Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау

15 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Қола дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды танымдық ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау, тарихи оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды достарын тыңдай білуге, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету, өз елінің тарихын танып, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ұжымдық, іздену сабақ
Әдіс – тәсілдері: танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ – жауап.
Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, таратпалар, венн диаграммасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа барысын тексеру;
2) сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айту.

ІІ. Жаңа сабақ
Оқушылар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда өзгешелеу өтеді. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» деп аталатын тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, еске түсіре отырып, қола дәуірінің ерекшелігі мен ескерткіштері туралы мәліметтер аламыз. Біз сендермен ойын әлеміне аттанамыз. Ойын арқылы сендердің білімдеріңді тексеремін.
Класты үш топқа бөлу.
- «Андрондықтар» тобы;
- «Беғазы – Дәндібай» тобы;
- «Қола дәуірі»

1 - кезең. «Сенемін – сенбеймін»
Кезең шарты: әр топқа кезекпен үш – үштен тоғыз сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады.
1 - топ:
- Қола дәуірінде адамзат баласы металл өңдеуді игерді ( сенемін)
- Қола мыс пен қалайының қосындысы ( сенемін)
- Қола дәуіріндегі петроглифтерде аң аулау сәттері мен сарай өмірін бейнелеген (сенбеймін)

2 - топ:
- Қазақстан жеріндегі қола дәуірі б. з. б. 2 мыңыншы жылдық – б. з. б. 8 ғасыр аралығын қамтиды (сенемін)
- Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл – күміс ( сенбеймін)
- Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген кезі еді (сенемін)

3 - топ:
- Өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелді (сенемін)
- Қола дәуірі кезінде жеке меншік қалыптасты (сенемін)
- Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі түрі – терімшілік ( сенбеймін)

2 - кезең: «Тарихи диктант» ( топтарға карточка беріледі)
Кезең шарты: берілген карточкаларға 5 минут ішінде жауап беруі тиіс. Карточканың жауабын топ мүшесі оқиды.

1 - топ. «Тарихи диктант».
Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері........... (Андрон мәдениеті) деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері.............. (Андроново) деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі........... (Ачинск) қаласының жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениет «.................» деп аттанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті............. ( Орал) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі,................ (Батыс Сібір) алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан........... (80) аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді.

2 - топ. «Тарихи диктант».
Қола дәуіріне жататын.................... (Солтүстік) Қазақстандағы............... (Петровка) мен................... (Боголюбов) қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай – ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән...... (30) қонысты,...... ( 150) обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы........... (Таңбалы – тас) пен............... (Қаратау) жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын.................. (Түгіскен) кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар............... (еуропеоидтерге) ұқсаған.

3 - топ. «Тарихи диктант».
Андрондықтардың басты кәсібі........ (мал бағу),................... (егіншілік) пен........... (балық аулау) болған.............,.............,..........,.......... (Есіл, Ертіс, Тобыл, Бұқтырма) өзендерін бойлай қоныстанған. Қоныстардың маңындағы егістікке..........,..............,............. (бидай, арпа, тары) еккен. Андрондықтар жерді тесемен өңдеген,...........,.......,......... мен.......... (сиыр, қой, ешкі, жылқы) өсірген. Сазбалшықты...... (ыдыс) жасауға пайдаланды. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірі кен ісі мен............ (металл өндеу) құрады.

3 - кезең. «Сөздер сөйлейді».
Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады.
- Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)
- Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)
- Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)
- Жеке меншік (жекелеген отбасылардың байлығы)
- Абыздар (рудың ежелгі салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)
- Тотемизм (шығу тегін жануарлармен байланыстыру)
- Фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)
- Анимизм (жанға, рухқа сену)

4 - кезең. «Кім білгір, кім жылдам?»
Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.
1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев)
3) Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? (1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? (Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? (өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? (2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало – Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)

5 - кезең. «Салыстыру кестесі»
Кезең шарты: «Тас дәуірі», «Қола дәуірі» кезеңдерін салыстыру.
Венн диаграммасымен жұмыс

6 - кезең. «Қорытынды»
ІІІ. Үй тапсырмасын беру. Әлкей Марғұлан туралы мағлұмат жинау.
ІV. Бағалау.
30 194
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Қола дәуіріндегі Қазақстан
Қола дәуіріндегі Қазақстан
Қола дәуіріне қысқаша сипаттама беру, өндіріске металл құрал - саймандардың туралы білім алу.
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Қола дәуіріндегі адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер
Қола дәуіріндегі адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер
Оқушылар қоладан жасалған еңбек құралдарының тиімділігін анықтайды, қола дәуіріндегі адамдардың шаруашылығы жайлы оқи отырып, шаруашылықтағы жетістіктерді, тас дәуірінен ерекшелігін айқындайды, түсінеді.
Қола дәуірі Қазақстан терреториясында
Қола дәуірі Қазақстан терреториясында
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Епенова Самал
Тас дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау
Тас дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау
Қазақстан тарихы Сынып: 6 «а», «б», «в» Сабақтың мақсаты: оқушыларға тас дәуірі тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Логикалық ойлау, оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×