Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма

04 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: «Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма».
Сабақтың мақсаты:
• Ата – әжелерімізден ұмыт болып бара жатқан ұлттық қолөнердің түрлерін, қасиеттерін біліп үйрену.
• Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің шығу тарихымен таныстыру.
• Ұлттық ою - өрнектердің түрлерімен, қасиеттерімен, ырымдарымен танысу.
• Ұлттық ою - өрнектерді жаңғыртып жаңаша технологиялар мен бастырып тігуді үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:
• Тақтада ұлттық қолөнер туралы ұлағатты сөздер.
• Ұлттық ою - өрнектердің түрлері.
• Матадан ойылған ою - өрнектер панносы, ойылған өрнектер үлгілері.
• Оюларды оюға арналған шаблондар, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, желім, тігуге арналған ине, түрлі жіптер, бастырып тігуге арналған ширатпа жіптері. т. б.
• Музыкалық әуен.

Сабақтың барысы:
Жүргізуші:
- Сәлеметсіздер ме? Құрметті қонақтар, ата - аналар мен оқушылар! Бүгінгі біздің ашық есіктер «Қауымдағы ата - аналар қоғамымен бірлескен жұмыс» аясында өтетін «Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» атты іс - шарамызды бастамас бұрын сіздерді келе жатқан ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! Келе жатқан жаңа жылымыз елімізге құт береке әкелсін, молшылық болсын дегім келеді!
- Бүгінгі біздің «Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма» атты іс - шарамызға біздің ата - аналарымыз, ата - әжелеріміз қатысып отыр.
- Біздің сыныбымызда өнерлі бала өте көп, соның бірі - Әбіпбек Ғасыр деген дарынды баламыз өзінің атасынан қамшы өруді үйреніп, қамшының қасиеттерін білгісі келеп талпынып жүр. Қазір сіздердің алдарыңызда Ғасыр атасымен бірге өз өнерін көрсетіп қамшының қасиеттері туралы айтып береді.
Әліпбек Ғасыр ортаға шығып қамшының шығу тарихын айта отырып, қамшының алты өріммен өру технологиясын көрсетті.
Ғасырдың атасы қамшының ырымдық қасиеттерін айтып берді.

Жүргізуші:
- Рахмет сіздерге! Ата сізге де үлкен рахмет! Енді біздің оқушылар қамшының шығу тарихын, қасиеттері мен ырымдары туралы толықтай түсініп, өздерінің қамшы тоқуға қызығушылықтарын білдіріп отыр.
- Ал, енді біздің ұлттық қолөнері туралы Ақмаралдың әжесі Ақтүймеш әже өзінің қолданып жүрген өнерімен бөліскелі отыр.
Ақтүймеш әже:
- «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» - дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі – құрақ құрау. Халық өнері ғасырлар бойы әр түрлі болып өзгеріп, адам өмірі мен олардың тұрмысымен әлі күнге дейін баланысты болып келеді. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғасудың арқасында әрбір елдің шеберлері өздеріне тән ерекшеліктерімен тігудің сан түрлі әдістерін тұрмыстық бұйымдарға, көркемдеуді қоса білді.
- Ою өрнек халықтың өнердің ежелден келе жатқан бір түрі. Оның шығу тарихы тереңде. Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің тыныс - тіршілігіне, тұрмыс салтына орай өзгеріп, жетіліп отырған. Бүгінгі таңда халқымыздың ою - өрнек өнері қайта түлеп, бай мазмұнымен жаңа түр тауып, материалдық және рухани қазынамызға айналып отыр.
- Ал, енді сіздермен бірге осы ұлттық ою - өрнектердің бір түрін ойып көрейік. Сегіз бұрыш ою - өрнегін бүктеу арқылы оямыз. Сіздердің алдарыңызда түрлі – түсті қағаздар мен оюдың шаблоны бар, осы шаблонды пайдаланып оямыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 888
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Қазақтың ұлттық киімі - қамзол
Қазақтың ұлттық киімі - қамзол
- Оқушыларға қамзол және оның түрлері жайлы мағлұмат беру, қамзолдың шығу тарихымен, қамзолға қажет мата түрлерімен таныстыру. - Оқушылардың шығармашылығын, қолөнер шеберлігін, қызығушылықтарын, эстетикалық талғамын дамыту. - Оқушылардың ұлттық
Ою - өрнектер сыр шертеді
Ою - өрнектер сыр шертеді
Балаларды халық мәдениетіне үйрету, қазақ халқының әдет – ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру. Балалардың қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылық қабілетін дамыту
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Қазақ халқының ұлттық киім үлгілері
Конус пішінін жасау тәсілін меңгерту; ұлттық киімдерді конус пішінді үлгілер арқылы құрастыру тәсілін меңгерту;
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Орындаған: 4 сынып оқушысы: Ящук Анна Жоба жетекшісі: Байбатырова Г. М.
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×