Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық ою - өрнектері және аппликациялық кестесі

23 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
М. Тәжин атындағы орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Мусаева Бану Кенжалықызы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ою - өрнектері және аппликациялық кестесі»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды ою - өрнек, аппликация және олардың түрлерімен таныстырып, даму тарихынан мағлұмат беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды саналылыққа, ою және аппликация түрлерін ажырата білуге, еңбекті құрметтей білуге тәрбиелеу.
3. Дамыту: Ою - өрнектер түрлері туралы ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, аппликациялық кестесін тігу барысында шеберлік, икемділік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: аралас.
Көрнекілігі: «Ою - өрнек түрлері» плакат, ою шаблондары, ұлттық киім үлгілері, кестеленген ою түрлері т. б
Пәнаралық байланыс: сызу, геометрия, математика, тарих, орыс тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
(амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- үйге қандай тапсырма берілді?
- жиек тігістерінің қандай түрлері болады?
- әдіптеудің неше түрін білесіңдер? (кант, рамка)
- көмкерудің қандай түрлері қолданылады? (ашық, жабық)
- қайыру тігістерін ата? (ашық, жабық бүктеу, астары бар тігіс).

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Сонымен, киім тігу процесінде жиек тігістерінің маңызы өте зор. Қай киімді алып қарамасақ та, оның жиек тігістерінсіз бітуі мүмкін емес екен. Оның түрлерімен сарамандық бөлімде таныстыңыздар.

ІV. Жаңа сабақты хабарлау.
- Қазақтың өрнекті әшекейімен істелінетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою - өрнек өнері.
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Сондықтан көбінесе ою - өрнек деп қосарланып айтылады. Ою - өрнектерді ғылыми түрде зерттеудің басталғанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Бұл салада қазақ ғылымдары:
Ә. Марғұлан, Т. Бәсенов, Э. Масалов т. б түрлері, шығу тарихы туралы құнды деректер қалдырған.
- Қазақтың ою - өрнектері өте көп. Оның ішінде 200 дей түрі ғана зерттелген. Олар бір ұрпақтан 2 - ші ұрпаққа өту барысында көп өзгерістерге ұшырап отырған. Қазақтың ою - өрнектерін қарт шеберлер 2 - ге бөліп қарайды.
1. Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан оюлары.
2. Басқа халықтардан ауысқан жаңа ою - өрнектер.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, 3 түрлі ұғымды бейнелейді
1. Мал өсіру мен аңшылық
2. Жер - су, көшіп - қону көріністері
3. Заттардың сыртқы бейнесі.

Қазақтың оюларының ерекшелігі – мүйіз оюы үнемі араласып отырады.
- Руға байланысты – «Арғын, керей, найман» үлгілері
- Жерге байланысты – «Жетісу, алтай үлгілері»
Жалпы ою - өрнек атауларын мынадай топтарға жіктеуге болады.
Ою - өрнек атаулары:
• Құрт - құмырсқаға байланысты
• Қару құралдарға байланысты
• Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлемге байланысты
• Малдың дене мүшелеріне байланысты
• Геометриялық фигура тектес
• Құстарға байланысты
• Аңның дене мүшелеріне байланысты
• Жер, су, өсімдік бейнелі

Оюдың қайсы бір түсінің болмасын өзіндік символдық мәні бар. Мысалы:
1. Көк – аспан символы
2. Қызыл – от, күн.
3. Ақ – ақиқат, қуаныш, бақыт.
4. Сары – ақыл - парасат. Қайғы - мұң.
5. Қара – жер символы
6. Жасыл – жастық, көктем.
Сонымен қатар қазақ қол өнерінде аппликациялық кесте кеңінен қолданылады. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерді көп қолданылады. «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарауға болады.
1. Түрлі қағаздармен орындалатын аппликация
2. Әртүрлі мата, киіз, тері т. б қолданумен орындалатын аппликация
3. Табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде қолданылады. Яғни, киімдерді немесе үй бұйымдарын безендіру үшін бүтін матаға, мата қиықтарынан өрнек жабыстырып тігу. Кесте тігу үшін әртүрлі жіптер, инелер қажет. Сабақталған жіп 50 - 60см аспау қажет.

V. Сарамандық жұмыс.
Сарамандық жұмысты қауіпсіздік ережелерін еске түсіруден бастаймыз.
 Инені арнайы қобдишада сақтау керек.
 Қайшының ұш жағын жоғары көтерме.
 Инені тістеп отыруға болмайды.
 Қайшыны көршіңе ұсынғанда, ұстайтын жағымен беру керек.

Ас үйге арналған тұтқыш тігу технологиясы
• Тұтқыштың сыртқы пішінін және оған түсетін ою - өрнектің суретін салу
(әр оқушының өз ойлау қиялына байланысты әртүрлі)
• Сурет бойынша шаблон дайындау.
• Тұтқыштың екі жағын және таңдаған ою - өрнекті шаблон бойынша пішу.
• Ою - өрнектің орналасуын қадағалау, түс үйлесімділігін үйлестіру.
• Тұтқыштың бір қабатына ою - өрнекті симметриялы көктеп, жиегін
көмкеріп тігу.
• Тұтқыштың жиегін айналдыра тігу, әшекейлеу.
• Ылғалды - жылулық өңдеу.

VІ. Жаңа сабақты бекіту.
- Ою - өрнектердің қандай түрлері болады?
- Қандай топтарға жіктеледі?
- Түстердің маңызы қандай?
- Аппликация дегеніміз не және оның қандай түрлерін білесіңдер?
- Бүгінгі сабақта қандай аппликация түрін жасауды үйрендік?
VІІ. Қорытынды бөлім.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау.
- Келесі сабақ осы сабақтың жалғасы, сондықтан, осы құралдарыңызды алып келесіздер.
7 678
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ою - өрнектері
Қазақтың ою - өрнектері
Қазақтың ою - өрнектері туралы түсінік беру. Халық шеберлерінің еңбектеріне құрметпен қарауға, ұлттық салт - дәстүрді жалғастыруға тәрбиелеу.
Өрнек түрі
Өрнек түрі
Ұлттық сәндік қолданбалы өнер, ою - өрнектердің түрлері мен қолданылуы және бейнеленуіндегі композициялық заңдылықтар туралы мағлұмат беру.
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің технология пәні мұғалімі Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Аппликация
Аппликация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Ою-өрнек түрлері
Ою-өрнек түрлері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Ұлттық бас киімдердің ою - өрнектері
Ұлттық бас киімдердің ою - өрнектері
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәні мұғалімі Мыңжасарова Меруерт Абдыхадырқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×