Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

06 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырып: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы (презентациясымен)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
А) Оқушыларды тізім бойынша тексеру
Б) Оқушыларды сабаққа дайындау

2. Үй тапсырмасы
Тақырып: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
(Үй тапсырмасын ойын арқылы тексеру)
1. Адасқан әріптер ойыны.(әріптерді дұрыс қой)
Л Ы Ы Қ Ж – жылқы
Р С Ы И – сиыр
О Қ Й – қой
Й Ү Е Т – түйе
Ы Т Р А – тары
А А П Р – арпа
Қ А Л А – алқа
Қ А И С А Н А Р Ғ Ы Л С Р А – сақина сырғалар
Р Қ У А Р А А Қ Ж – қару жарақ
Е Е Ж Б – жебе
Й А Н А З – найза

2. Төмендегі сөздерді кім айтқан?
1. Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді деп жазған тарихшы кім? (Геродот)
2. Жазық жерде тұрған мен олар егіншілік пен айналыспайды көшпелілер, скифтер сияқты малшылық және балық аулау мен күн көреді. (Страбон)
3. Зымыран сұрақтар ойын
1. Сақтардың өмірінде қай түлік маңызды орын алды? (жылқы, қой)
2. Сақтардың қосымша кәсібі? (балық аулау)
3. Сақтардың 3 әлемін атаңдар? (аспан, жер үсті жер асты)
4. Сақтардың қыш ыдыстары қай қорғаннан табылды? (Есік қорған)
5. Сақтардың өмір сүрген баспанасы? (Киіз үй)
6. Сақтар өлген адамды қалай жерлеген? (дүние мүліктерін қоса жерлеген)
7. Сақтар неге табынды? (ата - баба аруағына)
8. Сақ елінің басты құдайы не болды? (күн құдайы)
9. Сақтардың негізгі шаруашылығы не болды?(мал шаруашылығы)

Сақтар өз заманында отанын жерін басқа жат жерлік шапқыншылықтардан қорғауда ірі – ірі шайқастарды басынан кешірді. Бүгін біз осы сақтардың көршілермен қарым - қатынасы саяси тарихы туралы мағлұмат аламыз - деп жаңа тақырыпқа көшеміз.

Жаңа тақырып: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Басқару ісі, қоғамдық құрылысы, тәуелсіздік үшін жүргізген соғыстары тарихы тұлғалар мен олардың ерліктері туралы білім беру.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың сақтар туралы білімдерін одан әрі жетілдіріп, ойлау, картаны қосымша көмек құралы ретінде пайдалана білу қабілеттерін, аңыз - деректері, тарихи оқиғалардың тарихи шеңбері мен кеңістігі туралы білімдерін жетілдіру.
В) Тәрбиелік: Отаншылдыққа, мемлекетті және тәуелсіздікті сүюге, ұлт жандылыққа тарихи тұлғалардың ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Баяндау, өзіндік жұмыс, ізденіс, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, Томирис суреті, Шырақ суреті, кесте.
Сабақтың эпиграфы: «Батыр жауда сыналады, жуас жайда сыналады»
Кызығушылықты ояту
Топтастыру бетін беремін.
Сақтар туралы не білеміз

- Тәуелсіздік қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөзге көз жіберіп ой елегінен өткізсек ата бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.
- Тәуелсіздік жолында біздің аға – апаларымыз - да өз өмірлерін құрбан етті.
- Олар кімдер
- Білеміз бе?
- Олардың есімі мәңгілік тарихта, біздің жадымызда қалмақ
Осындай ержүрек, қайраткер батыл қолбасшылар сақ тайпаларында болған. Олар ел тәуелсіздігі үшін күрескен. Өз елінің тәуелсіздігін алу үшін елін жерін дұшпандарынан алып қалу үшін ерліктермен көрсете отырып, батыл - да ержүрек атанған сақ көсемдері - де болған
Сақ қоғамында әйелдерін құрметтеп, қастерлеген, сыйлаған. Сақ әйелдері тайпа көсемдері болып - та сайланатын. Мысалы. сақтарды патшайым Томирис басқарды. Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы, егер сақ жігіт қызға үйленгісі келсе онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептелінеді. Тек жеңген жігіт оған өз билігін жүргізе алады деп жазылған.
- Балалар бұдан біз нені байқаймыз
- Сақтардың қыздары қайратты, шымыр, батыл ер жүрек екендіктерін.
(бағалау үшін жетондар үйлестіремін)

2 Мағынаны ашу
Түртіп алу стратегиясы (Тақырыптың ішінен кездескен сөздер)
Помпей Трог – Рим тарихшысы
Томирис - сақ патшайымы
Шырак - сақ жаунгері
1 Дарий – парсы патшасы
Спаргапис – Томиристың ұлы
Полиэн – грек тарихшысы
А. Македонский - ұлы грек қолбасшысы
Спитамен – сақ жауынгері
Бехистун жазуы - сына жазуы

