Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тас дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау

15 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы
Сынып: 6 «а», «б», «в»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тас дәуірі тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Логикалық ойлау, оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Түрі: жарыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: топпен жарыс, сұрақ – жауап, танымдық ойын.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ.
- Оқушыларды топқа бөлу. Әділ - қазыларын тағайындау.
- 1 - топ «Палеолит»
- 2 - топ «Мезолит»
- 3 - топ «Неолит»

1 - кезең. «Сенемін – сенбеймін». Шарты: әр топқа кезекпен төрт – төрттен 12 сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады. Әр дұрыс жауап 2 - ұпаймен есептеледі.

«Палеолит» тобына сұрақ.
Тарих – адамзаттың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым. Тарих сөзі арабша «зерттеу, оқиғалар туралы әңгіме» деген мағына береді. (сенемін)

«Мезолит» тобына сұрақ.
Тұрақ – тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және аспан астындағы болып екіге бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген. (сенемін)

«Неолит» тобына сұрақ.
Археология – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. Археология атауы грекше «архео» - көне, «логос» - зерттеймін деген мағынаны білдіреді. (сенемін)

«Палеолит» тобына сұрақ.
Микролит – қола құралдардың өндіріске енген кезеңі. (сенбеймін)

«Мезолит» тобына сұрақ.
Мұз дәуірі – б. з. б. 100 - 13 мыңж. Орта палеолит пен мезолит аралығында жер бетін ұзақ уақыт мұз басқан кезең. (сенемін)

«Неолит» тобына сұрақ.
Синантроп – ақыл – ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жаратылысынан әлдеқайда жетілген адам. (сенбеймін)

«Палеолит» тобына сұрақ.
Бифас – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал (сенемін)

«Мезолит» тобына сұрақ.
Терімшілік – жинау, теру. Алғашқы адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс – жидектерді теру, жеуге жарамды тамырларды қазып алу, құстардың жұмыртқасын жинап қорек ету. (сенемін)


«Неолит» тобына сұрақ.
Ретушь – ағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық аулайтын құрал. (сенбеймін)

«Палеолит» тобына сұрақ.
Мамонт - палеолит дәуірінде Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада кеңінен таралып, мұз басу кезінде құрып біткен, салмағы 5 тоннаға дейін жететін алып піл. (сенемін)

«Мезолит» тобына сұрақ.
Этнография – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы (сенбеймін)

«Неолит» тобына сұрақ.
Питекантроп – б. з. б. 1 млн. жыл бұрын өмір сүріп, тік жүру қабілетін меңгерген ерте палеолит адамы. Алғашқы питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралынан табылды. Миының көлемі – 950 см. 3. (сенемін)

2 - кезең. «Жұмбақ жылдар». Шарты: берілген жылдарда қандай тарихи оқиға болғандығын айту керек. Дұрыс жауап бір ұпай.

«Палеолит» тобына сұрақ.
1. Б. з. б. 2, 6 млн.- б. з. б. 40 мың жыл. (ерте палеолит кезеңі)
2. Б. з. б. 140 – 132 мың жыл бұрын (Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас құралдардың пайдаланған уақыты)
3. Б. з. б. 3000 – 1800 жыл (энеолит кезеңі)
4. Б. з. б. 3 - 2 мыңж. (Ботай тұрағының мерзімі)

«Мезолит» тобына сұрақ.
1. Б. з. б. 2, 6 млн. – 800 мыңж. (олдувэй кезеңі)
2. Б. з. б. 40 - 12 мыңж. (кейінгі палеолит кезеңі)
3. Б. з. б. 30 - 25 мыңж. (Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағының уақыты)
4. Б. з. б. 12 - 5 мыңж. (мезолит кезеңі)

«Неолит» тобына сұрақ.
1. Б. з. б. 5 – 3 мыңж. (неолит кезеңі)
2. Б. з. б. 40 – 30 мыңж. («саналы адам»)
3. Б. з. б. 100 – 13 мыңж. (мұз дәуірі кезеңі)
4. 1856 ж. ( неандерталь адамы табылды)

3 - кезең. «Сен маған – мен саған». Шарты: үш топ бір – біріне үш сұрақ қояды. Дұрыс жауап бір ұпай.

4 - кезең. «Ежелгі адамдар елінде». Шарты: топқа түскен адам туралы толық мағлұмат айту. Дұрыс, әрі толық жауап 3 ұпай.

«Палеолит» тобына сұрақ.
«Кроманьон» - адамның эволюциялық даму сатысында неандерталь адамнан соң қалыптасқан қазіргіге ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасын 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны «кроманьондық» деп атайды. Миының көлемі – 1500 - 1800 см. 3, бойы – 1, 68 – 1, 94 метр, жасы б. з. б. 40 мыңж.

«Мезолит» тобына сұрақ.
Неандерталь – 1856 жылы Германияның Неандерталь жотасынан қазып алынған орта палеолит кезеңінің адамы. Табылған жерінің атына байланысты «неандерталь адамы» деген атау алған.

«Неолит» тобына сұрақ.
Синантроп – ерте палеолитте өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу – коу – дянь үңгірінен қазып алынған. Миының көлемі – 1075 см. 3, жасы б. з. б. 1 миллион жыл. Кейде синантропты «Қытай адамы» деп атайды.

5 – кезең. «Сандар сөйлейді». Шарты: жылдар айтылады. Дұрыс жауап саны 2 ұпай.
«Палеолит» тобына сұрақ.
- 1 млн. 750 мың (епті адам)
- б. з. б. 2, 6 млн. – б. з. б. 40 мыңж. (ерте палеолит)
- б. з. б. 140 – 40 мыңж. (мустье кезеңі)
- б. з. б. 100 – 35 мыңж. (неандерталь адамы)

«Мезолит» тобына сұрақ.
- 1 – 2 сантиметр ( микролит)
- 1938 жыл (Тесіктас үңгірі, неандерталь баласы)
- б. з. б. 10 мыңж. бұрын (егіншілік пайда болды)
- б. з. б. 5 – 3 мыңж. (неолит кезеңі)

«Неолит» тобына сұрақ.
- б. з. б. 800 - 140 мыңж. (ашель кезеңі)
- 7 метр – (мустье кезеңіндегі Ш. Уәлиханов тұрағының қалыңдығы)
- 150 тұрақ ( неолит кезеңінің Жезқазған өңірінен табылған тұрақтар саны)
- 15 гектар, 158 тұрғын үй (Ботай тұрағының аумағы, тұрғын үй саны)

ІІІ. Қорытындылау. Ұпайлар санын есептеп жеңімпаз топты анықтау.
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма.
- тарауды толық қайталау;
- кескін картаны толтыру.
13 028
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Тас дәуірінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру Палеолит дәуірінің тұрақтарының мәнін түсінуге үйрету
Тас дәуірі (палеолит)
Тас дәуірі (палеолит)
Адамзат дамуы тарихындағы ең ұзақ тас дәуірінің кезеңдерін хронологиялық ретімен, еңбек құралдарымен баяндап, тас дәуіріндегі Қазақстан аумағының табиғат жағдайы туралы білім беру.
Орта тас (мезолит) ғасыры
Орта тас (мезолит) ғасыры
Тарих пәні мұғалімі: Бесбаева Анара Сауытбекқызы
Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау
Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша қайталау
Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау. Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
Мыс - тас ғасыры (энеолит)
Мыс - тас ғасыры (энеолит)
Князова Балзира Бақытжанқызы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×