Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау сабағы. 8 сынып

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Тарих
(Презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өткен Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеті, Қазақ хандары жайлы қайталау сабағын өту, тест тапсырмалары арқылы ой өрістерін дамыту;
Дамытушылық: тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, жеке жұмыс жасауға үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, еркіндікке баулу. Өз Отанының патриоты болуға, білім арқылы әділдікке жету жолдарымен тәрбиелеу

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды сабаққа дайындау
- оқушыларды топқа бөлу;
ІІ. Тест тапсырмасын алу.
1. Жошы ұлысының жерінде құрылған алғашқы мемлекет:
А) Алтын Орда В) Ақ Орда С) Моғолстан Д) Ноғай ордасы Е) Қазақ хандығы
2. Алтын Орданың хронологиясы
А) ХІ ғас мен ХІІ ғасыр В) ХІУ ғ ортасы мен ХУІ ғ басы С) 1428 - 1468жж
Д) ХІІІғ мен ХУ ғасыр Е) ХІІІғ ортасы мен ХУІ ғасырдың басы
3. Алтын Орданың негізін салған хан:
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
4. Батый хан Алтын Орданы билеген кезі:
А) 1266 - 1280жж В) 1290 - 1312жж С) 1227 - 1255жж Д) 1312 - 1342жж Е) 1357 - 1380жж

5. Еуропаға жорықты бастаған монғол ханы:
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
6. Мұсылман деректерінде әділ болған хан:
А) Батый хан В) Өзбек хан С) Берке хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
7. Алтын Ордада ислам дінін мемлкеттік дінге айналған кезі
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
8. Алтын Ордада Мөңке хан тұсында
А) өз ақшасын шығарды В) ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады С) Әзірбайжанға мешіт салды Д) Египет сұлтанымен қарым – қатынас жасады. Е) салықты күшейтті.
9. Батый ханның батысқа бастаған жорығы қай жылдары юболды, неше жылға созылды:
А) 1235 - 1241жж 6 жылға В) 1236 - 1243жж 8 жылға С) 1236 - 1242жж 7 жылға
Д) 1237 - 1247жж 10 жылға Е) 1236 - 1246жж, 10 жылға

10. Алтын Орда біртұтас моңғол империясының тәуелсіз мемлекеті болды:
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
11. Берке хан өз елшісін Египетке сұлтан Бейбарысқа қай жылы жіберді
А) 1261ж В) 1260ж С) 1262ж Д) 1263ж Е) 1264ж
12. Берке хан Кавказ жеріне жорықта қайтыс болды?
А) 1255ж В) 1257ж С) 1266ж Д) 1265ж Е) 1342ж
13. Алтын Орда ханы Меңгу Темірдің ел билеген жылдары:
А) 1266 - 1280жж В) 1290 - 1312жж С) 1227 - 1255жж Д) 1312 - 1342жж Е) 1357 - 1380жж
14. Алтын Орда ханы Тохтының ел билеген жылдары:
А) 1266 - 1280жж В) 1290 - 1312жж С) 1227 - 1255жж Д) 1312 - 1342жж Е) 1357 - 1380жж

15. Алтын Орда ханы Жәнібектің ел билеген жылдары:
А) 1266 - 1280жж В) 1290 - 1312жж С) 1342 - 1357жж Д) 1312 - 1342жж Е) 1357 - 1380жж
16. Алтын Орда ханы Өзбектің ел билеген жылдары:
А) 1266 - 1280жж В) 1290 - 1312жж С) 1227 - 1255жж Д) 1312 - 1342жж Е) 1357 - 1380жж
17. Алтын Ордадағы хандық билік үшін, талас (Ұлы Дүрбелең) болды
А) 1266 - 1280жж В) 1290 - 1312жж С) 1227 - 1255жж Д) 1312 - 1342жж Е) 1357 - 1380жж
18. Мамай хан мен Дмитрий Донской әскері арасында 1380ж болған шайқасы
А) Қырым В) Ташкент С) Куликово Д) Ноғай Е) Моғолстан
19. Мамайдың Куликово даласындағы жеңілісін пайдаланып Алтын Ордадағы билікті тартып алды:
А) Әмір Темір В) Тоқтамыс хан С) Тоғылық Темір Д) Әбілхайыр хан Е) Едіге

