Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест 6 сынып. Ежелгі дүние тарихы

15 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Тарих
«Ежелгі Қосөзен мемлекеттері» тарауы бойынша 6 сыныпқа арналған тест тапсырмалары
(«иә» немесе «жоқ» деп белгілеу керек)

1.«Қосөзен» деп Евфрат пен Тигр өзендерін атаған.
А) иә В) жоқ
2. Ауа райының қолайлығына байланысты қосөзендіктерде мал шаруашылығының ерте дамуына мүмкіндік берді.
А) иә В) жоқ
3. Қосөзеннің шығысында аккадтықтар өмір сүрді.
А) иә В) жоқ
4. Шумерліктерде жер шаруашылығымен бірге қолөнер жақсы дамыған.
А) иә В) жоқ
5. Сауда - саттық басшыларын «нубанда» деп атады.
А) иә В) жоқ
6. Сауда - саттық басшыларын «дамкар» деп атады.
А) иә В) жоқ
7. Б. з. б. ІV мыңжылдықта Қосөзенде алғашқы қала – мемлекеттер пайда болды.
А) иә В) жоқ
8. Шаруккин патшаның екінші аты Саргон.
А) иә В) жоқ
9. Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин патшаның тұсында болды.
А) иә В) жоқ
10. Аккад мемлекетінің билеушісі Шаруккин Египетке жол ашты.
А) иә В) жоқ
11. Шумерліктер гутеиліктерді « тау аждаһалары» деп атады.
А) иә В) жоқ
12. Б. з. б. 2109 жылы Ур қаласының билеушілері билік ете бастады.
А) иә В) жоқ
13. Шульги патша таулы өлкенің тайпаларына 10 рет жорық жасады.
А) иә В) жоқ
14. «Құдайға барар қақапа» деп Вавилон қаласын атады.
А) иә В) жоқ
15. Б. з. б. 1792 – 1750 жылдары Хаммурапи патша билік етті.
А) иә В) жоқ
16. Хаммурапи патша өзінің заңдарын жазды.
А) иә В) жоқ
17. Вавилон мемлекеті көп уақыт бойы Сирия мемлекетіне бағынышты болды.
А) иә В) жоқ
18. Б. з. б. 604 - 562 жылдары Вавилон мемлекетін Навуходоносор патша биледі.
А) иә В) жоқ
19. Вавилонның бас қақпасы Мардук құдайға арнап салынды.
А) иә В) жоқ
20. Әйгілі «Аспалы бақты» Хаммурапи патша салғызды.
А) иә В) жоқ
21. «Гильгамеш туралы дастан» бұл әдеби жанрдың туындысы.
А) иә В) жоқ
22. Қосөзендіктердің мүсіндерінің бет пішіндері маска болып көрінді.
А) иә В) жоқ
23. Вавилон қаласының қамқоршы құдайы - Мардук.
А) иә В) жоқ
24. Шамаш - су құдайы.
А) иә В) жоқ
25. Храмдардың дін иелері - абыздар.
А) иә В) жоқ

«Ежелгі Қосөзен мемлекеттері» тарауы бойынша 6 сыныпқа арналған тест тапсырмалары
(ашық тест тапсырмасы)

1. Тигр мен Евфрат өзендерін қосып, қалай атаған?
2. Үй жануарлардың ішінен қандай жануарларды өсірді?
3. Қандай көкөністер мен дәнді – дақылдарды өсірді?
4. Үй баспанасын қандай құрылысы материалдарынан салды?
5. Қосөзеннің қай жақ бөліктерінде акккадтықтар, қай жақ бөлігінде шумерліктер өмір сүрді?
6. Шумерліктердің басқару жүйесіндегі адамдардың лауазымдарын толық жаз.
7. Қосөзеннің басты қалаларын ата.
8. Аккад патшалығын кім құрды?
9. Нарамсин патшаның билігі тұсында қандай өзгерістер енгізді.
10. Урдың ІІІ әулеті қай жылы билікке келді?
11. Хаммурапи патшаның билік еткен жылдары?
12. Навуходоносор патшаның билік еткен жылдары?
13. Навуходоносор патша не салдыртты?
14. Қосөзеннің әдеби шығармасын ата.
15. Қосөзеннің құдайларын ата.
16. Абыздар деген кім?
17. Сына жазу деген не?

