Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мата туралы жалпы түсінік

28 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Мата туралы жалпы түсінік
Сабақтың мақсаты:
А) Білім беру; Оқушыларға мата туралы түсінік беру. Матаның шығу тарихымен таныстыру.
Б) Тәрбиелік; Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
В) Дамытушылық; Оқушыларды өткен сабақтарда алған білімдерін жаңа сабақ тақырыбымен байланыстыра атырып, олардың ой - өрістерін әрі қарай дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: бор, лента, плакат, клей, қайшы т. б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Оқытудың тиімді әдістері: Әңгімелеу, көрнекілік, жаттығу.
Пән аралық байланыс: Сурет геометррия, сызу, тарих, биология т. б.

Сабақтың барысы.
А) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, кезекшіні белгілеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару;
Ә) Өткен сабақты қайталау: Үйге берілген тапсырма бойынша өткен сабаққа шолу жасау. Арнайы сұрақтар берілген карточкаларды пайдалану.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Кенеп, жібек барқыт және т. б мата түрлеріне олардың шығу тарихына тоқталып өткер болсақ:
Кенеп матасының Отаны - Египет болып саналады. Ніл алқабының табиғат жағдайлары осы өсімдіктердің өсуіне қолайлы кенеп матасын тоқуда египет тігіншілерінің шеберлігі жоғары жетістіктерге жетті. Ежелгі Египет кенеп матасының қасиеті біздің осы күнге дейін сақталған мата үлгілерін анықтауға жол береді. Себебі сол кезде шығарылған 1 см 2 осындай матада 84 негізгі және 60 арқау жіп болады екен. 240 см жұқа көре әрең көрінетін мата небәрі 1 - ақ грамм шыққан. Тігінші мұндай жіпті тек саусақпен ғана сезетін болған. Бірақ Египеттік кенеп матасының жұқалығы табиғи жібектен кем түспейді. Мұндай матадан тігілген киімді бес қабаттап кисе де адам денесі анық көрінетін болған.
Жібек пен өрнекті жібек матасының шыққан жері – Қытай елі. Қытайлықтар жібек матаның кедір бұдырлығы мен тығыздылығына қарай бірнеше түрге бөледі.
- өрнектелген көптүсті парша;
- тығыз біртүсті өрнекті жібек;
- жұқа жібек – газ және т. б.
Қытай шеберлері мата беттеріне қиялдан шыққан айдаһарлар, құс, қара өрік гүлі жарқанат, пион, мотос гүлдерін қанық түсте бейнеледі.
Осыдан үш мың жыл бұрын Қытайда белгілі деңгейде жетілдірген тоқыма станогы пайда болды. Көп түрлі өрнекті мата жөніндегі мәліметтер жазба деректері ІХ – ХІІ ғасырлардағы әдеби ескерткіштерден байқауға болады.
Біздің отанымыздың территориясынан табылған еу ежелгі маталар ІV – V ғасырлар деп саналады. Бұл маталар пазырық қорғанынан шыққан. Тафта тәрізді маталар репс, газды маталар, сонымен қатар полихронды маталар да геометриялық немесе ерекше өсімдік тектес өрнектермен әсемделген.
Ең көп тараған сол кездегі жібек матасы - қамқыс. Ол күрделі өрнекті, саржалық айқаспамен тоқылған.
Мақта маталар қазіргі жағдайда білікті басу машиналарында механикалық жазу әдісімен орындалады. Ал, кенеп маталарын сурет баспасы тәсілімен шығарады. Бұдан бұрын қол баспасымен безендіру болған, бұл бірнеше жүз жылдықтар бойы өмір сүріп келді және ХІХ ғасырда үлкен жетістікке жетті. Ескі орыс баспа суретін алифте қайнатылған майлы бояумен кенеп жүн және маталармен әшекейлеген.
Кенеп маталары балалар және үлкендер үшін жаздық киімінде таптырмайтын мата. Алайда олардың ассортименттері осы уақытқа дейін жеткілікті әртүрлі емес және кенеп маталарын шығару көлемі аса үлкен емес.
Матаны алудағы негізгі шикізат - талшықтары.
Талшық деп иілгіш, жіңішке және берік затты айтады. Мата өте жұқа өзара байланысқан жіптерден тоқылады. Әрбір жіп бірнеше иірілген жұқа талшықтардан турады.
Тоқыма талшық деп жіптерді, маталарды жасауға пайдаланатын талшықтарды айтамыз.
Талшықтардың түрлері: дара талшық және техникалық талшықтар болып бөлінеді.
Ұзына бойына ажыратылатын дара талшықтар деп (мақта, жүн), (зығыр, кендір) айтамыз.
Техникалық талшықтары бірнеше өрілген әрі ажырамайтын талшықтар саналады.
Практикалық жұмысының нұсқаулары:
А) кіріспе нұсқау: Киімдерді көбінесе мақта мен зығыр талшықтарынан дайындайды. Мақта мата мен зығыр матасының айырмашылығын ажырату керек.
Б) ағымдағы нұсқау; Мақта мата мен зығыр матасын ажырату мақсатында төмендегіше операцияларды орындаймыз.
1. Мақта мен зығыр талшықтарын лупа арқылы үлкейтіп, айырмашылығын тексер.
2. Оларды ұстап көріп, сырт көріністерін бір – бірімен салыстыр.
3. Жұмыс дәптеріңе төмендегі кестені сызып ал.
4. Талшықтардың айырмашылықтарын кестеге жазып толтыр.

Талшық түрлері ------------------- Сырт көрінісі ------------------ Ұстап көргенде
Зығыр
Мата

Қорытынды нұсқау: Кестені дұрыс толтырғандығын тексеру, оның қалай орындалғанын салыстыра отырып талдау жүргізу арқылы түзету.
Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысымын ескеріп, тест сұрақтарын не болмаса карточка арқылы бағалау, оқушының ынтасына да көңіл бөлген жөн.
Үй тапсырмасы: Матаның түрлері жөнінде біліп келу. Химиялық талшықтардан алынған мата түрлерін ата.
24 704
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Қазақтың ұлттық қоржынның жасалу технологиясы
Ата - бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету.
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақ көрпеше туралы жалпы түсінік. Құрақ құрау технологиясы
Құрақтың тарихына тоқталу, үлгісін даярлау, құрақтың тұрмысымыздағы алатын орны жайлы білім беру. Оқушылардың ұлттық бұйымдарға қызығушылығын арттыру, құрақтың түрлерімен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Қазақтың ұлттық киімі - қамзол
Қазақтың ұлттық киімі - қамзол
- Оқушыларға қамзол және оның түрлері жайлы мағлұмат беру, қамзолдың шығу тарихымен, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстыру. - Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, қызығушылықтарын, эстетикалық талғамын дамыту. - Оқушылардың ұлттық
Мататану негіздері. Мақта және зығыр маталары
Мататану негіздері. Мақта және зығыр маталары
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Матамен жұмыс істеу. Әр түрлі талшықты маталармен жұмыс істеу. Маталардың жіктелуі
Матамен жұмыс істеу. Әр түрлі талшықты маталармен жұмыс істеу. Маталардың жіктелуі
Атырау қаласы, пос. Жұмыскер Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Досаева Салтанат Уразқызы
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Әлжанова Роза Зейнуллақызы Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары. Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×