20. Алтын Ордадағы билікті нығайту үшін, Тоқтамыс ханның Мәскеуді өртеген жылы
А) 1380ж В) 1382ж С) 1381ж Д) 1384ж Е) 1385ж
21. Алтын Ордаға қандай мемлекетпен болған соғыс өте ауыр тиді
А) Моңғол мемлекетімен В) Египет мәмлүктерімен С) Темір мемлекетімен Д) Ақ Ордамен Е) Ноғай ордасымен
22. Алтын Ордада азаматтық істерге билік жүргізді
А) уәзір В) даруғалар С) беклербек Д) мәлік Е) басқақтар
23. Алтын Орданың соңғы ханы
А) Батый В) Берке С) Өзбек Д) Жәнібек Е) Шейх Ахмед
24. Түрік әулиетінен шыққан әкімдер арқылы асырылатын азаматтық басқару билігі
А) уәзір В) даруғалар С) беклербек Д) мәлік Е) басқақтар

25. Алтын Ордада салық жинаумен шұғылданғандар
А) уәзір В) даруғалар С) беклербек Д) мәлік Е) басқақтар
26. Алтын Ордада әскери істерді басқарғандар
А) уәзір В) даруғалар С) беклербек Д) мәлік Е) басқақтар
27. Басқару қызметімен қатар, әскери бақылау жүргізген салық жинаумен де айналысқандар
А) уәзір В) даруғалар С) беклербек Д) мәлік Е) басқақтар
28. Ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер
А) иқта В) сойырғал С) інжу Д) харадж Е) зекет
29. Алтын Орданың негізгі тілі
А) көне түрік В) араб С) иран Д) түрік Е) қыпшақ

30. Іс қағаздарын жазушылар –
А) уәзір В) даруғалар С) білікщшілер, хатшылар Д) мәлік Е) басқақтар
31. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын қай тілде жүргізе бастады?
А) көне түрік В) араб С) иран Д) түрік(ұйғыр) Е) қыпшақ
32. Батый хан жайлы кім өз ойын айтқан
А) Ж. Баласағұн В) М. Қашқар С) Жувейни Д) М. Х. Дулати Е) Қ. Жалайри
33. Орыс жылнамасында қалалық өмірдің жандануына көңіл бөлген ханды ата
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
34. Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартқан
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір

35. Әзірбайжан жерінде мешіт салдырған хан:
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
36. Орта Азиядағы мұсылман дінінің орталығы – Үргеніш, Бұхарамен байланыс күшейткен хан
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
37. 1271 жыл – Египетпен байланысына кедергі жасауға тырысқан Византияға жорық жасады.
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір
38. Алтын Орда мемлекеті гүлденді қай хандардың тұсында
А) Берке, Батый В) Батый, Өзбек С) Өзбек, Жәнібек Д) Жәнібек, Тохты хан Е) Меңгу – Темір
39. Сарай Беркеде ғимараттар мен мешіттер салдырған хан:
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір

40. 1357 - 1380 жж Алтын Ордада неше хан билік жүргізді:
А) 30 В) 40 С) 50 Д) 10 Е) 20
41. Алтын Орданың Моңғол империясынан дербестік алған жылы:
А) ХІІІғ 20ж В) ХІІІғ 30ж С) ХІІІғ 90ж Д) ХІІІғ 60 ж Е) ХІІІғ 50ж
42. Алтын Орданың мұсылмандық мемлекетке айнала бастаған кезі:
А) Х ғ В) ХІІғ С) ХІІІғ Д) ХІУ ғ Е) ХУІ ғ
43. Алтын Орда біртұтас моңғол империясының тәуелсіз мемлекеті болды кімнің тұсында
А) Берке хан В) Батый хан С) Өзбек хан Д) Жәнібек хан Е) Меңгу – Темір

