Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наймандар. Керейіттер. Жалайырлар

12 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Тарих
Сабақтың мақсаты: Көршілес орналасқан түркі тілдес мемлекеттік бірлестіктердің саяси - экономикалық ахуалымен салыстырмалы түрде таныстыру.
Білімділік: Оқушыларды орта ғасырлардағы найман, керей, жалайырлар тайпаларының тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: Орта ғасырдағы тайпалар туралы түсіндіре отырып, ойлау, еркін, тарихи тілде жатық сөйлеу, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, елді, отанды қастерлей білуге, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта, тірек – сызба, кесте, плакат
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта, сұрақ - жауап, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ түсіндіру
4. Қорытындылау, бағалау
5. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы
І. Сұрақ - жауап.
1. Қарахан мемлекеті Қазақстанның қай бөлігінде құрылды? (Жетісу аймағы, шығыс Түркістанның бір бөлігі)
2. Исламды мемлекеттік дін деп жариялаған хан? (Мұса Богра)
3. Қарахан мемлекеті орталығы? (Баласағұн)
4. Жікіл тайпасының тотемі? (арыстан)
5. Әли Арслан қай жылдары хан болды! (960 - 990ж)
6. Қарахандықтарды Орта Азияға жорығы нешінші ғасырда басталды? (х ғасырда)
7. Шығыс қарахандықтың орталығы: (Орда)
8. Қарахандарды 1089 жылы басып алды? (Селжұқтар)
9. Шығыс Қарахан елін найман ханы қай жылы, кім басып алған? (1212ж. Күшілік )
10. Ханның саяси – әкімшілік іс жүргізетін орны? (Орда)

ІІ. Термин сөздерге түсінік
«ихта» - (жер иеленудің бір түрі)
«мұқта» - (жер иеленуші)
«вақф» - (діни жер иелігі)
«музари» - (алым - салық жинаушы)
«коммендация» - (әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді)

ІІІ. 1. Тарихи диктант
1212 жылы... Қарахан мемлекетін құлатты. (Мұхаммед.)
2. Соғдылар мен Түріктердің әдет - ғұрпы, бір - біріне өте ұқсас екендігін жазған.... (М. Қашқари)
Жаңа сабақ жоспары:
1. Наймандар
2. Керейіттер
3. Жалайырлар

НАЙМАНДАР
МЕКЕНІ: Орхон өзені - Алтай
НАЙМАН СӨЗІ МАҒЫНАСЫ: Сегіз тайпа бірлестігі Секиз өзені бойында тұратын тайпалар
Мемлекеттің аты шықты: ХІІ ғ екінші жартысы
Орталығы: Балықты
Билеушісі: Хан

Наркеш Дайын хан(1160 - 1203) саясаты:
• Егін шаруашылығы дамыды
• Отырықшы қалалық өмір салты орнады

Инанч - білге хан саясаты:
• Елді өнерге, күнкөріске баулыды.
• Бейбіт өмірді насихаттады.
• Сауда қатынасын дамытты.
• Наймандар одағын біріктіріп,
• мемлекетті күшейтті.
• Қарақытайлар үстемдігінен құтылды.
• Білге хан атанды.

Бұйрық пен Даян хандар саясаты:
• Бұйрық хан Қара Ертістегі Орунгу маңын мекендеген
• Билік үшін таласты
• Даян хан далалық өлкеде билік еткен
• Бұйрық хан Шыңғыс пен Ван хандардан жеңіліп, Енисей қырғыздарына қашты
• 1202 жылы Даян ханды Шыңғыс әскері жеңді, оның ұлы Күшілік хан Жетісуға қашады

Керейіттер.
Мекені: Орхон, Керулен, Селенга, Аргун өзендері.
Керейіт сөзінің мағынасы: Керлин өзені атынан шыққан.
Мемлекеттің аумағы: Долы өзені – Завхан аймағындағы Қазақ тауы.
Орталығы: Битөбе.

Хандық құрамына 8 аймақ кірді
• Тутау
• Албат
• Қыркун
• Тунхай
• Сақай
• Жирқиы
• Керей
• Қоңқай

Жалайырлар.
Мекені: Селенга, Хилок, Орхон өзендері, Қарақорым таулы қыраттары.
Жалайыр Мұқылай – Шыңғыс ханның ең жақын адамы түменбасы.
Жалайыр Жамұқа – 1201 жылы өзін гурхаан деп жариялап таққа отырды. Шыңғыс хан Жамұқанда жеңіп Жалайырларды бағындырды.
Тарихшы Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінде» жалайырларды Шыңғыс ханның қолға түсірген тұтқындары есебінде көрсетеді. Қазақ халқының құрамына енген жалайырлар Жетісуда орналасқан.

Қоғамдық құрлысы.
Басқару жүйесі: Хандық билік.
Басқару: Ұлыстық жүйемен жүргізілген.
Басқару орталығы: Орда.
Ұлыстың ішкі істерін жүргізушілер: Шербилер.
Қорытындысы: Найман, Керей, Жалайырлар ірі мемлекеттік дәрежеге жете алмаған.

Топтық жұмыс.
Сыныпты 3 - топқа бөлу.
1 топ. Наймандар.
2 топ. Керейіттер.
3 топ. Жалайырлар.
« Сен - маған, мен – саған»
Әрбір топ кітаппен жұмыс жасай отырып, бір – біріне 5 - сұрақ дайындау.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Керейіт мемлекетінің орталығы:
а) Суяб
ә) Битөбе
б) Тараз
2. Ұлыстардың ішкі істерін жүргізген.
а) герди
ә) түмен
б) шерби
3. «Монгол жеріндегі ІХ – ХІІІ ғ. өмір сүрген керейлер күшті дамыған ел» - деп айтқан тарихшы.
а) Рашид ад – Дин
ә) Әл – Индри
б) М. Қашқари
4. Найман мемлекетінің астанасы Балықты қай өзеннің бойында орналасқан
а) Ертіс
ә) Іле
б) Орхон
5. Жалайыр Жамұқа өзін гурхан деп жариялап, таққа отырды?
а) 1201ж
ә) 1202ж
б) 1204ж

Рефлекция. Ой - толғаныс."Егер мен хан болсам..."
Қорытынды:
Бағалау.
Үйге тапсырма. §11 Тайпалар туралы мәнжазба жазу, оқулық соңындағы сұрақтарға жауап дайындау
46 393
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наймандар, керейіттер, жалайырлар
Наймандар, керейіттер, жалайырлар
Наймандар, керейіттер, жалайырлар Конспект Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті
Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттер. Қарахан мемлекеті. Конспект 10 ғасырдың орта кезінде, 942 жылы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғра хан
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
X – XIII ғғ мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Қазақстан жеріндегі ерте, орта ғасырлық мемлекеттер
Талдықорған қаласы, Еркін ауылы, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Казербаева Гульнар
Қарахан мемлекетінің құрылуы
Қарахан мемлекетінің құрылуы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі Тұрғалиева Әсем Мұхамедиярқызы
Қарахан мемлекеті
Қарахан мемлекеті
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×