Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамды кім жаратты?

18 қыркүйек 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Адамды кім жаратты?
Жалпы мақсаты: Адамның пайда болуы, жаратушы туралы аңыздар, жаңа замандағы адам туралы ілімдердің дамуы, саналы адамның қалыптасуы бойынша таблицалар мен картаны пайдалана отырып жұмыс жасауға бағыт беру. Өз бетінше жұмыс істеуге баулу.
Негізгі идеялар: Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттыру
Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі
Адамның пайда болуы, жаратушы туралы аңыздар, жаңа замандағы адам туралы ілімдердің дамуы, адамның пайда болуы және оның дамуы, саналы адамның қалыптасуы бойынша алғашқы қоғамның тарихын салыстыру арқылы оқушының ізденімпаздығын арттыру.
Ақпарат көздері: «Қазақ энциклопедия» V-том, интернет сайты, электрондық оқулық
Іс - әрекет түрлері: Топпен жұмыс, жеке, жұппен, диалогтық топпен әңгімелесу, АКТ, бір - бірін бағалау және өзін - өзі бағалау
Мұғалімнің іс - әрекеті
Алғашқы рефлексия
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, топтарға бөлу. Топ ережелерін еске алу. Топта ролдерді бөлу.
Оқушының іс - әрекеті
5 оқушыдан жеке топтарға бөлінеді.
Мұғалімнің іс - әрекеті
І тур «Біліміңді сынап көр»
1 - тапсырма
Мұғалім оқушыларға «Адамды кім жаратты?» тақырыбы бойынша алдын - ала дайындаған қосымша материалдарын береді.
- Адамның пайда болуы туралы
- Жаратушы туралы аңыздар
- Жаңа замандағы адам туралы ілімдердің дамуы
- Адамның пайда болуы және оның дамуы
- Саналы адамның қалыптасуы
- Адам баласы қазақ жерінде
Оқушының іс - әрекеті
Әр бір оқушы қосымша материалдар мен танысады, ойланады.
Оқушылар бір - бірімен ойларын бөліседі.
Топ ортақ шешімге келіп постерге түсіреді.
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды
Мұғалімнің іс - әрекеті
ІІ тур «Ойлан тап»
2 - тапсырма
Электрондық оқулықпен жұмыс
Оқушының іс - әрекеті
Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Мұғалімнің іс - әрекеті
ІІІ тур «Қиял әлемінде»
3 - тапсырма
Ойынның мақсаты: Тарихи оқиғаның желісінде және міндетті түрде факті келтіріп, қиялшыл әңгіме құрастыру.
Ойынды жазбаша немесе ауызша айтуға болады.
Оқушының іс - әрекеті
Адам баласы туралы әңгіме құрастыру.
Құрастырған әңгімелерін топта талқылау.
Ортақ шешімге келіп, қорыту.
Сергіту сәті: «Қазылар биі»
Мұғалімнің іс - әрекеті
ІV тур «Кім жылдам?»
4 - тапсырма
Кестені толтырыңдар
Алғашқы адамдар Табылған жері Өмір сүрген уақыты
«Гоминид»
«Австролопитек»
«Питекантроп»
«Синантроп»
«Неандерталь»
«Кроманьондық»
Оқушының іс - әрекеті
Кестені толтыру
Мұғалімнің іс - әрекеті
V-тур «Сен білесің бе?»
5 - тапсырма
1. Тотемизм дегеніміз не?
2. Эволюциялық бағытты ұстанған ғалымдардың пікірі туралы не ойлайсыңдар?
3. Адамзаттың жер бетінде пайда болған аймақтарын картадан көрсетіңдер
4. Адамзаттың тарихи даму сатысын ретімен жазып, басты ерекшеліктерін атаңдар
Мұғалімнің іс - әрекеті
V-тур «Сен білесің бе?»
5 - тапсырма
Оқушылар сұрақтарға өз бетінше жауап береді. Өз жауаптарын топта талқылайды.
Бір шешімге келіп, жауап беріп, басқа топтың жауаптарын жазып отырады.
Бағалау
Бағалау өлшемдері арқылы бағалау жүргізу.
- Тарихи тілде сөйлеу
- Хронология мен жұмыс жасау
- Ой пікірін жеткізу дәрежесі
- Қосымша материалмен жұмыс жасау
- Тақырыпты түсіну
Оқушының іс - әрекеті
Сабақтағы өзінің және көршісінің жұмысына баға беру.
Рефлексия
Пайдаланылған құралдар: Қазақстан Республикасының саяси картасы, балалар энциклопедиясы, электрондық оқулық, таблица, тапсырмаларды жазатын қағаздар, түрлі түсті карандаштар, маркерлер.
Нақты үйге берілетін тапсырмалар: Осы тақырыпта қосымша материалдарды пайдалана отырып дайындалу (интернет, библиотека және т. б.)
11 874
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны
Адамның тірі табиғаттағы жүйелік орны
1. Жер шарында тіршілік қашан пайда болды? 2. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теориялар бар?
Адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар
Адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар
Адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық химия пәні туралы білімдерін жетілдіру, органикалық заттардың ерекшеліктерімен таныстыру, органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, органикалық химияның қазіргі замандағы маңызы
Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде
Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде
Қазақстан территориясы орта тас дәуірі оның ерекшелігі туралы түсінік беру. Өз бетінше жұмыс істеуге баулу. Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттыру.
Артропогенез
Артропогенез
Еркіндік жалпы орта білім беру мектебі Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К. Ж.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×