1. Ақ Орда хронологиясы
А) ХІ ғас мен ХІІ ғасыр В) ХІУ ғ ортасы мен ХУІ ғ басы С) 1428 - 1468жж
Д) ХІІІғ мен ХУ ғасыр басы Е) ХІІІғ ортасы мен ХУІ ғасырдың басы
2. Ақ Орданың аумағының қамтыған жерлері:
А) Қазақ хандығының жері В) Мауаренахр жері С) Моғолстан жері Д) Орда Ежен мен Шайбани хандықтарының жері Е) Жошы ханның жері
3. Ақ орданың Алтын ордадан біржола бөліне бастаған уақыты
А) ХІ ғас мен ХІІ ғасыр В) ХІУ ғ ортасы мен ХУІ ғ басы С) ХІУ ғасырдың екінші жартысы Д) ХІІІғ мен ХУ ғасыр Е) ХІІІғ ортасы мен ХУІ ғасырдың басы
4. Орда Ежен билік құрған мемлекет
А) Алтын Орда В) Көк Орда С) Ақ Орда Д) Ноғай Ордасы Е) Сібір хандығы
5. Қазақстан аумағында моңғолдардан кейін, құрылған алғашқы мемлекет
А) Алтын Орда В) Көк Орда С) Ақ Орда Д) Ноғай Ордасы Е) Сібір хандығы
6. Ақ Орда мемлекеті неше жылға жуық өмір сүрді
А) 240 В) 230 С) 220 Д) 250 Е) 260
7. Ақ Орда мемлекетінің астанасы
А) Сарай Бату В) Сарай Берке С) Сығанақ Д) Алмалық Е) Суяб
8. Қазақ халқының қалыптасып, мемлекетінің құрылуына зор тарихи рөл атқарды
А) Алтын Орда В) Көк Орда С) Ақ Орда Д) Ноғай Ордасы Е) Сібір хандығы
9. ХІУ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастайды, әсіресе қай хан мүлде оқшауланды?
А) Орда Ежен В) Ұрыс хан С) Ерзен Д) Мүбарак Е) Барақ
10. 1327 - 1328жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған хан
А) Орда Ежен В) Ұрыс хан С) Ерзен Д) Мүбарак Е) Барақ

11. Ақ Орданың күш қуатын нығайтқан хан:
А) Орда Ежен В) Ұрыс хан С) Ерзен Д) Мүбарак Е) Барақ
12. Орта Азия мен Шығыс дешті Қыпшақ арасындағы басты сауда орталығы
А) Сарай Бату В) Сарай Берке С) Сығанақ Д) Алмалық Е) Суяб
13. 1368 - 1369жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырған хан
А) Орда Ежен В) Ұрыс хан С) Ерзен Д) Мүбарак Е) Барақ
14. Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орданың тағына отырғызып, Алтын Орданы өзіне тәуелді қай хан қайтыс болғаннан кейін
А) Орда Ежен В) Ұрыс хан С) Ерзен Д) Мүбарак Е) Барақ

15. 1379 жылы Тоқтамыс кімнің әскерін жеңіп Ақ Орданың ханы атанды
А) Темір – Мәліктің В) Тоғылық Темірдің С) Өзбектің Д) Жәнібектің Е) Батыйдың
16. Тоқтамыс Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып, мамай Ордасын басып алды.
А) 1380ж В) 1381 С) 1382 Д) 1383 Е) 1384
17. 1379 жылы Тоқтамыс Темір Мәлікті жеңіп, билікті қолына алған қаласы
А) Сарай Бату В) Сарай Берке С) Сығанақ Д) Алмалық Е) Суяб
18. Ақ орда қай хан тұсында түпкілікті тәуелсіз хандық болып жарияланды
А) Орда Ежен В) Ұрыс хан С) Барақ Д) Уаис Е) Сасы Бұға хан
19. Орда Ежен мен Шайбан хандардың жерін қамтыған мемлекет
А) Алтын Орда В) Көк Орда С) Ақ Орда Д) Ноғай Ордасы Е) Сібір хандығы

20. Ақ Орданың әлсіреуі кімнің шабуылынан кейін болды
А) Әмір Темір В) Тоқтамыс хан С) Тоғылық Темір Д) Әбілхайыр хан Е) Едіге
21. Ақ Орданың орнына келген мемлекет
А) Сібір В) Қазақ хандығы С) Әбілхайыр хан Д) Шайбани хан Е) Моғолстан
22. Ақ Орданың қалалық мәдениеті дамыды
А) Орда Ежен В) Ұрыс хан С) Ерзен Д) Мүбарак Е) Барақ
23. Әмір Темір қай тайпаның өкілі
А) Меркіт В) Дулат С) Барлас Д) ҚОңырат Е) Үйсін
24. Әмір Темірдің өз өкіметінің тірегі ретінде қолданған діні:
А) несториан В) католик С) Будда Д) Христиан Е) Ислам

