Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тарихындағы жыраулардың әлеуметтік қызметі

20 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Тарих пәні – ауқымды пән. Оның шұғылданатын шеңберін түгелдей қамту мүмкін емес. Қазақ халқының тарихын, мемлекеттің өркениетті елдер қатарына қосылуындағы ұлы оқиғалар мен оң өзгерістердің бағыт - бағдары, дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кеңтармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан тарих пәнін мектеп бағдарламасында терең әрі жүйелі оқыту пән мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.

Тарих тағылымы тереңде жатыр десек, сол тамырындағы ағыстарды дөп басып болжап, жарыққа шығарып, зерттеу еңбектерін жазып жүрген ғалымдардың құнды еңбектерін оқушыға жеткізу, оны мектеп оқулығы шеңберінде ғана баяндап қоймай, қосымша ізденістер арқылы бала санасына сіңіру бүгінгі мектеп мұғалімінің міндеті. Өткенін білмеген жеткіншек бүгінін бағалап, болашағын барлай алуы екіталай. Сондықтан да педагог шеберлігі, пәнді оқытудағы әдіс - тәсілдері, білім дәрежесі - оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырудың негізгі бағыты.

Көпғасырлық тарихымызды ел басқарған хандар мен әділ төрелік еткен билерсіз, қол бастаған батырлар мен азуын айға білеген шешендерсіз, ерлікті, елдікті, бірлік пен татулықты жырлаған жырауларсыз елестету мүмкін емес. Соның ішінде тарихымызды танытуда, халықтың бастан кешкендерін, ұлы шайқастарды, ұлтымыздан шыққан белгілі хандар мен батырларды өз толғауларында дәріптеп, жырлап ауыздан - ауызға жеткізген, ханның ақылшысы, қара халықтың рухани серігі, ел мен елдің бітімгері бола білген жыраулардың тарих сахнасындағы орны ерекше.

XIII – XV ғасыр тарихта Алтын Орда дәуірі деген атаумен айрықша аталады. Тарихтан белгілі Бату (Батый, Сайын хан) – хан, Алтын Орданың негізін қалаушы, қолбасшы. Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы. 1208 жылы дүниеге келіп, 1255 жылы қайтыс болған. 1227 жылдан 1255 жылға дейін Алтын Орданы басқарған.[1] Тарих осылай жалғасып кете береді.

ХII - ХIV ғ. ғ. Алтын Орда - Қыпшақ және ХV - XVIII ғ. ғ. Қазақ хандығы және Ресейге бодандық (ХIХ ғ. және ХХ ғ. басы), одан кейiнгi Кеңестiк (ХХ ғ. 20 - 80 жж.), Қазақстан тәуелсіздігі (ХХғ. 90 - ж. және ХХI ғ. басы) – дәуiрлерiндегi әдебиет мұраларында ақын - жыраулар тұлғалары бейнеленуiнiң тұрақты орын алғанын көреміз. [2]. Біздің айтпағымыз, осы деректер қалай, кімдер арқылы жетті? - деген сауал төңірегінде. Әрине, бұл халық арқылы, соның ішінде ерекше дарын саналатын жыраулар арқылы жетті. Жыраулардың импровизаторлық талантымен қоса қоғамдағы атқарған әлеуметтік қызметі де еленіп, екшелуде. Ендеше, жырау дегеніміз кім?

Академик С. А. Қасқабасов “Жырау, жыршы, ақын” атты еңбегінде: «Жырау – хандық мемлекеттің бас идеологы ретінде толғанса, жыршы – елдің тәуелсіздігін негізгі тақырыпқа айналдырады, ал ақын – адамның тіршілігі мен сезімін суреттейді. Демек, үшеуі сөз өнеріміздің ауызша түрінен жазбашаға қарай дамуындағы үш саты. Сол себепті бұл үш өнер бір кісінің бойынан табыла бермейді, ол тек ілу де бір, ұлы таланттарда ғана кездеседі” [3].

Тақырыпты өту барысында пәнаралық байланыстың берері көп. Тарих сабағында көбінесе сандар, дәлелдерге жүгінуге тура келеді. Ал, нақты оқиғаны сөйлетер болсақ, онда әдебиетке орын бергеніміз ұтымды болады. Хандық дәуірді дәлме - дәл сипаттап, терең ұғындыру үшін көркем әдебиетке үңіліуіміз қажет, сонда ғана біз іздегенімізді толықтыра аламыз. Осы Алтын Орда тарихын сөйлету үшін біз міндетті түрде жырауларды сөйлетуіміз керек болады. Ал, ол жырауларды әдебиет әлемінен кезіктіре аламыз.

«Бұл орайда көрнектi жазушы Iлияс Есенберлиннiң «Алтын Орда» [129, 130] тарихи роман - трилогиясындағы ақын - жырау тұлғасы бейнеленуiнiң ерекшелiктерiне айрықша назар аударамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата - бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Қазақстан тарихы пәні бойынша ҰБТ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №28 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Зиғаева Сантөре Жәнібекқызы
Президент жолдауы - халықтың қолдауы
Президент жолдауы - халықтың қолдауы
Ақтөбе қаласы, №32 орта мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Сатмағанбетов Берік Жақыпұлы
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Тарих сабағындағы материалдарды меңгертудің тиімді жолдары
Тарих сабағындағы материалдарды меңгертудің тиімді жолдары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дина Мағауияева
Жеке тұлғаны қалыптастыру
Жеке тұлғаны қалыптастыру
Мемлекеттің білім саясаты ең алдымен мектептер арқылы жүзеге асатыны айдан анық. Оның ішінде заман талабына сай педагогика, психология теориясын меңгерген, өмір тәжірибесі мол, ізгі, іскер, шығармашыл педагогтардың атқаратын рөлі ерекше.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×