Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәулет өнерімен құрылыстың дамуы

08 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстандағы Х – ХІІ ғасырлардағы сәулет құрылыс жүйелерімен сәндік
қолданбалы өнердің дамуы туралы жан – жақты түсінік беру.
Дамытушылық: Сәулет өнерімен құрылыстың дамуына ықпал еткен факторларды ашуға және
оларды VІ – ІХ ғасырлардағы сәулет құрылыстармен салыстырып,
қорытындылауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Көне тарихи ескерткіштерді, ұлттық құндылықтарды сақтап, қастерлеуге
өнерді түсінуге және шеберлік шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі.
Түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгендеу
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау
Сыныпты 3 топқа бөліп, әр топқа үлестірме қағаздарға, жазылған сұрақтар беріледі. Сұрақтар IX - XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуына байланысты қойылады.
1 - топ
1. Қолөнердің қандай түрлері дамыды?
2. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар қай қалалардан табылды?
3. Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?
4. Зергерлік кәсіп пен сүйек ұқсатуға сипаттама беріңдер

2 - топ
1. Тұтынушы, өндіруші ұғымдарына түсінік беріңдер
2. Айырбас сауда деген не?
3. Далалы өлкелерге қаладан қандай тауарлар әкелінді
4. Қалаға далалы өлкелерден әкелінген тауарларды атаңдар?

3 - топ
1. Егіншіліктің дамуы неге қала санының өсуімен байланысты болды?
2. Егін шаруашылығымен байланысты қандай құрал - саймандар жасалды?
3. Егіншілік Қазақстанның қай жерлерінде жақсы дамыды?
4. Егін шаруашылығы дамыған аймақтарды картадан көрсетіңдер

III. Үй тапсырмасын бекіту.
(Сұрақ - жауап арқылы бекіту)
1. Ұсталар қандай бұйымдар жасады?
2. Ақшаның қандай түрлері болды, олар қандай қалаларда шығарылды?
3. Қандай егін дақылдары өсірілді?

ІV. Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары
1. Сәндік қолданбалы өнер
2. Сәулет, құрылыс жүйелері
3. Кесенелер, моншалар
Х – ХІІ ғасырларда салынған Айша – бибі, Арыстан баб (әулие), Бабаджа-қатын кесенелері бейнеленген құжатты бейнетаспа көрсетілді.
І топ.
1. Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
2. Ғаныш дегеніміз не?
3. ХІ ғасырдан бастап сәндік қолданбалы өнерде қандай кірпіштер кеңінен пайдаланылды?
ІІ. Топ
1. Х – ХІІ ғасырларда қандай архитектуралық құрылыстар салу ісі ерекше дамыды?
2. X - XII ғасырлардағы сәулет құрылыстарының VI - IX ғасырларымен салыстырғанда қандай артықшылықтары болды?
3. Қандай қалаларда мешіт құрылыстарының орны ашылды?
ІІІ – топ
1. Белгілі адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады?
2. Қандай кесенелерді білесіңдер?
3. Қай қалалардан моншалардың орны аршылған?

Хронологиялық диктант
ХІ ғасырда – Сәндік қолданбалы өнерде оюлы және кеңінен пайдаланылған.
Х І - ХІІ ғасырларда - Ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер кеңінен қолданыла бастады.
Х – ХІІ ғасырларда - Сәулетті ірі құрлыстар салына бастаған.
Х - ХІ ғасырларда - Бабаджа – қатын кесенесі салынған.
ХІ – ХІІ ғасырларда - Айша бибі кесенесі салынған.
ХІҮ – ХҮ ғасырларда - Әмір Темірдің бұйрығы мен Арыстан баб, Қожа Ахмет Иассауидің кесенелері салынды.

Сәулет ескерткіштерінің тұрғызылған жерлерін сәйкестендіру.
1. Бабаджа қатын кесенесі - а) Түркістан
2. Айша – бибі кесенесі - ә) Тараз
3. Арыстан баб кесенесі - б) Тараз
4. Қажа Ахмет Йассауи - в) Түркістан

Ү. Жаңа сабақты қорытындылау.
Термин сөздер
Ғаныш - Бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.
Терраката - Ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш.
Мешіт - Діни құрылыс, ислам дінін ұстанушылардың мінажат орны.
Кесене - Діни құрылыс, белгілі адамдардың құрметіне қабір басына
Тұрғызылған.
ҮІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 19
15 574
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Дамыған орта ғасырлардағы сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Орта ғасырлық сәулет өнерінің даму бағыттары мен түрлері, мәдениет үлгілерімен танысу.
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы Конспект Ортағасырлық қалалардың көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті. Сондықтан қалаларда шеберханалар көбейе бастады. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе,
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнеріндегі болған өзгерістердің артықшылығын, себептерін, маңызын ашып көрсететін тапсырмаларды орындауға оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, ойлау қызметін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерімен тарихи деректер іздеуге дағдыландыру.
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
Қазақстанның XIV - XV ғасырлардағы сәулет өнері
XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгілері - кесенелер, қолданбалы өнер туындылары жөнінде түсінік қалыптастыру. Кесенелерді, олардың безендірілуіндегі ерекшеліктерді салыстыра отырып, оқушыларды өз халқының бай мәдениетімен салыстыру.
Архитектуралық ескерткіштер
Архитектуралық ескерткіштер
Сәулет өнері туралы түсінік бере отырып Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайында мәліметтерді ұғындыру.
ІX - XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
ІX - XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №170 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Телеуова Сара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×