25. Моғолстанның астанасы
А) Баласағұн В) Алмалық С) Сауран Д) Сайрам Е) Екіоғыз
26. Моғолстан мемлекетіндегі ең қуатты тайпа
А) Дулат В) Арғын С) Керей Д) Үйсін Е) Қаңлы
27. 1361 жылғы Мауерахрды билеген Тоғылық Темірдің мұрагері
А) Есен - бұға В) Уайс С) Ілияс Қожа Д) Сұлтан Саид Е) Мұхаммед
28. Ноғай ордасының ең үлкен тайпасы
А) Арғын В) Қарлұқ С) Маңғыт Д) алшын Е) Тама
29. Ноғай ордасы дербес мемлекеттілігін қай ханның тұсында алды
А) Едіге В) Мұхаммед С) Нұраддин д) Тоқтамыс Е) Иштерек
30. Моғолстан өмір сүруін тоқтатты
А) ХІУ ғ В) ХІУ ғ ортасы С) ХУ ғ Д) ХУІ ғ басы Е) ХУІ ғасырдың ортасы

ІІІ. Тұлғалармен танысайық.
Батый хан, Әмір Темір, Тоқтамыс, Орыс хан, Берке, Абд, ар - Рашид, Есен - бұға, Мұхаммед, Ілияс - Қожа, Тоғылық – Темір, Ерзен, Әбілхайыр хан, Барақ, Мамай, Тохты, Өзбек, Жәнібек, Бейбарыс, Жувейни, Меңгу - Темір Шейх - Ахмед, Дмитрий Донской, Мүбәрак, Орда Ежен, Едіге, Ноғай, Нұраддин, Ибақ

ІІІ. Мемлекет астаналарымен жұмыс.
Алмалық
Сарай - Бату
Сарай - берке
Сарайшық
Қызыл - Тура
Сығанақ

ІУ. Термин сөздермен жұмыс.
Білікшілер мен хатшылар -
Уәзір -
“мәлік” –
Даруғалар –
Беклербек –
Басқақтар –

У. Хронологиялық тапсырма
1465 - 1466жж - Қазақ хандығының құрылуы;
1462жж - Моғолстан ханы Есен бұғаның қайтыс болған кезі
1470ж - Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады.
ХУ ғ 70 жылдары - Қазақ хандары Сырдария бойы мен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды.

1482 - 1485жж - Моғолстан ханы Жүніс хан Шайбани ханның қолдауымен Ташкент пен Сайрам қаласын басып алды
1514ж - Саид хан Шығыс Түркістанға көшіп кетті.
1503, 1505, 1506жж - Шайбан ханы қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады
1509 жылы - Шайбани Жаныш сұлтанның қыстап отырған Қараталға шабуыл жасап, қазақтарды шығынға ұшыратты.

1510 жылы - Шайбани хан Қасымға қарсы шапқыншылық жорық ұйымдастырды.
1538 - 1580жылдары - Хақназардың билік жүргізген кезі
1580 жылы - Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханның аудлына келіп, Хақназар және оның туыстарын өлтірді.
1582 жылы - Тәуекел сұлтан Түркістан қаласының түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтан әскерін талқандады.
1582 - 1598жылдары - Тәуекел билік құрған жылдар

1580 - 1582жылдары - Шығай хан билік құрған жылдар
1583 жылы - Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан “ант беріскен шартын” бұзды.
1597 - 1598жылдары - Абдаллах ханның әскерін Тәуекел хан жеңді.
1598 жылы – Тәуекел хан Мауеренахрға баса көктеп кірді.
1598 - 1628жылдары – Есім ханның билік жүргізген кезі
1603 - 1624жылдары Қазақ - бұхар соғысы
1603 жылы – Айғыржар деген жерде І қазақ - бұхар соғысы болды.

УІ. Оқушыларды бағалау
УІІ. Үйге тапсырма: қайталау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 605
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы)
Ақ Орда (13 - 1 5 ғасырдың басы) Конспект Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы –
Алтын Орда (13 ғ. ортасы - 16 ғ. басы)
Алтын Орда (13 ғ. ортасы - 16 ғ. басы)
Алтын Орда (13 ғ. ортасы - 16 ғ. басы) Конспект Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Орталығы алғашында Сарай - Батуда (Еділ бойында) болды, кейін Сарай - Беркеге көшірілді. Батый хан Алтын Орданы құрып, 1227 -
Ақ орда
Ақ орда
Ақ Орданың тарихы, жүргізген ішкі — сыртқы саясаты, экономикалық жағдайы туралы толық мағлұмат беру, 14 — 15ғғ. өмір сүрген Ақ Орда мемлекетінің тарихын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыру.
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы
Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары
Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.)
Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.)
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ - ХІVғ. ғ.) Сабақтың мақсаты: ● Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×