Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақ тайпалары туралы антикалық деректер

15 қараша 2013, Жұма
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Сақ тайпалары туралы антикалық деректер
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сақ тайпалары туралы көне дәуір заманындағы жазба деректерінен мағлұмат беру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, тарихи жәдігерлерді қастерлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, түрлі слайдтар.
Әдіс - тәсілдер: аралас сабақ, конференция, танымдық ойындар.
Технология: денсаулық сақтау технологиясы
Барысы: ұйымдастыру кезеңі
1) оқушыларды түгелдеу
2) оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау
Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
І. Конференция сабақ
А) Көне парсы деректері
Б) Көне грек авторларының шығармалары
В) Страбон еңбектері
Г) Плутархтың еңбегі
Д) Қытай жазба деректері.
Е) Банъ Гудың еңбегі
ІІ. Құнды дерек
Қаратоғайдан табылған құмыра
ІІІ. Танымдық ойын
Үй жұмысы:
Оқушыларды бағалау.

ЕЖЕЛП ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕ
1. Көне парсы деректері. Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, ең алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып - үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.
Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі "Авеста"деген кітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс - солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.
Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра б. з. д. IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Ауғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы б. з. д. III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. "Авестаның" сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.
Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да айтылады.
Турлар мен арийлер арасындағы шым - шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал, Еділ мен Кама өңірлерінде өрбиді. Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары — садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі — мал өсіру (өгіз, жылқы және түйе), тамағы — ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қой әкелетіндігі баяндалған.
"Авестадағы" құдай әнұрандары Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның бақташы - егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 119
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап әскери демократиялық пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу, ерікті қауым мүшелерін тәуелді адамдарға айналдыру, таптар мен мемлекеттің қалыптасуы.
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті Конспект Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру - тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған
Сармат тайпаларының орналасуы
Сармат тайпаларының орналасуы
Сармат тайпаларының орналасуы Конспект “Сармат” атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б. з. б. 3 ғасырдан бастап кездеседі. Сарматтарды тарихи деректерде б. з. б. 8 ғасырда савроматтар деп атаған. Савроматтар жөнінде грек, рим тарихшылары
Қорытынды тарау бойынша қайталау
Қорытынды тарау бойынша қайталау
Танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру, өткен тарихқа, әдебиетке, отанымыздың рухани мұраларына баға бере білуге үйрету.
Сақ тайпалары, Сақтар - ежелгі Қазақстанды мекендеушілер
Сақ тайпалары, Сақтар - ежелгі Қазақстанды мекендеушілер
Сақ тайпалары туралы грек, парсы (иран), қытай деректерiнің мәнін түсінуге үйрету. Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×