Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі

13 мам 2018, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
Конспект
Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті. Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680 - 1748) Ресейдің құрамына енуді ойластырды. Ол көздеген мақсаттардың ішіндегі ең бастысы Жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен бірігу болды. Әбілқайыр ханның мақсаттары қазақ ауылдарының шаруашылық мұқтажымен де байланысты болды. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтауды Ресеймен келісімге келу арқылы шешуді ойластырды. Бұдан басқа қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтатуды көздеді. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңуді де ойлады. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету - оның мақсаттарының бірі болды. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен əскери одақ құру болды.
Əбілқайыр хан Петербургке аттанған елшілері – Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің қол астына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпанда Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады. 1731 жылғы 10 қазанда Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Барақ сұлтан, Бөкенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сəтсіз аяқталды.
18 ғасырдың 30 - 40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең болды. 1740 жылы Иран əміршісі Нəдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті.
Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714 - 1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын. Ол бекіністер – Жəміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен. Патша үкіметі қазақ - жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу мақсатын көздеді. 1734 жылы мамырда Сенат хатшысы И. К. Кириллов басқарған «Қырғыз - қайсақ экспедициясы» жабдықталып, Қазақстанға жіберілді. 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. 1738 жылы тамызда Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезін өткізді. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60 - қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. 1740 жылы тамызда Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге ант берді. Алайда Орта жүз дербестігін әлі де сақтады.
Ресей үкіметі қазақтарды қорғау деген желеумен зеңбірек пен əскери бөлімдерді Ертіс, Алтай өңіріндегі бекіністерге орналастырды. Олар экономикалық мүдделерін бірінші орынға қойып, кенге бай Алтай өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысты.
1741 - 1742 жылдары қонтайшы Қалдан Серен (Галдан Цэрэн) Орта жүз бен Кіші жүзге екінші “ақтабан шұбырынды” жорықтарын жасады. Орта жүз қазақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылды. 1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты қазақтарды жəне шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде жарлық шығарды. 1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор комиссиясының төрағасы И. Н. Неплюев Қалдан Серенге жолдаған хатында Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті. Кіші жүз ханы Əбілқайырдың беделі өсіп, Орта жүздің Арғын, Керей, Уақ, Қыпшақ рулары оны аға хан ретінде мойындады. Орта жүз ханы Əбілмəмбет Түркістанға, Əбілқайырдың жауы Барақ сұлтан оңтүстік - шығыс аймаққа ығыстырылды. Кіші жүз ханы ауыр жағдайға қарамастан, қазақ жерін өз қолына біріктіруге тырысты. Ресей үкіметі Əбілқайырдың дара билігінің күшеюіне қарсы болды. Империяның қысымына шыдамаған Əбілқайыр Ресейден қайтадан бөлініп кетуді ойластырды. 1748 жылы Əбілқайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты.
Ресей империясы құнарлы жерлерді иемденіп, оларды төрелерге, қожаларға берді және ресейлік ірі помещиктер Юсупов пен Безбородкоға Каспий жағалауының құнарлы жерлерді бөліп берді. Бұл Бөкей Ордасындағы көтерілістің басталуының себептерінің бірі еді.
Əбілқайыр ханның 1731 жылы Ресей билігін мойындауы Қазақстан тарихындағы өзекті оқиға. Бұл қадамның жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығына белгілі дәрежеде шек қойғаны мәлім.
Конспект сұрақтар
1. Ресей императрицасы Анна Иоанновнаның Кіші жүз елшілігін қабылдаған жылы:
2. 1731 жылы Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші Жүз старшындарының саны:
3. Кіші жүздің дербестігін сақтап қалуға тырысқан табын руынан шыққан батыр:
4. 1714 - 1720 жылдары патша өкіметінің Ертіс бойына əскери бекіністер салудағы басты мақсаты:
5. И. К. Кириллов басқарған экспедиция қай жылы жабдықталды:
6. Ор бекінісінің негізі қай жылы қаланды?
7. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізген Орынбор комиссиясының басшысы:
8. Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге қай жылы ант берді?
9. 18 ғасырдың 40 жылдары Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындаған кімдер?
10. Екінші “ақтабан щұбырынды” жорығы кімдерге бағытталды?
11. Қай жылы жоңғарлардан Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамау талап етілді?
12. Орыс үкіметінің әскери бөлімдері орналасқан өңір:
13. Орта жүздің кейбір рулары аға хан ретінде кімді мойындады?
14. 1747 жылы Хиуа тағына кім отырды?
15. Кіші жүз ханы Әбілқайыр қай жылы қайтыс болды?
16. Кіші жүз ханының Петербургке елшілік жібергендегі мақсаты:
17. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы:
18. Әбілқайыр ханның шаруашылық мұқтаждыққа байланысты көздеген мақсаты:
19. Əбілқайыр ханның басты мақсаты:
20. Қай жылы «Қырғыз - қайсақ» экспедициясы Ресейде құрылды?
21. Қай Ресей помещиктері Каспий жағалауының құнарлы жерлерін иемденген?
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 636
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан тарихының сабағынан сегізінші сыныпқа арналған тест
Қазақстан тарихының сабағынан сегізінші сыныпқа арналған тест
XVII ғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: А) Қоқан В) Қытай С) Жоңғария D) Ресей Е) Иран
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Қазақстан – Ресей империясының отары (19 ғасырдың ІІ жартысы). Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
Конспект. 18 ғасырдың cоңы мен 19 ғасырдың басында Кіші жəне Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тəуелді болды.
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Қазақ хандығы (сыныптан тыс шара)
Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған бағытын түсіндіре отырып оқушыларды өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, өз Отанының басында қандай қиын кезең болса а мойымай көтеруге тәрбиелеу.
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Қазақ халқының саяси тәуелсіздігін жоғалтуы
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көпжан Оразғали Мінәжұлы
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Кіші жүздің Ресей империясына кіруі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық бекеті, №247 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Абуова Ақмарал Қазақстан тарихы пәнінен 8-сынып оқушыларына "Кіші жүздің Ресейге қосылуы" тақырыбында өткізген ашық сабағы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×