?
2. Қ. Сәтбаев Солтүстік Қазақстанды зерттеді
3. 1млн т. кеннен 250 мың тонна мыс өндірілді
4. Андрондықтар негройдтық нәсілге жатады
5. Қазақстанда қола бұйымдарды жасау б. з. б. 3 м. басталды

«Беғазы - Дәндібай» тобына
1. Андрон мәдениеті тек Сібірге таралды
2. «Андрон мәдениеті» Арқайым қаласынан табылды
3. Солт. және Батыс Қазақстаннан 80 - ге жуық қоныс табылды
4. Солт. Қазақстандағы қоныстар - Петровка мен Зыряновск
5. Оңт. Қазақстан мен Жетісудың Таңбалы тас пен Қаратаудан суреттер табылды
«Алакөл» тобына
1. Сырдарияның төменгі ағысындағы кесене - Айша Бибі кесенесі.
2. Андрондықтар негроидтық нәсілге жатады
3. Андрондықтардың сырт бейнесін сипаттаған ғалым – Қ. Сәтбаев
4. Б. Дәндібай мәдениетінің Андрон мәдениетінен ерекшелігі – оның тұрғындарының санында.
5. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1985 жылдан басталды

«Арқайым» тобына
1. Беғазы - Дәндібай мәдениетін зерттеген ғалым – В. П. Алексеев

2. Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 150 қоныс, 30 қорым табылды
3. Беғазы Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен өндіру мен металл өңдеу құрады
4. Қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Түгіскен кесенесі Ертіс өзенің төмеңгі ағысында табылған
5. Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында табылған қола дәуірінің алғашқы қаласы - Арқайым

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)
§ 24 - 25. Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі

Жаңа сабақ жоспары:
1. Темір дәуіріне сипаттама
2. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы
3. Тебіндік жайылым
4. Төрт түлік мал

Тірек білімдеріне сүйену:
Адамзат баласы тарихының кезеңдерін ата:
Жауабы:
Адамзат дамуының тарихи үш кезеңі

Тас дәуірі(б. з. б 2 млн 600 - 12 мың жыл)
Палеолит - ерте палеолит 2млн 600 - 40мың жыл
кейінгі палеолит 40 - 12 мың жыл
Мезолит - орта тас дәуірі 12 - 5 мың жыл
Неолит - жаңа тас дәуірі 5 - 3 мың жыл
Энеолит - мыс - тас дәуірі 3000 - 1800 жыл

Қола дәуірі – б. з. б 2 мың жыл – б. з. б. VIII ғасыр
Ерте қола б. з. б. XVIII - б. з. б. XVI ғасырлар
Орта қолаб. з. б. XVI - XII
Кейінгі қола б. з. б. XII - VIII

Ерте темір дәуірі б. з. б 8 ғасырдан б. з - дың 4 ғасыр.
Екі кезеңнен тұрады
Алдыңғы ерте (б. з. б. 8 - 3 ғасырлар)
Кейінгі ерте (б. з. б. 3 - б. з.- дың 4 ғасырлар)

Проблемалық сұрақтар қою

1. Ежелгі заман тарихын бөлу неге негізделеді?
Жауабы: Құрал - саймандарының қандайзаттан жасағандығына байланысты
2. Темір қандай металл? Темір берік әрі салмақты металл.
3. Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді қалай аталады?
(темір дәуірідеп атайды.)

Ерте темір дәуірі б. з. б 8 ғасырдан б. з - дың 4 ғасырынадейінгі аралықты қамтиды.
Екі кезеңнен тұрады
Алдыңғы ерте (б. з. б. 8 - 3 ғасырлар)
Кейінгі ерте (б. з. б. 3 - б. з.- дың 4 ғасырлар)
4. Адамзат дамуына аса маңызды өзгерістерді әкелген кезеңдерге тоқталайық
( әр топқа кезеңнің аса маңызды өзгерістерін анықтауға тапсырма беріледі )
1 - топ Темір дәуірі
2 - топ Қола дәуірі
3 - топ Тас дәуірі
4 топ Қола дәуірінің мәдениеттері

МЫСАЛЫ темір дәуірі жөнінде күтілетін жауап.

Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең.

1. Рулық - қауымдастық құрылыс жетілді

2. Адам санының өсуі

3. Тайпалық одақтар құрылды
Сақтар, сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар

4. көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
1. Қазақстанның табиғатына сипаттама беріңдер. Географиядан алған білімдеріне сүйену арқылы слайд суреттерін пайдалану. Картадан көрсету.

Күтілетін жауап:
Қазақстан далаларында шамамен б. з. б. 2 мыңжылдықтың соңына қарай егіншілікпен шұғылданудың пайдасыз екені белгілі болды. Әр түрлі өсімдіктерге бай дала қатты тікенді жантақ пен изенді сорға, сусыз құмды жапан далаға айнала бастады. Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын - шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.
Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін – көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты. Олар бірте - бірте көшпелі өмір салтына көшті.

2. Көшпелі мал шаруашылығы қалыптасуы
1. Табиғатта құрғақшылық бет алып жауын шашын азайды. Егіншілік пен шұғылдану қиындады
2. Ат абзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді
Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. (78 беттегі суретке назар аударыңдар).
3. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл материалдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.
4. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы – терімшілер сияқты емес, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.
5. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.
Төрт түлік мал өсірілді (суреттер пайдалану)
1. Жылқы – суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, арнайы қораның да қажеті жоқ.
2. Түйе – жүк көлігі ретінде пайдаланылды. Олар жылдам қозғалады, ауыр жүк көтере алады. Олар сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
3. Сиыр – тебіндеп жайылуға икемсіз, арнайы жемшөп әзірлеуді қажет етеді.
4. Қой – көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Суық пен ыстыққа төзімді.

Көшпелі мал шаруашылығы – тіршіліктің қайнар көзі. жүктеу
33 448
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қола дәуіріндегі Қазақстан
Қола дәуіріндегі Қазақстан
Қола дәуіріне қысқаша сипаттама беру, өндіріске металл құрал - саймандардың туралы білім алу.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Киіз үй
Киіз үй
Көшпелілердің баспанасы, Отырықшы және көшпелі өмір арасындағы айырмашылықты жайында зерттеп шығармашылық жұмыспен айналысады.
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы
Көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын сипаттайды. Жыл мезгілдерін, жайылым түрлерін айта алады. Төрт түлік малдан алынатын өнімдерді атайды.
Қола дәуірі Қазақстан терреториясында
Қола дәуірі Қазақстан терреториясында
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Епенова Самал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×