Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының мәдениеті

12 мам 2018, Сенбі
Категориясы: Тарих
Қазақ халқының мәдениеті
Конспект
Қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті жетіліп отырды. Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жазда киіз үйде, ал қыста шымнан, балшықтан, тастан салынған жылы үйде тұрған. Жазғы үйлері – киіз үй және арба үстіне орнатылған жылжымалы үй - күйме. Киіз үйдің ағаш сүйегі 3 бөліктен тұрады: кереге, уық, шаңырақ. Киіз үйдің бауы – басқұр негізгі бекіту, біріктіріп байлау қызметін атқарды. Үйді жауып тұратын киіздер – түндік, үзік, туырлық.
Қысқы киімдер – құлын терісінен тігілген жағалы жарғақ шекпен, қойдың немесе түйенің жабағысын қалың матамен тыстап тігілген күпі, шидем ішік, тон. Қысқы бас киімдері елтіріден, түлкі терісінен тігілген тымақ болды. Жазда ыстық өткізбейтін жұқа киізден жасалған қалпақ киді. Бойжеткен қыздардың бас киімі бағалы аң терісінен тігілген бөрік болды. Жас келіндердің бас киімі – сəукеле. Кейін сәукеле орнына желек жамылды. 30 - 40 жастағы əйелдің бас киімі кестеленген кимешек деп аталды. Орта жастағы əйел – жаулық, жасы келген əйел күндік киген.
Қазақтардың өте бағалы тағамының бірі – жент. Жылқы сүтінен – қымыз, сиыр мен қой сүтінен – айран, қатық, құрт, ірімшік, май, түйе сүтінен шұбат жасаған.
Қарқаралы көш деп көш керуеніндегі түйелерге қырғауылдың қауырсынынан төрт басты қарқара тағуды айтады. Ол көш кезінде тіл - көз қарқараға ауады деген сенім болғандығын көрсетеді.
Күннің алғашқы күркіреуі ағарғанның көбеюінің, өсімдіктердің жетілуінің хабаршысы болған. Қымыз ашытып “қазық майлау”, “бие мұрындық” деп аталатын той - томалақ жасаған. Қазақ келіндері “ат тергеу” ғұрпы бойынша, үйдің үлкен - кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды.
Лирикалық - эпостық жырларда халық тұрмысы, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрлері кең көлемде көрініс тапқан. Батырлар жыры – халқын жат жерліктердің шапқыншылықтарынан қорғап, ауыр азаптардан құтқарған ғажайып күш иесі, батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы дастан. Қазақ ертегілері халық тұрмысының түрлі жақтарын, қоғамдық өмірін, арманын айқын көрсетеді. 15 ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды. 15 - 17 ғасырларда Алтын Орда, Ақ Орда дəуірінде көне қыпшақ тілі ресми, əдеби тіл ретінде қолданылды. 16 - 17 ғасырларда қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады.
15 - 17 ғасырларда қазақтар арасында уақыт есебімен шұғылданатын, ауа райын зерттейтін тəжірибелі білгірлер шыққан. Бұлар – халық күнтізбесін жасаушылар. Олар жұлдызды аспан картасын жатқа білген. Ежелгі түркілер мүшел күнтізбесін жақсы білген.
16 - 17 ғасырларда қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Зират құрылысы қайтыс болған кісінің әлеуметтік жағдайын байқатты. Халқымыздың мәдениеті ғасырлар тереңінен жалғасып, қоғамның дамуына байланысты біртіндеп дамып, жетіліп отырған.
Конспект сұрақтар
1. Киіз үйдің негізгі бекіту қызметін атқаратын бөлігі:
2. Құлын терісінен тігілген қысқы киім:
3. Жас келін сәукеле орнына жамылды:
4. Ешкі терісінен тігілген жұмсақ аяқ киім:
5. Қазақтардың өте бағалы тағамының бірі:
6. Көш керуеніндегі түйелерге қарқара тағу дәстүрі:
7. Қазақ келіндерінің үйдің үлкен - кішілерінің аттарын атамау ғұрпы:
8. Халық арасына кең тараған ертегілер:
9. Қазақ тілінің өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналған кезі:
10. 16 - 17 ғасырларда тарихи шығармалар жазыла бастады:
11. Түнде жүріс бағытын бағдарлайтын жұлдыз:
12. Мүшел күнтізбесінің дәлелі ретінде табылды:
13. Қазақтар балаларын медреселерде оқытқан деп жазды:
14. Қазақтарды “Ислам дініне сенетін халықтар” деп жазды:
15. Күйдірілген кірпіштен өрнектеліп қаланған мазарларға жерленді:
16. Қазақтардың жазғы үйлерінің екі түрі:
17. Киіз үйдің «басқұр» бауы қандай қызмет атқарды:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Киіз үй
Киіз үй
Сан ғасырлар бойы қазақ халқының баспанасы болған киіз үйдің құрылымымен, маңызымен таныстырып, етістіктің шақтарының жасалу жолдарын қарастыру;
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердешова Жанат
Киіз үй
Киіз үй
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллақызы
Киіз үй
Киіз үй
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бактыгожина Альфина Сагадатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×