Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандығының құрылуы

22 желтоқсан 2018, Сенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
 Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан - жақты таныстыру;
 Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру;
 Қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс - әрекеттерін негізінде оқушыларды ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, слайд, плакат
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
 Қазақ хандығының құрылуы мына мемлекеттердегі саяси оқиғаларға байланысты?
 Әбілхайыр хандығындағы басым көпшілік тайпа?
 Әбілхайыр хандығын әлсіреткен Сығанақ түбіндегі шайқас кімдермен болды?
 Рузбихан дерегі бойынша Өзбек ұлысындағы негізгі тайпалар?
 ХІІІ ғасырда «қазақ» атауының қолданылып келген мағынасы?
 Моғолстанда 1433 - 1462ж билік жүргізген Шыңғыс қай ұрпағы?
 Моғолстан жайлы жазған шежіреші кім және оның еңбегі?
 Моғолстан ханы Есенбұғаның қазақ сұлтандарына қолдау көрсету себебі?
 Әбілхайыр хандығы жайлы жазылған шығарма?
 92 ру тайпадан тұратын мемлекет?

Жаңа сабақтың жоспары:
1. Хандықтың негізін қалаушылар - Жәнібек пен Керей.
2. Алғашқы қазақ хандығының аумағы
3. Халқының этникалық құрамы
4. Көрші елдермен қарым - қатынасы.
• Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465 — 1474 жылдары билеген.
• Әз - Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474 — 1480 жылдары билеген.
• Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480 — 1511 жылдары билеген.
• Қасым хан, Әз - Жәнібек хан ұлы, 1511 — 1518 жылдары билеген.
• Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1518 - 1523 жылдары билеген.
• Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523 — 1533 жылдары билеген.
• Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533 — 1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.
• Сабақты бекіту кезеңінде
1. Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?
2. Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?
3. Қазақ хандығы қашан құрылды?
4. Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?
5. Қазақ хандығы қандай елдермен қарым - қатынас жасады?
«Сандар жәрмеңкесі»: екі топқа жылдар жазылған парақтар таратылып, әр топ өз сандарын таныстырып қорғауы керек. Бір топ өздеріне берілген сандармен жәрмеңкеге шыққанда екінші топтан бір оқушы «сатып» алады. Егер тұтынушы ұсынушының жауабына қанағаттанбаса, оған қарсы сұрақ қоюына болады. Екінші топ шыққанда бірінші топтан бір оқушы сандарды қабылдап алады.
1465 - 1466жж ----------------- 1511 - 1518жж
1465 - 1474жж ----------------- 1521ж
1474 - 1480жж ----------------- 200мың
1480 - 1511жж ----------------- 300мың
1462ж ---------------------------- 1468ж
«Адастырмай жол көрсет»: бұл ойында жер - су аттары беріледі. Екі топ оқушылары осы көрсетілген жер – су аттарын картадан көрсету керек.
Моғолстан ---------------------- Шығыс Дешті - қыпшақ
Мәуеренахр -------------------- Шағатай ұлысы
Қозыбасы
Тарихи деректі таны:

Алматы облысы, Талғар ауданы, Кеңдала ауылы
Мектеп жасына дейінгі щағын орталығы бар № 42 ЖББ орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі Масимгазиева Мөлдір Ерсайынқызы
Қазақ хандығының құрылуы. жүктеу
1 989
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы хандары туралы өткен сабақ бойынша тақырыптарын еске түсіреді.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі К. Мусаева
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Жезқазған қаласы, №133 негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Наурызбаева Қарлыға Елубайқызы
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Сейітәлі Гүлнәр Тәжнеқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×