3 Кесте Тарихы деректер
Деректерде қалай аталады
Ирандықтарда ---------- Жүйрік атты турлар
Еуропада ----------------- Скифтер
Гректерде ---------------- Дайлар, массагеттер
Парсыларда ------------- Құдіретті еркектер

Кесте «Сақтар»
Қай жерде мекендеген --------------------------→ Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерінде
Қашан өмір сүрді ----------------------------------→ Б. З. Б 1 мыңжылдық
Қай елдермен қарым қатнас жасады -------→ Ассирия, Индия, Ахамениттер

Сақтардың көктен түскен сиқырлы сыйы.

Соқа мен қамыт ---------------→ егіншілерге.
Найза мен садақ-------------- → сарбаздарға
Жайпақ тостаған -------------→ абыздарға арналған.

Кесте «Сақтардың тайпалық құрамы»
Сақ тайпаларының аты -------------------------------------------- Мекендері
Парадарайа (Теңіздің арғы жағындағы сақтар) ------------ Қара теңізінің солтүстігі, Арал жағалауы, ---------------------------------------------------------------------------------Сырдария Амудария төменгі ағысы
Тиграхауда (шошақ бөрік қиіп жүретін сақтар) ------------ Сырдарияның орта ағысы, Жетісу
Хаумаварга(Хаома сусынын дайындайтын сақтар ------ Мұрғаб аңғарында(Түрікменстан)

5 Мағынаны ашу
1. Томиристің ерлігі
2Шырақтың ерлігі
6 Ерлік туралы мақал - мәтел
1 «Батыр майданда шынығады, (болат қайнауда шынығады)
2 Қас батыр өткінші жаңбырдай (Білімі мірдің оғындай)
3 Ер жігіттің екі сөйлегені (өлгені)
4 Батыр ел үшін туады (ел үшін өледі)
5 Ерлік түбі (бірлік)

7 Тарихы сынақ хат
1 Б. З. Б. 1мың жылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерінде мекен еткен ежелгі тайпа................ не деп аталады? (сақтар)
2Сақ қоғамында.......................... мен...................... деп аталатын 3 топ пайда болды.
(егіншілер, малшылар, абыздар, жауынгерлер)
3Б. З. Б. 8 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу.............. пайда болды. (сақтарда)

8 Тест тапсырмасы
1 Б. з. б қай жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді?
А) Б з б 530 ж Ә) Б з б 519 Б) Б з б 540
2. Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған билеуші?
А) Спитамен Ә) Скунха Б) Томирис
3Томирис патшайым өмір сүрген жылдары?
А) Б з б 570 - 520 Ә) Б з б 570 - 530 Б) Б з б 580 - 530
4 Кир қай елдің патшасы?
А) Сақ Ә) Македония Б) Парсы
5 Әйел болса - да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ деп жазған кім?
А) Помпей трог Ә) Геродот Б) Страбон
6 І Дарий әскерін шөл далаға апарып адастырған сақ малшысы
А) Шарыш Ә) Спаргапыс Б) Шырақ

Қорытынды
Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек.
Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.
Бағалау
Үйге тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 736
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтар туралы тарихи мәліметтер
Сақтар туралы тарихи мәліметтер
Сабақ нәтижесі: Барлық оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін біледі. Сақтар туралы жазған тарихшыларды біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Сақтардың атауларын ажыратады, дереккөздерге сүйеніп дәлелдейді.
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап әскери демократиялық пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу, ерікті қауым мүшелерін тәуелді адамдарға айналдыру, таптар мен мемлекеттің қалыптасуы.
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Конспект Ерте заманда кеншілер темірді арнайы пеш - көрікпен өндірген. Тастан немесе шикі саз балшықтан салынған пештің астынан ауа үрлейтін көрік орнатылды. Пештің ішіне бірнеше қатар етіп салынған отын мен кен
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы Конспект Cақ тайпалары 3 топқа бөлінеді: тиграхауда (шошақ бөріктілер), парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар), хаумаварга (хаома сусынын дайындайтындар). Парадарайа (теңіздің арғы жағындағылар) тайпалары Арал
Сақ тайпалары, тұрмысы, шаруашылығы
Сақ тайпалары, тұрмысы, шаруашылығы
Сақ қоғамындағы басқару ісі, коғамдық құрылысының ерекшелігі мен сақтардың өз тәуелсіздігі үшін жүргізген соғыстары кезеңіндегі басты тарихи тұлғалар мен олардын ерліктері туралы түсіну.
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі Темирова Бақытгүл Акимадиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×