Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан территориясындағы тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттердің қоғамдық құрылысы

21 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: Тарих
Сыныбы: 10
Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 7. Қазақстан территориясындағы тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттердің қоғамдық құрылысы

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Дәуір тарихына сипаттама беру, алғашқы тайпа одақтары туралы мәліметтерді ғылыми жағынан талдау. Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттердің тарихы туралы мәліметтер беру.
2) Дамытушылық: Тақырыпты ашу үшін оқушыларды топқа бөлу, тақырыптың ғылымилығын таба білуге үйрету. Тарихи білімдерін дамыту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке баулу, отанды сүйе білуге үйрету. Өткен тарихи мұраларды қорғап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: баяндау, талдау, сұрақ - жауап.
Көрнекті құралдары: интерактивті тақта, саяси карта.
Пәнаралық байланыс: география, биология.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру: 1 - 3 мин.
Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы.
Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі.
(Н. Назарбаев.)

II. Үй тапсырмасын тексеру: 10 - 15 мин.
1. §6. Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі.
а) Темір дәуіріне сипаттама
ә) Жазба деректер
б) Анахарсис - сақ данасы
в) Археологиялық ескерткіштердәң зерттелуі.

III. Үй тапсырмасын бекіту:
№1. Сақтардың аталуы:
Гректер -
Парсылар -
Ирандықтар -
№2. Сақтардың бөлінуі: 1. Тиграхауда;
2. Хаомаварга;
3. Парадарайя.

№3. Анахарсистің нақыл сөздерін талдау:
«Басқа пәле – тілден»
«Татымсыз мың достан – адал бір дос артық»

IV. Жаңа материалды меңгерту:
Жоспар:
1. Сақтардың қоғамдық құрылысы
2. Сақ тайпаларының шаруашылығы
3. Қолөнер мен зергерліктің дамуы
4. Бейнелеу өнері
5. Діни наным – сенімдері
6. Сақтардың антропологиялық өзгерістері

1. Сақ қоғамында мүлік теңсіздігі пайда болды.
Меншіктік
------------------ Қауымдық меншік (Жерге)
------------------ Отбасылық меншік (Малға)

Б. з. д. 1 мыңж. Ортасында тайпалық одақтардан Қазақстандағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар пайда болды.
Оңтүстік, Шығыс, Орталық аудандар - сақ тайпалық одағына біріксе, Солтүстік, Батыс аймақтар - сармат тайпа одағына бірікті.

2. Сақтардың шаруашылығы: 1. Көшпелі мал;
2. Суармалы егіншілік.

Қосымша шаруашылығы - балық, аң аулау.
Кәсібі - айырбас сауда.
3. Жылқының екі түрі: 1. Жылқының тез семіретін етті түрі;
2. Суыққа төзімді жылқы(көп тарады).

4. Сақтар - нағыз зергер, тамаша мүсінші.
5.”Аңдық стиль”: 1. Мазмұны жағынан - мифологиялық;
2. Түрі жағынан - шын мәніндегі аң бейнесі.

Ғалымдар Жетісу аймағынан табылған “аң стиліндегі” әшекей бұйымдардың жасалу мерзімін 3 кезеңге бөлді:
1. Көне заман: жануарлардың бір орында, қаз - қалпында жеке тік тұрулары.
2. Гүлденген кезеңі: жануарлардың әр түрлі әрекет жасап тұрған күрделі бейнеленуі.
3. Құлдырау кезеңі: бұл кезеңде аң стилі ою - өрнекке айнала бастаған. Б. з. д. V - Ivғ. ғ. полихромдық туындылары шықты.

Ою - өрнек түрі: 1. Геометриялық;
2. Зооморфтық(өсімдікке ұқсас);
3. Рәміздік(таңбалық).

5.”Көсемге табыну”
Анимизм, тотемизм.

6. Монголоидтік үрдіс темір дәуірінде жүре бастады.

V. Бекіту тапсырмалары: 5 мин.
Тест түрлерін қолдану.
1. Баламалы тест Жауабы: “иә” немесе “жоқ” сөздері арқылы белгіленеді.
1. Сақ тайпалары тас дәуірінен бастап өмір сүре бастады. (жоқ)
2. Тасмола мәдениеті Қазақстанның Оңтүстігінде орналасты (жоқ)
3. Б. з. б. VII ғ. “аңдық стиль” дамыды (иә)
2. Аралас тест Орын орнына қою.
Алтын адам, қола дәуірі, үйсіндер, мысты тас дәуірі, түрік қағанаты.
(Жауабы: мысты тас, қола дәуірі, Алтын адам, үйсіндер, Түрік қағанаты).

№3. “Сиқырлы сөз” (Тарихи терминдерді есте сақтау). “А” әрпі
1. Археология;
2. Антропология;
3. Аңдық стиль;
4. Алтын адам;
5. Анахарсис.
№4.
Хронология ------------------------------------ Атаулар -------------------- Аттар
Б. з. б. VII ғасырлар -------------------------- Скиф ------------------------ Анахарсис
Б. з. б. 484 - 425 жылдар аралығы ------ Тур --------------------------- Геродот
----------------------------------------------------- Тиграхауда ---------------- Томирис
№5. Әріптерді шешу
стмоиир --------------------- регжауын ------------------- семкө
(Томирис) ------------------ (Жауынгер) ---------------- (Көсем)

VI. Үйге тапсырма: 1. §7 оқу 1 - 2 мин
2.?! жауап беру.
VII. Бағалау. 1 - 3 мин.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 065
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Қазақстан аумағындағы батыс - түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері
Қазақстан аумағындағы батыс - түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері
Батыс түрiк, түркеш, қарлұқ, мемлекеттері жайлы толық мағлұмат алады. Мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерінің мәнін түсінеді.
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?
X – XIII ғғ мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі (палеолит)
Тас дәуірінің ерекшеліктері туралы ақпарат беру Палеолит дәуірінің тұрақтарының мәнін түсінуге үйрету
Қыпшақ хандығы
Қыпшақ хандығы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беру орта мектебі" М. М тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі Темирова Бақытгүл Акимадиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×