«Ежелгі Қосөзен мемлекеттері» тарауы бойынша 6 сыныпқа арналған тест тапсырмалары
(жабық тест тапсырмасы)

1.«Қосөзен» деп қандай екі өзенді атаған?
А) Евфрат пен Тигр В) Ніл мен Конго С) Лена мен Волга Д) Тигр мен Ніл Е) Евфрат пен Ніл

2. Үй жануарларының ішінен не өсірді?
А) қой В) шошқа С) ешкі Д) сиыр Е) аталғандардың барлығын

3. Қосөзеннің қай бөлігінде шумерліктер өмір сүрді?
А) оңтүстік – батыс В) шығыс С) оңтүстік – шығыс Д) батыс Е) оңтүстік

4. Б. з. б. нешінші мыңжылдықта Қосөзенде қала – мемлекеттер пайда болды?
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5

5. «Нубанда» деп кімді атаған?
А) салық жинаушы В) әскербасылар С) мемлекет басшысы Д) қоймашылар Е) сауда – саттық басшысы

6. Шумерлік қалаларды тап.
А) Ур В) Урук С) Лагаш Д) Ниппур Е) аталғандардың бәрі

7. Шумер – Аккад мемлекетін құрған патша
А) Нарамсин В) Шаруккин С) Шульги Д) Ур Е) Хаммурапи

8. Сирияны жауалап, Жерорта теңізіне жейін жетіп, Египетке жол ашқан патша?
А) Нарамсин В) Шаруккин С) Шульги Д) Ур Е) Хаммурапи

9. Б. з. б. 2109 жылы Ур қаласының билеушілерінің нешінші әулеті билікке келді?
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5

10. Шульги патша неше рет тау тайпаларына жорық жасады?
А) 9 В) 11 С) 5 Д) 3 Е) 1

11. Хаммурапи патшаның заңдары жазылған тас қай жылы табылды?
А) 1902 ж. В) 1903 ж. С) 1904 ж. Д) 1905 ж. Е) 1906 ж.

12. Хаммурапи өз заңдарында неге қатты көңіл аударды?
А) сауда қатынасына В) мал шаруашылығына С) бақша шаруашылығына Д) отбасы қатынасына Е) басқару жүйесіне

13. Б. з. б. 604 - 562 жылдары билік еткен патша
А) Хаммурапи В) Нарамсин С) Навуходоносор Д) Шульги Е) Саргон

14. Вавилон қаласының қамқоршы құдайы?
А) Иштар В) Тиамат С) Таммуз Д) Син Е) Мардук

15. Балшыққа батыра отырып, сызу арқылы жазылған әріптер жазуын қалай атайды?
А) сына жазуы В) кириллица С) латиница Д) араб жазуы Е) иероглиф

16. Ай құдайы?
А) Иштар В) Тиамат С) Таммуз Д) Син Е) Мардук

17. «Аспалы бақ» кереметін қандай патша салдыртты?
А) Хаммурапи В) Нарамсин С) Навуходоносор Д) Шульги Е) Саргон

18. Мүсіндердің бет пішіндері не тәрізді болып көрінді?
А) маска В) ескерткіш С) бюст Д) қалпақ Е) көзілдірік

19. Храмдардың дін иелерін қалай атады?
А) басшы В) абыз С) құдай Д) әскербасы Е) құл

20. Вавилон қаласында қай құдайға арнап бас қақпаны салды?
А) Иштар В) Тиамат С) Таммуз Д) Син Е) Мардук
72 668
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Дүниежүзі тарихы 5 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Дүниежүзі тарихы 5 сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5 - сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Тест, Ежелгі дүние тарихы. 6 класс.
Тест, Ежелгі дүние тарихы. 6 класс.
Ежелгі дүние тарихы. 6 класс. Кіріспе. 1. «Тарих» сөзі қандай мағына береді? А) «Жылнамашылар жинағы» *В) «Өткен оқиғалар туралы әңгіме» С) «Ежелгі адамдар өмірі» Д) «Мифтік аңыз - әңгімелер» Е) «Ауызша және жазбаша деректер»
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Аңғал батыр ауылы, Аманкелді орта мектебінің Тарих пәнінің мұғалімі Айтмағанбетова Алмагуль Тлеубековна
Ежелгі Қосөзен мәдениеті
Ежелгі Қосөзен мәдениеті
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №77А. Асқаров атындағы мектеп - гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Ботабаева Күнсұлу Садуахасқызы
Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №77 А.Асқаров атындағы мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі Үсенбаева Айсұлу Мұсахановна
Ежелгі Үндістан
Ежелгі Үндістан
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×